Accessibility links

Путиннің тағы да президент болуы тоқырау кепілі ме?


Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Сочи, 16 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Сочи, 16 қыркүйек 2011 жыл.

Егер Владимир Путин Ресей президенті лауазымын қатарынан екі мерзім иеленіп, билік басында 2024 жылға дейін қалса, ол кезде 72 жаста болады екен. Путиннің билікке оралуы саяси тоқырауға айналмай ма?


Владимир Путин сенбі, 24 қыркүйекте 2012 жылғы президент сайлауына түсетінін жариялап, Иосиф Сталиннен кейінгі Ресейді ең ұзақ билеген тұлға болатын сыңай танытты.

Борис Ельцин 1999 жылдың соңғы күні, яғни жаңа 2000 жыл қарсаңында күтпеген жерден биліктен бас тартып, Кремльдегі президент тағына «мұрагер» ретінде отырғызып кеткен Владимир Путин билікте 6 жылдан тағы 2 мерзім – 12 жыл, яғни 2024 жылға дейін қалса, онда ол Леонид Брежневтен те ұзақ ел басқаратын болады.

Леонид Брежнев Совет Одағын 1964 жылдан 1982 жылға дейін 18 жыл бойы басқарды. Бұл кез Совет Одағының экономикалық, әлеуметтік тоқырау жылдарына айналды.

Ал Иосиф Сталин Кремльде 1924 жылдардың ортасынан 1953 жылдың көктеміне дейін, яғни қайтыс болғанша отырды.

«ӨКІНГЕННЕН БАСҚА АМАЛ ЖОҚ»

Владимир Путинннің жоғарғы билікке қайта оралуы Брежнев билігінің соңғы кезеңіне тән бұқара халық пен биліктің өзара алшақтай түсуіне,
«Яблоко» партиясының жетекшісі Сергей Митрохин (оң жақта). 22 маусым 2008 жыл.

жемқорлыққа, әлеуметтік-экономикалық ыдырауына соқтыруы ықтимал дейді сарапшылар.

– Ол барда ештеңенің өзгермейтініне өкінгеннен басқа амал жоқ. Қазір басты талапты азаматтар қоюы керек. Ал олар Ресейде болып жатқанның барлығына кем дегенде тағы 12 жыл төзуге дайын. Ешқандай жетілдіру, модернизация болмайды, тоқырау тереңдей түседі. Ал тоқырау одан әрі дағдарысқа ұласуы мүмкін, – дейді Ресейдегі оппозициялық «Яблоко» партиясының жетекшісі Сергей Митрохин Азаттық радиосына берген сұхбатында.

«ОЛ БРЕЖНЕВ ЕМЕС»

Ұлыбританиялық «Экономист» журналының халықаралық редакторы, «Жаңа қырғиқабақ соғыс: Ресейдің Путині және Батысқа төнген қатер» кітабының авторы Эдуард Лукастың айтуынша, Ресей енді Брежнев кезеңінің көзбояушылығын қайталауы ықтимал.

– Менің ойымша, оны (Путинді - Азаттық) Брежневпен салыстырудың әбден-ақ қисыны бар. Әрине, ол Брежнев емес. Өйткені оның денсаулығы мықты
Эдуард Лукас. Прага, 4 қазан 2007 жыл.

және Ресей полицейлік мемлекет емес, экономикасы әлі жоспарлы емес. Алайда жемқорлық пен саяси біліксіздік өте қатты байқалады, – дейді Эдуард Лукас.

Владимир Путиннің 2012 жылғы президент сайлауына түсетіні ресми түрде мәлімдегеннен кейін де Ресейдің бейресми көсемі болып қала беретініне онша көп күмән туған жоқ. Бірақ жауапсыз қалған бір маңызды мәселе – Дмитрий Медведев президент болып тұрғанда премьер-министр Владимир Путин елді «сахнаның сыртынан» билегендей, ресми президент болып отырып та елді солай басқара ма, әлде Кремльге орала ма?

– Мұны таңқаларлық жайт деп ойламаймын. Ресейдегі ең ықпалды адам Путин екенін біз ондаған жылдан бері біліп келдік. Ол билік басында қалай қалады, жалпы билікте қалуды ойлады ма – ең маңызды мәселе, міне, осы болды. Ал ол президент болып қайта оралудың ең көрнекі де төте жолын таңдады, – дейді Эдуард Лукас.

ПРЕЗИДЕНТ БОЛУҒА «МӘЖБҮРЛЕГЕН» СЕБЕП

Эдуард Лукастың ойынша, Ресейді президент тағында отырмай билей беру қауіп-қатерге толы болады. «Владимир Путинді президент тағына ресми түрде қайта оралуға мәжбүр еткен себептердің бірі осы болса керек» дейді британдық «Экономист» журналының сарапшысы Эдуард Лукас.

Қолында шексіз мемлекеттік билік бола тұра, жеке басының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген Владимир Путиннің еш алаңсыз саяси реформалар кампаниясын бастау беруіне болар еді. Алайда президент тағына отырған алғашқы жылдары салық кодексін жеңілдетіп, жерді жеке-меншікке беріп, экономикалық реформалар жүргізген Путин Ресейдегі саяси жүйені жеңілдетуге әзір еместігін айқын аңғартты. Керісінше, оның әрбір саяси қадамы авторитарлық билікті нығайтуға, барлық мемлекеттік билікті Кремльге жинауға бағытталды.

Эдуард Лукас сол себепті «Владимир Путин Кремльге екінші рет келгеннен кейін реформатор болады» деген пікірге күмәнмен қарайды. «Путиннің билігі қаржылық, экономикалық және саяси топтардың өзара бәсекелестігін, мүдделерін теңдестіріп билеуге, басқаруға негізделген» деп есептейді ағылшын сарапшысы.
XS
SM
MD
LG