Accessibility links

Қырымдағы жағдай неліктен Ресейдің көршілерін алаңдатады?


Украинаны жақтаған шеруде тұрған қырым татарлары. Украина, 14 наурыз 2014 жыл.

Украинаны жақтаған шеруде тұрған қырым татарлары. Украина, 14 наурыз 2014 жыл.

Америкалық NPR орыс тілді тұрғындардың құқығын сылтау етіп Қырымды Ресейге қосып алған Путиннің әрекеті көршілес елдерге қалай әсер еткенін сипаттайды.

Апта басында Қырымды қосып алғанын жариялаған Ресей президенті Владимир Путин бұл өңірдегі көптеген орыстілді тұрғынның мүддесін ескере отырып осы қадамға амалсыз барғанын және мұның қажеттіліктен туындағанын айтты.

Іс жүзінде мұндай орыстілді халықтың қалың шоғыры бұрынғы Совет Одағының барлық бөліктерінде бар. Бұл өңірлерде жергілікті халық пен өз отандарынан көшіп барған орыстар аралас өмір сүреді. Бұл орыстардың көбі – бөлінуге ұмтылады-ау деген одақтастардың этностық құрамын өзгерту мақсатында совет заманында жүргізілген саясаттың арқасында көшірілгендер.

Демек, Қырымның үлгісімен этностық орыстарды қорғауды желеу етіп басып кіретін прецедент қалыптасты. Әріге бармай-ақ 2008 жылы Грузияның бөлініп кеткен Оңтүстік Осетияның Ресей армиясының көмегімен Грузияға бағынбай қалғанын айтсақ та жеткілікті.

Бұл жағдай тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп жатқан бұрынғы Совет республикаларын қаншалықты қобалжытады? Төрт түрлі аймақтағы жағдайды жеке-жеке талдап көрейік.

ЕУРООДАҚПЕН ШЕКТЕС ЕЛДЕР

Балтық мемлекеттерінен оңтүстікке қарай орналасқан елдер – Украина, Беларусь және Молдовада орыстар көп тұрады.

Халқының 8 пайызы орыс Беларусь Мәскеумен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Бұрынғы Совет Одағы елдеріндегі орыстілді тұрғындар үлесін көрсеткен карта.

Бұрынғы Совет Одағы елдеріндегі орыстілді тұрғындар үлесін көрсеткен карта.

Бұл ел Қазақстанмен бірлесіп Ресейдің «Еуразия одағы» деп аталатын сауда блогына кіруге ниет танытып отыр. The Guardian басылымының жазуынша, Путин бұл ұйымды «Еуропа Одағы сияқты егемен елдердің күшті мемлекетаралық альянсына айналдыруды» армандайды.

Ал Молдовада орыстар бұдан аз, олар жалпы халықтың 6 пайызын құрайды. Олар көбіне Молдовадан бөлініп шығуды көздейтін Приднестровье автономиялық аймағында тұрады. «Мұндағы ахуал Украинаның Қырым автономиясындағы жағдайға қатты ұқсайды» деп жазады International Business Times басылымы.

Ресейдің 2 мыңға жуық сарбазы Приднестровье аймағында ресейшіл сепаратистер мен Молдова үкіметінің арасында қақтығыс басталып кетпеуін қадағалап отыр. Бұл аймақ Ресеймен емес, Украинамен шектесетініне қарамастан, Киевтегі тұрақсыздық және Приднесровьенің Қырымға, Қара теңізге жақындығы Молдованы қатты алаңдатып отыр.

Оның үстіне Қырым дауы шыққан кезде Приднестровье парламенті бұл аймақтың тұрғындарына Ресей азаматтығын беруді, өңірді Ресей құрамына алуды өтініп Мәскеуге қолқа салды.

БАЛТЫҚ ЕЛДЕРІ

Латвия мен Эстонияда орыстар көп тұрады. Латвиядағы 2 миллион халықтың 27 пайыздайы, ал Эстониядағы 1,3 миллион адамның 25 пайызы – орыстар. The Украина шерушілеріне Латвияда қолдау көрсетіп тұрған адам. Рига, 24 қаңтар 2014 жыл.

Украина шерушілеріне Латвияда қолдау көрсетіп тұрған адам. Рига, 24 қаңтар 2014 жыл.

Telegraph газетінің жазуынша, орыстар Латвияға Совет Одағы тұсында көшіп келген, қоғамдық және саяси тұрғыда маңызды орындарға ие болған.

«Бірақ коммунизм құлағалы бері жергілікті ұлт айқын үстемдік алды. Мұнда орыс тілінің орнына латыш тілі мемлекеттік тілге айналды, Литва және Эстониямен бірге жаңадан мүшелікке өтсе де, Латвия НАТО-ның ең мықты қолдаушыларының бірі болып отыр» деп жазады аталған басылым.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, [Путиннің] Украинадағы өз әрекеттерін «ондағы орыстілді халықты қорғау» деп түсіндіргенінен әсіресе Латвия мен Эстония қатты секемденеді.

«Балтық бойындағы үш ел де НАТО-ның құрамына өткен, ал Литва келесі жылы соңғы болып еуро аймағына кірмек. Бірақ бұл шағын елдер энергетикалық тұрғыдан Ресейге тәуелді әрі олар бұл елмен тығыз сауда қарым-қатынасын орнатқан» деп жазады Reuters.

«Өткен аптаның соңында ресейшіл күштер Қырымды қоршап жатқан тұста Мәскеудің [Латвиядағы] елшісі тіпті үрейлі мәлімдеме жасады. Ол "кедейліктен құтқару үшін" Латвиядағы орыс ұлты өкілдеріне Ресей паспорттарын беріп, оларға зейнетақы төлейтінін айтты» деп жазады The Telegraph.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

Халқының үштен бірін орыс ұлтының өкілдері құрайтын Қазақстан – Кремльдің ең жақын одақтастарының бірі.

«Ол – Мәскеудің стратегиялық әріптесі, екі ел тұрақты түрде бірлескен әскери Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы әрекетіне наразылық білдіріп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл.

Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы әрекетіне наразылық білдіріп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл.

жаттығулар өткізіп тұрады. Олардың арасында тығыз сауда қарым-қатынасы орнаған, сонымен қатар ортақ нарық қалыпастыруға ниеттеніп жатыр» деп жазады ВВС. Басылымның пікірінше, екі ел арасындағы қарым-қатынасты АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы байланыспен салыстыруға болады.

«Бірақ Ресейдің Қырымдағы әскери операциялары қазақтарды қобалжытты. Олар «украин сценарийі біздің елде де қайталануы мүмкін» деп үрейленеді» дейді ВВС.

Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай облысы тұрғындарының жартысына жуығы – орыс, шығысқа қарай «қазақтардан гөрі орыстардың саны көбірек» делінген ВВС хабарында.

Reuters агенттігі таратқан хабарға қарағанда, дүйсенбі күні (наурыздың 17-сінде – ред.) Қазақстанның ресейшіл президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Қырымдағы жағдайға байланысты шешіміне «түсіністікпен қарайтынын» айтқан. «Көпшілік мұны мұқият ойланып барып айтылған сөз ретінде қабылдады» деп жазады Thе Washington Post.

Халқының 12 пайызын орыстар құрайтын Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев та – Кремльге бүйрегі бұрып тұратын басшы. Бірақ өз жерінде Ресейдің әскери базасы мен АҚШ-тың әуе базасын орналастыру арқылы бұл ел осы кезге дейін Шығыс пен Батыс арасында тепе-теңдік ұстап келді. Енді бұл тепе-теңдік бұзылатын сияқты.

Аймақтағы жағдайды сараптайтын The Тransitions Online блогы былай деп жазады:

«Ресей мен АҚШ-тың әуе базалары Қырғызстанда он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген. Алайда биыл шілдеде АҚШ әскери базасы жабылмақ. Қазіргі президент 2011 жылдың соңында билікке келе сала осындай шешім қабылдаған. Парламент бұл шешімді 2013 жылы маусымда мақұлдады. Бұл Мәскеудің қысымымен қабылданған шешім деген болжам бар.

Қырғызстандағы көп жұртшылық АҚШ әуе базасының жабылатынын естігенде бұл шешімге қолдау білдірген. Бірақ Ресейдің «орыстарды қорғаймыз» деген желеумен Қырымға басып кіруі оларды қатты қобалжытты, олар тіпті америкалықтардың кетуіне қатысты көзқарастарын өзгертті».

КАВКАЗ

Орыс ұлты өкілдері аз тұратынына қарамастан, Кавказ – Кремльдің назарына көп іліккен аймақ. Шешенстан Мәскеумен арадағы қанды сепаратистік қақтығыс Цхинвалиде қирап жатқан грузин танкі. Оңтүстік Осетия.

Цхинвалиде қирап жатқан грузин танкі. Оңтүстік Осетия.

ошағы болған. 2008 жылы Ресейдің араласуымен Оңтүстік Осетия аймағы Грузияға бағынбай қалған.

1992-93 жылдары Грузиядан бөлініп кеткен Абхазиядағы азамат соғысы кезінде грузин үкіметінің жасақтары «Ресейден келген әрі Ресей мемлекеті қолдау білдірген Солтүстік Кавказ және абхаз жасақтарына қарсы тұрды. Ресей оларға қару-жарақ беріп, сарбаздарын жаттықтырды әрі грузиндердің нысаналарына қарсы әуе шабуылдарын ұйымдастырды» (Thе Washington Post дерегі – ред.).

Қырымдағы жағдай Әзербайжанды да қобалжытқаны айқын дейді Әзербайжан әлеуметтік зерттеулер қауымдастығының директоры Аваз Гасанов The Moscow Times басылымына берген сұхбатында.

«Қырым Ресейге қосылған жағдайда Қырым татарларының тағдыры не болатыны әлі де беймәлім. Біз Қырым халқының референдум өткізу ниетіне қарсы емеспіз, тек оны ұйымдастыру әдістеріне қарсымыз. Референдумды асығыс өткізу және аймақта Ресей әскерінің болуы дұрыс емес» дейді А.Гасанов.

NPR (National Public Radio) сайтында жарияланған Скотт Ньюманның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG