Accessibility links

Ресейдің саясаты – ескі, амалы – жаңа


Украинаның Кеден Одағына кіруіне қарсы белсенділер Путиннің Киевке сапары қарсаңында қарсылық акциясын өткізіп тұр. Киев, 12 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның Кеден Одағына кіруіне қарсы белсенділер Путиннің Киевке сапары қарсаңында қарсылық акциясын өткізіп тұр. Киев, 12 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Көрші елдерге күш көрсету – Ресейдің Совет Одағы тарағалы бері пайдаланып келе жатқан ісі. Бірақ қазір Мәскеудің көршілері Еуропаның көмегіне сүйеніп, қарымтасын қайтара алады.

Бұрынғы одақтас республика Еуропаға жақындамаққа ұмтылады, ал Мәскеу бұған жанталаса қарсыласады. Кремльдің астыртын қолдауына сүйенген, орыстар көп қоныстанған қала республика құрамынан бөлініп шығуға ниет танытады, бұл қақтығыс қаупін арттырады. Мәскеудегі ресми тұлғалар көрші елдегі орыстілділердің құқықтарын қорғауға ұмтылады.

Бұл - 2013 жылғы Украина ма, әлде Молдова ма? Екеуі де емес. Бұл сценарий Совет Одағы тарағанына екі жыл толғанда, 1993 жылы жазда Эстонияның Нарва қаласында пайдаланылған. Ол кезде бәрі бейбіт жолмен аяқталған. Бұл күнде қолдарына Еуропа Одағының паспортын ұстаған Нарва тұрғындары ол кездегідей алаңдаулы емес.

Украина, Армения және Молдованың Еуропа одағымен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюына Ресейдің кедергі келтірмек болып жанталасуы Мәскеудің көрші елдерді қандай жолмен болса да өз ықпалынан шығармауды көздеген қысымын тағы да еске салды.

Осыдан 20 жыл бұрынғы Эстониядағы тұтанбай жатып сөндірілген жанжалдан бері Ресейдің сценариі мүлдем жаңармаған сыңайлы. 1991 жылы Совет Одағы тарағалы бері Ресей бұрынғы отарларына қысастық жасаумен келеді – бірде Грузия мен Молдовадағы кикілжің тудырса, бірде Балтық елдері мен Украинадағы орыстілді тұрғындарға дем береді.

«РЕСЕЙДІҢ САЯСАТЫ ЕМЕС, ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ»

Мәскеудің «жақын шетелдегі» көршілеріне қатысты саясаты сол күйі қалғанымен, пост-советтік аймақтағы ойын ережесі түбірімен өзгерген дейді сарапшылар. Батыс, соның ішінде Еуропа Одағы белсенділік танытып келеді. Мәскеу өз мүддесін қорғауға барынша тырысып бақса, көрші елдер барған сайын батыл әрекет етіп, тәуелсіз саясатқа ұмтылып жатыр.

Бұрындары НАТО-да жауапты қызмет атқарған, қазір Ұлыбританиядағы Арменияның Ресей бастаған Кеден Одағына енуіне қарсы шеру. Ереван, 4 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Арменияның Ресей бастаған Кеден Одағына енуіне қарсы шеру. Ереван, 4 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

халықаралық саяси зерттеу орталығы – Chatham House-тың Ресей және Еуразия бағдарламасының зерттеушісі Джон Лофтың айтуынша, бұл жағдай пост-советтік аймақтың Мәскеу мен Батыс арасындағы тайталас ошағына айналып келе жатқанын дәлелдейді.

– Меніңше, Ресей барған сайын айқын қадамдар жасап жатыр. Ал оның айналасындағы елдер бұрынғыдан күшейе түскен, – дейді ол.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің аймақтағы елдерге күш көрсету әрекеттері Еуропа Одағын Украина мен Молдоваға қамқор бола түсуге итермелеген. Ресей мұнда бойкот, сауда соғысы, саяси ұпай жинау үшін энергетика саласын пайдалану, орыстілді азшылық арасына іріткі салу әдістерін қолданды.

Ұлыбританияда шығатын The Economist журналының халықаралық редакторы, «Қулық: Тыңшылық, өтірік және Ресей Батысты қалай алдайды?» (Deception: Spies, Lies, and How Russia Dupes the West) кітабының авторы, Кремль саясатын зерттеуші Эдуард Лукастың айтуынша, «Еуропа Одағы өзі қаласын, қаламасын, Ресеймен геосаяси қақтығыста тұрғанына көз жеткізіп, сабақ алып отыр».
Бұл – екіойлы болып жүргендер не Еуропа Одағы жағына, не Ресей жағына шығатын, бір тарап жеңіліс табатын ойын.

– Бұған дейін Еуропа Одағы «Екі арада екі жаққа да пайда келтіретін жайттар көп, егер Ресеймен жылы сөйлессек, бәрі жақсы болады» деп аңғалдық танытып келген. Шын мәнісінде олай емес. Негізінде бұл – екіойлы болып жүргендер не Еуропа Одағы жағына, не Ресей жағына шығатын, бір тарап жеңіліс табатын ойын. Меніңше, бұдан былай Еуропа Одағы бұрынғыдан да ширақ күресуі керек, – дейді Эдуард Лукас.

Оның сөзінше, Совет Одағының елесі көмескіленіп, бұрынғы одақтас республикалар егемендіктің дәмін тата бастағандықтан, олардың Ресейдің әлімжеттігіне қарсы тұратын ерік-жігері жеткілікті. Бұған Еуропаның ықпалы аз емес.

– Бұл мемлекеттерде Батыс мықтап орныққан, әрі ұлттық сана-сезім оянған. Беларусь пен шығыс Украина тұрғындары қазір нағыз тәуелсіз елде тұрып Сарапшы Эдуард Лукас.

Сарапшы Эдуард Лукас.

жатқандарын сезінеді. 1990 жылдардың басында олар Совет Одағы тарады дегенге сенбей жүрген. Бұл елдерде ұлттық бірегейлік күшейе түскен, – дейді Эдуард Лукас.

Оның айтуынша, пост-советтік елдердің сыртқы саудасы «тұтасымен» Батысқа бет бұрып, «Еуропаның өз ықпалын арттыруына берік негіз қалады».

«МӘСКЕУДІҢ КӨЗІРІ»

Бірақ Мәскеудің қолында әлі де «көзір карталар» бар. Ресей мен бұрынғы одақтас көршілердің саяси және бизнес элитасының арасында байланыс әлі де мығым. Сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған елдерде көпшілік Еуропамен интеграцияның жаңалығы – бизнес жүргізудің ашық моделінен гөрі советтік стильдегі кландық тәсілді қолайлы көреді.

– Ресей бұл елдердің көпшілігі бизнес жүргізудің өздерінде бар ескі тәсілін құптайтынын, әрі бұл елдердің саяси және бизнес элитасындағы адамдардың Ресейдегідей әрекет ете беруге құлықты екенін біліп отыр, – дейді Джон Лоф.

Бірақ, сарапшының айтуынша, бұл элиталардың өзі «Мәскеудің диктатына» қарсы тұруға қауқарлы, сондықтан Кремль тым қатты кетсе, олар іргені аулақ салуға әзір. Біреулері "Ресейдің қорқынышты ұсынысын» қазірдің өзінде байқап қойған" дейді сарапшы.

Ал Ресей қарашада Литва астанасы Вильнюсте өтетін саммитте Украина, Молдова және Арменияға Еуропа Одағымен арадағы ынтымақтастық келісіміне қол қойдырмау үшін әрекеттеніп жатқан сыңайлы. Мәскеу бұл елдерді Ресейдің ықпалындағы, Беларусь пен Қазақстан да кіретін Кеден Одағына қосылуға итермелейді. Брюссельдің айтуынша, бұл елдер Еуропа Одағымен ынтымақтастық келісіміне қол қойған соң Кеден Одағына мүше болу мүмкін болмай қалады.

АРМЕНИЯ КӨНДІ, УКРАИНА КӨНБЕДІ

Ресей ең болмағанда Арменияны өз жағына тартқан сыңайлы. Қыркүйектің 3-інде Армения президенті Серж Саргсян Еуропа Одағымен ынтымақтастық келісіміне қол қою бағытында жасалған жылдар бойғы еңбекті зая кетіріп, өз елінің Кеден Одағына мүшелікке өтетінін жариялады.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей Арменияға көрсетілетін әскери көмекті Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 3 қыркүйек 2013 жыл.

Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. 3 қыркүйек 2013 жыл.

тоқтатамын деп қорқытқан соң Армения оның дегеніне көнуге мәжбүр болған. Армения Ресейдің «қалқанынан» айырылған жағдайда Әзірбайжанның алдында әлсіреп қаламын деп үрейленген тәрізді.

Бұл жөнінде «Темір перде: Шығыс Еуропаның күйреуі, 1945-56» (Iron Curtain: The Crushing of Eastern Europe, 1945-56) кітабының авторы Энн Эпплбаум Slate.com сайтына жазған комментарийінде: «Армяндар орыс ишарасын түсінді. Егер олар Еуропамен сауда келісіміне қол қойса, Мәскеу олардың қарсыластарына көбірек қару сатып, Ресейде жүрген армяндарды қуып шығар еді» дейді.

Арменияны көндірген Ресей украин тауарларына бойкот жариялап, «газ бағасын өсіреміз» деп қоқан-лоқы жасап, «сауда соғысын бастаймын, банкротқа ұшыратамын» деп қорқытса да, Украинаны иліктіре алмай жатыр. 21 қыркүйекте Ресей президентінің бас кеңесшісі Сергей Глазьев «егер Украина Ынтымақтастық келісіміне қол қойса, онда елдің шығыс және оңтүстік бөлігі Украина құрамынан бөлініп шығу жөнінде мәселе көтеруі мүмкін» деді. Бірақ Глазьевтің Ялтада өткен конференцияда айтқан осы пікіріне жиналған жұрт ысқырып, айқайлап наразылық білдірді.

Кремль кеңесшісінің пікіріне жауап берген Украинаның бұрынғы сауда министрі Петр Порошенко ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында:

– Ел тарихында алғаш рет Украина халқының 50 пайыздан астамы Еуропамен Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 27 шілде 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 27 шілде 2013 жыл.

интеграцияны жақтады, ал «Ресеймен жақындасу керек» дейтіндердің үлесі 30 пайызға жетпейді. Ақылыңызға рахмет, Глазьев мырза! – деді.

Еуропа Одағына қарай бет бұрып, Мәскеуге қырын қарау саясатын 2010 жылдың ақпанында «Ресеймен байланысты жақсартамыз» деген ұстанымның арқасында жеңіске жеткен президент Виктор Янукович басқарып отырғаны белгілі.

Украинаның шығысындағы бір кездері әсірересейшіл болып келген ықпалды орыстілді олигархтар енді Еуропа Одағына қарай қадам жасауды құптай бастады.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей Украинамен арадағы терең тарихи байланыстың кесірінен кейде артық кетіп жатады.

– Ресей үшін Украинамен әріптес болу – аса қиын шаруа. Себебі мұнда эмоция басым, сезім пен ақыл бір-біріне кереғар әрекеттерге барып жатыр. Содан олар өз дегендеріне қайшы келетін саясатқа мойынсұнуға мәжбүр, бұл Украинаны алшақтатып барады, – дейді Джон Лоф.

«МОЛДОВА ҚЫСЫМҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАДЫ»

Ресейдің Молдованы Еуропа Одағымен ынтымақтастық келісіміне қол қою ойынан айныту әрекеттері де нәтиже берер емес. 11 қыркүйекте Ресей санитарлық сылтауларды алға тартып, Молдова шарабы мен спиртіне шек қойды.

Бұған жауап ретінде Еуропа Одағының ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Дачиан Чолош Молдова шарабының импортына қойылған барлық шектеулерді алып тастауға шақырды.

Молдованың сыртқы істер министрі Наталья Герман Азаттыққа берген сұхбатында:

– Ресейдің қысымына төтеп беруге Кишиневтің күші жетеді. Себебі бұл біздің Еуропа Одағымен байланысымызды нығайта түседі, – деп мәлімдеді.

Алайда сарапшылар Еуропа Одағының Вильнюстегі Шығыспен әріптестік саммиті өткенге дейінгі екі ай мерзім ішінде Ресей Украина мен Молдоваға күш көрсете береді деп болжайды.

– Біз операның өзін емес, тек увертюрасын ғана тамашалап отырмыз. Бұл елдерде тұратын халық Ресейдің бұдан зорғыға бара алатынын біледі. Егер итіңіз сізге қарап ырылдаса, одан қорқу үшін иттің қауып алуын күту міндетті емес, – дейді Эдуард Лукас.

Брайан Уайтмордың материалын ағылшын тілінен аударған - Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG