Accessibility links

Ресейде шерушілер есебі де – саясат


Журналист, жазушы Дмитрий Быков билікке қарсы шеруге қатысып тұр. Мәскеу, 4 ақпан 2012 жыл.
Журналист, жазушы Дмитрий Быков билікке қарсы шеруге қатысып тұр. Мәскеу, 4 ақпан 2012 жыл.

«Мәскеуде өткен сенбіде, ақпанның 4-інде режимді жақтағандар мен Путинге қарсылар текетіресінен нендей қорытынды жасадыңыз?» деп әлдекімнен сұрасаңыз, оның жауабы сіздің кімнен (билікті жақтаушыдан немесе оппозицияны қолдаушыдан) сұрағаныңызға байланысты.


Президентікке кандидат болған премьер-министр Владимир Путинді биліктен кетіруге тырысып жатқан оппозиция үшін он мыңдаған адамның аязға қарамастан Мәскеудің ортасына жиналуы – қарсылық қозғалысының күшейіп бара жатқанын білдірді.

БИЛІК ПЕН ОППОЗИЦИЯНЫҢ ЕСЕБІ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

Алайда Путиннің өкілі Дмитрий Песков ақпанның 6-сы күні «Комсомольская правдаға» берген сұқбатында режимді қолдаған шеруге басқаша сипат берді.

– Кешегі біз куә болған Поклонная гора жотасындағы қолдау шеруі мен әлеуметтанушылардың зерттеулері алдағы президент сайлауының бірінші бөлімінен хабар беріп тұр, – дейді ол.

Полицияның мәліметі бойынша, өткен сенбіде Путинді қолдап шыққандардың саны – 138 мың адам. Оппозицияның есебінше, олар 80-100 мыңнан аспаған.

Полиция «билікке қарсы шерушілер 40 мың адам болды» деп мәлімдесе, оппозиция басшысы Владимир Рыжков ереуілге 120 мың адам жиналды дейді.

Азаттық радиосының тілшілері Поклонная горада Путинді қолдағандар саны полиция айтқандай 138 мың емес, 15 мыңдай ғана деп хабарлады.

Полиция 2011 жылы желтоқсанның 10-ында да оппозициялық шеруге келгендердің саны 25 мың деп мәлімдеген еді. Ал тәуелсіз бақылаушылар жиналған халық саны 70 мыңнан асып жығылды деген.

«ПУТИНДІ ҚОЛДАСАҢ – 500 РУБЛЬ»

Поклонная гора жотасында билікті қолдаушылар шеруін ұйымдастырғандар Азаттық радиосы орыс қызметінің тілшісі Ирина Чевтаеваға да келіп, осы митингіге қатысқаны үшін 500 рубль (16 доллар) береміз уәде еткен. Журналисті автобустағы 67 адаммен бірге жиналысқа алып келіп, «Дүрбелеңге жол жоқ! Путин жасасын!» және «Қызыл-сары «измге» жол бермейміз!» деген жазулары, бар плакаттарды қолдарына ұстатқан.

Өзін «Максим» деп таныстырған бір жігіт Чевтаеваға ақыл-кеңесін айтып, шеруге жылы киініп, паспортын алып келуі керегін, тәртіп бұзбауға тиіс екенін айтқан.

Шерушілерге ақша бергені жайлы бейнекөріністер интернетте де жүр. You Tubе сайтындағы бір клипте режимді жақтап митингіге шыққандарға 1000 рубльден (33 АҚШ доллары) таратып жүрген адам бейнеленген.



Оған сенбі күні мемлекеттік мекемелерде шеру мәселесі бойынша ары-бері жүгіріс көбейіп, ақпар беру жұмыстары қаптап кетті. Мектеп мұғалімдері, басқа да әлеуметтік мекеме қызметшілеріне «бастықтарының бұйрықтарын бұлжытпай орындасын» деген тапсырма келді. Бағынбаған жағдайда жұмысынан айрылады.

Балалар орталығының директоры Елена Травина «Новая газета» газетіне берген сұқбатында:

– Мен қол астымда істейтін сегіз ұстазға Путинді қолдау митингісіне барыңдар деп бұйырмағаным үшін жұмыстан босатылдым, – дейді.

Путиннің өкілі Дмитрий Песков «Комсомольская правда» газетіне берген
Путиннің өкілі Дмитрий Песков. 25 қыркүйек 2011 жыл.
Путиннің өкілі Дмитрий Песков. 25 қыркүйек 2011 жыл.
сұқбатында мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды.

– Сіз қазір ешкімді де митингіге күштеп апара алмайсыз. Ол мүмкін емес. Сіз біреуге «митингіге барасың ба» деп өтініш қана айта аласыз. Егер олар барғысы келмесе, бармайды, – дейді Дмитрий Песков.

ПИҒЫЛДЫ СЕЗУ

Мемлекеттің бақылауындағы телеарналар эфирден екі жақтың да ереуілін көрсеткенімен, полицияның берген санағын сол күйі хабарлады.

Бірақ Кремль қызметкерлерінің өзі статистикалық есептердің бұрмаланғанын мойындады. Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты путиншіл саяси сарапшы Сергей Марков 4 ақпан күні «Интерфакске» полицияның Путинді қолдағандар санын көбейтіп, оппозицияны керісінше азайтып, жалған ақпарат бергенін растады.

Азатық тілшісіне 5 ақпанда сұқбат берген оппозиционер Владимир Рыжков «жұртты сергелдеңге салып жатыр» деп билікті айыптады.

– Меніңше Путин саяси реформа туралы талқылаудың кез-келген түрін тоқтатып
Оппозиция өкілі Владимир Рыжков. Мәскеу, 26 қаңтар 2012 жыл.
Оппозиция өкілі Владимир Рыжков. Мәскеу, 26 қаңтар 2012 жыл.
тастағысы келеді. Мақұл, солай-ақ болсын. Сіз реформа жасауды қаламайды екенсіз. Алайда мұнда реформа жасауды қалайтын адамдардың саны сізден әлдеқайда көп қой, - дейді ол.

Рыжков «кеше митингіні ұйымдастыру комитетінде жұмыс жасайтын жігіттердің талайының аязда көшеге шығып, қарсылық көрсеткен халықты көріп, қатты қуанғанын» ескерте келе, «бірақ бүгін көңілім бұзылып тұрғанын» айтты.

– Өйткені Путин «Дәметпей-ақ қойыңдар. Ешқанда әділ сайлау да, саяси реформа да болмайды!» деген пиғылын білдірді, – дейді оппозиция лидері Владимир Рыжков.
XS
SM
MD
LG