Accessibility links

Ресей халқы сайлауды бақылау тәсілдерін үйреніп жатыр


Ресей премьер-министрі, ел президенттігінен үміткер Владимир Путин. Мәскеу, 9 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей премьер-министрі, ел президенттігінен үміткер Владимир Путин. Мәскеу, 9 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейде парламент сайлауынан кейінгі түрлі акциялардан соң наурыздың 4-інде өтетін президент сайлауына ерекше назар ауып отыр. Қоғамның белсенділігі артып, халық сайлау барысын бақылауға ұмтылып жатыр.


Ресейде 2011 жылы желтоқсанда өткен парламент сайлаулары оппозиция мен ЕҚЫҰ бақылаушылары тарапынан сынға ұшыраған еді.

Он мыңдаған адам көшеге шығып, сайлау нәтижесіне наразылық танытқан. Ресей бұрыннан-ақ сайлауды бұрмалауымен әрі саяси селқостығымен танылған ел еді. Мұндай елде қарапайым халықтың әділ сайлауды талап етуінің себебі – соңғы сайлау кезінде заң бұзу деректерін кімнің қалай жариялауына байланысты болды.

«Технологияның дамуы, үкіметшіл бақылаушыларға сенбейтін азаматтық қоғамның сайлауды бақылауға ұмытылуы – үлкен өзгеріс» дейді сарапшылар.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Вашингтонда орналасқан «Сайлау жүйелері жөніндегі халықаралық қордың» сарапшысы Лиза Каммерудтың ойынша, технологиялық жаңа мүмкіндіктердің арқасында Ресейде ғана емес, біраз елде қарапайым азаматтардың сайлауды бақылауы күшейді.

– Қазіргі кездегі сандық және басқа да технологияларды қолдану арқылы Ресейдегі "Әділ сайлау үшін" акциясы. Тюмень, 26 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдегі "Әділ сайлау үшін" акциясы. Тюмень, 26 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

сайлауды бақылау – әбден мүмкін іс. Мұндай мүмкіндіктер бұрын жоқ еді, соңғы бірнеше жылда айтарлықтай көбейді. Халықтың ұялы телефонға, суретке не видеоға түсіретін басқа құралдарға қызығуы артпаса, кемімейді, – дейді Лиза Каммеруд.

Оның ойынша, сайлау барысындағы заң бұзу оқиғалары түсірілген видеолар – жариялылықты танытатын бұлтартпас элементтер.

– Осындай бейнекөріністер сайлау жәшігіне бюллетень салып жатқан әр адамның өз көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді, – деп есептейді зерттеуші маман.

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ ОЛЖАСЫ

Ресейдегі парламент сайлауы кезінде дауыс беру процесіндегі бұрмалауларды көп адам ұялы телефондарына түсіріп алды. Заңды көбірек бұзған ұйым – Ресей премьер-министрі Владимир Путин жетекшілік ететін «Единая Россия» партиясы болып шықты.

Қарапайым халықтың технологиялық мүмкіндіктерді игеріп, оны өз мүддесіне пайдалана бастауы елдегі ұялы телефон байланысы нарығын да күшейте түсті. Мысалы, Ресейдің ең үлкен байланыс операторы МТС компаниясының саудасы 2011 жылдың соңында 20 пайызға артқан. Бұл компанияның 2010 жылғы көрсеткіші сегіз пайыз ғана болған еді.

АШЫҚ ПЛАТФОРМА

2010 жылы Ресейдегі орман өрттерінен зардап шеккендерге қолдау таныту мақсатында ашылған «Көмек картасы» деген сайтты құрушылардың бірі Григорий Асмолов «азаматтық топтың 2011 жылы желтоқсандағы сайлауды бақылауға алуына әсер еткен басқа да себептер бар екенін» айтады.

– Ол – соңғы жылдардағы тағы бір технологиялық прогресстің – ашық коды бар онлайн-платформалар картографиясының көбеюі, – дейді Григорий Асмолов Global Voices сайтындағы мақаласында.

Оның айтуынша, Ресейдегі сайлау барысын көрсету үшін арнайы жасалған Ресейдегі сайлау барысын бақылау үшін жасалған «Голос» жобасы сайты.

Ресейдегі сайлау барысын бақылау үшін жасалған «Голос» жобасы сайты.

«Голос» жобасы «Сайлаудағы заң бұзу картасы» деп аталған сайт ашқан.

Бұл платформада заң бұзу деректері, ұлттық және аймақтық есеп мәліметтері жарияланады. Шағымдарды биліктің тіркеген-тіркемегенін көрсетіп, айғақ болатын дәлелдерді сайтқа енгізеді.

Сайтта 2008 жылдан бергі сайлаулардағы бұрмалаушылықтар тіркелген. Кремль әлеуметтік желілердегі сондай бейнекөріністерден соң реформа жасауға уәде берген еді.

«САЛЫСТЫРМАЛЫ ЕРКІНДІК»

Ресейде 2011 жылы желтоқсан айында өткен парламент сайлауынан кейін жұрттың үдере көтеріліп, көшеге шығуы қоғам назарын аударып отыр.

– Менің пікірімше, Ресейдегі жағдай – жұрттың үлгі бола алатынын, алға кеткенін, жариялылықтың күшейе түскенін көрсетті. Сайлаудағы бұрмалау туралы сайт шабуылға тап болған соң оған қоғам назар аударды. Соның арқасында мұндай платформаның маңызы мен құндылығы көрінді. Әйтпесе халық мұны талқылап, үкімет оны шектеуге тырыспайтын да еді, – дейді Григорий Асмолов.

Оның пікірінше, бұл жобаның тағы бір жетістігі – Ресейдегі интернет кеңістігінің салыстырмалы еркіндігін танытқаны.

Сайлауды бақылайтын мұндай картографиялық жобаларды Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де қолдана бастады.

Ал Қазақстан мен Қырғызстандағы сайлау барысындағы заңсыздықтарды картаға тіркеп отырған сайттардың ықпалы – интернетті үкімет бақыласа немесе шектесе – әлсіреуі де мүмкін.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG