Accessibility links

Кремль Орталық Азиядағы ықпалын жоғалтқысы келмейді


ТМД елдері басшылары Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы саммитінде. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл.
ТМД елдері басшылары Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы саммитінде. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Stratfor («Стрэтфор») ақпараттық барлау ұйымы ақпанның 13-і күні Ресейдің Орталық Азияға жүргізіп отырған жан-жақты ықпалы туралы сараптама жариялады.


Ұйымның жазуынша, осы аймақтағы бес ел - Ресейді ислам әлемінен сақтап тұратын буфер, оған қоса энергетикалық және экономикалық жағынан Мәскеудің тиімді әріптестері.

Олардың ішінде ерекше жақын қарым-қатынас жасайтын Қазақстан мен Беларусь Ресеймен бірге Кеден одағына кірді.

Түркіменстан мүмкін болғанша іргесін Ресейден аулақ салуға тырысып жатыр.

Өзбекстан да Ресейдің ұмтылысына мейлінше ыңғай бергісі жоқ.

Қырғызстан мен Тәжікстан, керісінше, Ресеймен одақтас болуға пейілді. Алайда бұл екі елдің тұрақсыздығы Мәскеу үшін уайымға айналар түрі бар деп жазады Stratfor сарапшылары.

ӨЗБЕКСТАН

Өзбекстан - әлемдегі ең саяси тұрақсыз халге ұшыраған мұсылман елдерінің бірі Ауғанстанмен шектесіп жатқан маңызды мемлекет. Халық саны мен Ферғана аңғарына жалғайтын географиялық ерекшелігі Өзбекстанды осы аймақтың жетекшісі етіп тұр. Сондықтан да Ресей Өзбекстанмен санасуға мәжбүр дейді ұйым.

Бұдан ары сарапшылар Ресейдің Өзбекстанға ықпал ететін сан түрлі тетіктері туралы жазады.

Саяси-әлеуметтік жағынан алғанда Ресейдің бұл елге ықпалының әлсіздеу болатын
Мәскеудегі өзбек мигранттары. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі өзбек мигранттары. (Көрнекі сурет)
себебі - мұндағы халықтың бес-ақ пайызы орыс. Қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан да Кремльдің позициясы сондай мығым емес. Өзбекстанда Ресей әскері жоқ.

Ал экономикалық жағынан Кремльдің әсері біршама күшті. Себебі Өзбекстан экспорттайтын тауарының 20 пайызын Ресейге жөнелтеді. Оған қоса Ресейде жұмыс жасап күн көретін гастарбайтер өзбектердің 2010 жылы еліне жіберген ақшасы 3 миллиард АҚШ долларына жетіп жығылған.

Ресей Өзбекстанда тікелей әскер ұстамағанымен, қасындағы Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базалары арқылы Ташкентті де ықтырып отыр. Болашақта Кремль бұл елді жан-жағынан құрсап, өзіне мейлінше тәуелді етіп ұстағысы келеді деп жазады басылым.

Мүмкін болса, Ресеймен мүдделес президенттің билік басына келуіне де араласатын түрі бар деп болжайды сарапшылар.

ТҮРКІМЕНСТАН

"Ресей үшін тиімді әріптестің бірі - Түркіменстан" деп жазылған мақалада. Бұл ел Ресейді саяси тұрақсыздық дендеген Ауғанстан, Пәкістан және Ираннан бөлектеп тұр.

Түркіменстан табиғи газға өте бай болғандықтан, Ресей осы ресурстарға транзиттік
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Ашғабат, 22 желтоқсан 2009 жыл.
дәліз болғысы келеді. Басқалармен салыстырғанда Ресейге азырақ тәуелді ел – Түркіменстан.

Бұл елдегі орыс тұрғындардың саны аз, әрі Ресейде жұмыс жасап күнелтетін түркімендер де көп емес. Оның үстіне Ашғабат газ құбырларын Иран жерімен тарту арқылы Ресей ықпалын аздап әлсіретті. Сонымен қатар Қытаймен де қарым-қатынасын жақсартып, Ресейдің алдын орады.

Бірақ Түркіменстан қауіпсіздік мәселесі жағынан Ресейге әлі де көп тәуелді деп санайды ұйым сарапшылары. Ресей Түркіменстанды қорғаныс саласына қажетті кейбір қару-жарақ түрлерімен жабдықтап, әскери дайындықтан өткізіп отыр.

ҚЫРҒЫЗСТАН

Ресей саяси ықпалында ұстап отырған елдің бірі – Қырғызстан. Себебі бұл елдегі мемлекеттік тіл – орыс тілі. Жаңа сайланған президент Алмазбек Атамбаевтың та бүйрегі Ресейге бұрады.

Қырғызстанның көптеген азаматы Ресейге барып, гастарбайтер ретінде күн көріп жүр. Мұндай қырғыз еңбек мигранттарының тапқан табысы 2009 жылғы есеп бойынша Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің 15 пайызын құраған.

Бұл елде Ресейдің бір емес, бірнеше әскери базасы бар. Әскері де өте әлсіз болғандықтан бұл ел қауіпсіздік және тұрақтылық мәселесі бойынша Ресейдің қорғауына өте мұқтаж деп санайды ұйым сарапшылары.

ТӘЖІКСТАН

Ресейге тәуелді тағы бір ел – Тәжікстан. Екі елдің арасында анда-санда болатын ұсақ-түйек кикілжіңдерді айтпағанда, негізінен бұл елдің саяси элитасы Ресеймен жақсы қарым-қатынаста.

Мұнда орыс ұлтының өкілдері тұрмағанымен, Ресейге барып жан бағатын тәжік
Ресейдегі тәжік жұмысшылары демалып жатыр. Мәскеу, 18 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдегі тәжік жұмысшылары демалып жатыр. Мәскеу, 18 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
азаматтары өте көп. Олардың Ресейдегі еңбек табысы Тәжікстанның жалпы ішкі өнімінің 35 пайызын құрайды.

Тәжікстан Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының (ҰҚКҰ) мүшесі болғандықтан бұл елде Ресейдің бірнеше әскери базасы бар. Тәжікстандағы терроризммен күрес шараларында Ресей әскері көп жәрдем көрсетеді. Мәскеу Тәжікстандағы Айни әуе базасын пайдалану мен тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты келісім-шарттарды қайта жандандыруға күш салып жатыр.

Иран мен Қытай да бұл елге ықпал етуге тырысқанымен Ресейдің ықпалы жыл сайын артып барады деп жазады басылым.

ҚАЗАҚСТАН

Ресейдің үстемдігі артып келе жатқан Орталық Азиядағы тағы бір ел – Қазақстан. Ресей Орталық Азияға Қазақстан арқылы кіреді. Бұл екі елдің 7 мың шақырымнан асатын шекарасын әскер күзетпейді. Қазақстанда қандай да бір толқу бола қалса, ол Ресейге бірден әсер етеді.

Қазақстан, біріншіден, табиға ресурстарға өте бай, екіншіден, Мәскеуге өзі іш тартады. Ресейдің Қазақстанға ықпал ету тетіктері басқалармен салыстырғанда көп деп жазады сарапшылар.

Қазақстан президенті де, үкімет басшысы да, болашақта президенттіктен үміткер Тимур Құлыбаев та Мәскеумен достық қарым-қатынаста болғанды қалайды. Әлеуметтік жағынан алғанда Қазақстан халқының 25 пайызы - орыс, ресми тілі де - орыс тілі.

Бұл ел - ҰҚКҰ мүшесі. Ресей Балқашта әуе қорғанысы станциясын және
Ресейдің Байқоңырдағы "Прогресс М-12М" ғарыш кемесі. 24 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Байқоңырдағы "Прогресс М-12М" ғарыш кемесі. 24 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Байқоңырда ғарыш айлағын салған. Әскери офицерлердің көпшілігі - орыстар. Қорғаныс саласындағы қару-жарақтың негізі - СССР-дан қалған ескі мұра.

Экономикалық жағынан да екі ел бір-біріне матаулы. Қазақстан Кеден Одағының және Біртұтас экономикалық кеңістіктің мүшесі. Қазақстанның шикізат тасымалдайтын көлік жолдары мен мұнай құбырларлы Ресей жерімен өтеді.

Соңғы жылдары Астана Қытаймен де қарым-қатынасын күшейтіп жатқанына қарамастан, бұл елдің энергетикалық ресурстарын Ресей бақылап отыр.

Мәскеу біртұтас экономикалық кеңістік арқылы Орталық Азия елдерін қалайда біріктіріп, Еуразия Одағына кіргізу арқылы оларды уысынан шығармай ұстамақшы. Территориясының көлемі мен шекарасының ашықтығы Қазақстанды еріксіз Мәскеуге қаратып тұр.

Әйтпесе Қазақстан Ресей әлсіз болып тұрған 1990 жылдары Батыстың ірі елдерімен экономикалық қарым-қатынас орнатып алған еді. Әйтеуір Қазақстанның Ресеймен бірігіп, мүдделес болып бара жатқаны анық деп санайды ұйым сарапшылары.

Алайда Астананың Мәскеумен қарым-қатынасы жақсы болса да, Қазақстан президентінің саяси сахнадан кетіп қалу ықтималдығы күшейген сайын Кремльдің де алаңы күшейді деп жазады Stratfor.

Ендігі Ресей билігінің алдында «Назарбаев кете қалған жағдайда туатын саяси-экономикалық тұрақсыздықтың алдын алу» деген мәселе тұр дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG