Accessibility links

Осы аптада Ресейдің "Финанс" журналында елдегі ең бай адамдардың тізімі жарияланды. Онда назар аудартқан мәселе – қаржы алпауыты делінген байлардың, дәулеті ортайып, тізімнің соңына түсуі болды. Енді Ресейдегі сондай олигархтар мемлекеттен қолдау іздейді. Бірақ Кремль өзіне адал миллиардерлерге ғана көмек қолын созуы мүмкін.

Журналдың жазуынша, дәулеті тасыған 10 ресейлік өздерінің үштен екі байлығын елдегі қаржы дағдарысынан жоғалтқан.

Өткен жылғы миллиардерлер тізімін 40 млд доллар байлығымен бастап тұрған іскер олигарх Олег Дерипаска 85 пайыз байлығын жоғалтып, осы жылы сегізінші орынға түсіп қалған.
Энергетика, құрылыс және метал компаниялары сынды әр саладан ақша жасап жүрген Дерипасканың байлығының азаюы - Батыс банкілеінен өзі қайтара алатын мүмкіндігінен жоғары несие алған соң болып отыр.

Десе де, сарапшы Владимир Прибыловский қазірдің өзінде Дерипаска өзінің шетелдік банктерге қарызынан құтылу үшін Ресейдің мемлекеттік “Внешэкономбанкінен” 4,5 млд доллар несие алғанына тоқталады:

“Бұл сізді таңқалдыруы мүмкін, бірақ Олег Дерипасканы мемлекет қорғап отыр. Бәлкім оны "Финанстағы" тізімнен табу қиын шығар. Алайда ол биліктен несие уәде етілген, мүмкін берілген адамның бірі. Қазір оның қарызы өте көп. Мен оның 5 млд доллары бар дегенді көріп таңқалып отырмын, себебі оның байлығынан қарызы айтарлықтай көбірек.”

Бұл тұста Дерипаска сияқты басқа да олигархтар мемлекет қолдауына ие бола ала ма деген сауал туып отыр.
Ресей байларының тізімі және олардың қаржы дағдарысындағы әрекеттері билік пен миллиардерлер арасындағы байланыстарды қиындатып жіберді.

Сарапшы Прибыловскийдің айтуынша, мемлекеттік ресмилер қорғалуға кіретін қаржы алпауыттарының тізімін жасады. Ол тізімнің басында тұрғандар билікке ең жақын олигархтар сияқты дейді сарапшы:

“Мемлекет олардың алдағы адалдығына кепілдік жасап жатыр. Олигархтар өздерінің бұрынғы жақындығына жауап ретінде Кремлдің жақсы қарауына ие болып отыр. Қазір олар алдыңғы жасаған қызметтері үшін үлестерін алуда. Менің пікірімше, олардың көбі дағдарысқа тап болғаннан гөрі тіпті бай болып шығады. Оларға әрбір нәрсе тіпті мұнайдың бағасының түсуі де пайда әкеліп жатыр. Олар бәрінен аман шығады. Тек қалған біздер ғана дағдарыстан құтылмауымыз мүмкін”.

Ресейлік қаржы алпауыттарының біразы мемлекетпен бейбіт байланыста қалу үшін шетелден оралғанды дұрыс көрген.
Соның бірі ұзақ жылдар Британияда тұрған, Чукотка облысының бұрынғы басшысы, қазірде Челси футбол клубының қожайыны Роман Абрамович.

Экономист сарапшы Владимир Прибыловскийдің айтуынша, "Сибнефтті" мемлекеттік газ компаниясы "Газпромға" толығымен 13,7 млд долларға сатқан Абрамович өзінің несиелерін өтеу үшін ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру қорынан қосымша 1,8 млд доллар алған олигархтың тағы бірі:

“Сізге шындығын айтар болсам, Абрамовичке дағдарыс әсер етіп жатқан жоқ. Іс жүзінде ол "Сибнефтті" мемлекеттік компанияға сатып, көп көлемде қаржыға ие болды. Абрамович "Металинвесттің" магнаты Алишер Усманов сияқты Кремлдегі Медведев маңындағы топтармен байланысы бар адам”.
XS
SM
MD
LG