Accessibility links

Онлайн ойынның «құрбаны» – Pussy Riot


«Pussy Riot-ты Кафедралды соборға кіргізбе» ойынынан көрініс.

«Pussy Riot-ты Кафедралды соборға кіргізбе» ойынынан көрініс.

Ресей православ шіркеуінің жастар қанаты Pussy Riot панк-рок тобын нысанаға алатын жаңа ойын түрін ойлап тапты.

«Pussy Riot-ты Кафедралды соборға кіргізбе» деген жаңа онлайн ойын жуықта Мәскеуде өткен православ жастар фестивалінде жұртқа таныстырылды. Бұл ойында ойыншы әйгілі феминистік панк-рок топтың мүшелерін «қырып» салады.

ШІРКЕУДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ «ЖҰМАҚҚА ЖОЛ»

Ойыншы ойында христиан дінінің крестін пайдаланып, баклавамен бетін бүркемелеген қыздарды «құртып» жібереді. Ойын барысында Pussy Riot-тың 2012 жылғы ақпанда Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында айтқан әні – «Құдай ана, Путинді қуа көр!» ойнап тұрады.

Ойын кезінде «қыздардың» бірі шіркеуге кіріп кетсе, экранда алып жын билей жөнеледі. Ойынның соңында шіркеу діндары бетін бүркеген «қыздар» кейпіндегі кейіпкерлерге «кешірім» беріп, олар «жұмаққа» ұшып кетеді.

Ойынның «Инквизиция» деп аталған бір нұсқасы интернетте 2012 жылдың соңында жарияланған.

11 шілдеде жарыққа шыққан ойынға қатысты Ресей православ шіркеуі де, Pussy Riot өкілі де ешқандай пікір айтқан жоқ.

«МАҚСАТ – ЖАСТАРДЫ ДІНГЕ ТАРТУ»

Жаңа ойынның тұсаукесері өткен жастардың діни фестивалінің өкілі Александра Давыдкинаның айтуынша, «бұл ойынды жасағандағы мақсат – жастардың дінге көбірек мойын бұруына септесу».
Осы ойынды ойнаса, олармен дін тақырыбында сөйлесуге мүмкіндік туады.

– Жастардың арасында дінге еш қатысы жоқ, шіркеу туралы әңгіме айтқысы келмейтін адамдар көп. Осы ойынды ойнаса, олармен дін тақырыбында сөйлесуге мүмкіндік туады. Біз шіркеу төңірегінде не болып жатқанын әрі мұның қаншалық маңызды екенін түсіндіре аламыз, – дейді Александра Давыдкина.

2012 жылы тамызда эстониялық график-дизайнер Магнус Вулп әйгілі Angry Birds ойынына ұқсастырып, Angry Kremlins атты ойын жасаған еді. Ол ойында ойыншылар Ресей президенті Владимир Путин мен православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилге ұқсас адамдардың бастарын атып, Pussy Riot мүшелерін құтқаруы керек болатын.

«ДІНИ СЕЗІМДІ ҚОРҒАУ ЗАҢЫ»

Ресей соты 2012 жылғы тамыз айында Pussy Riot панк-рок тобының мүшелері Pussy Riot тобының сотталған мүшелері - Екатерина Самуцевич, Надежда Толоконникова, Мария Алехина.

Pussy Riot тобының сотталған мүшелері - Екатерина Самуцевич, Надежда Толоконникова, Мария Алехина.

Надежда Толоконникова (23 жаста), Мария Алехина (25 жаста) мен Екатерина Самуцевичті (30 жаста) Қасиетті Мария анадан «Ресейді Владимир Путиннен құтқара көр» деп сұрап, панк-рок стилінде ән айтқаны үшін екі жылға соттаған.

Екатерина Самуцевич 2012 жылдың қазан айында шартты жаза алып, бостандыққа шықты.

Pussy Riot ісі дінге сенушілердің «діни сезімдерін» қорғау заңдарына қатысты түрлі дау-дамай туғызған. Жақында Ресей президенті Владимир Путин «құдайға тіл тигізу» жайлы заңға қол қойды: бұл заң бойынша Ресей азаматтарының діни сезімдеріне нұқсан келтіргендер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеуге тиіс.

Диана Кьюканың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG