Accessibility links

Путин әжуа нысанасына айналды


Ресей президенті Владимир Путиннің Киевтегі Тәуелсіздік алаңындағы шатырға ілінген карикатурасы. Киев, 2 наурыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің Киевтегі Тәуелсіздік алаңындағы шатырға ілінген карикатурасы. Киев, 2 наурыз 2014 жыл.

Ресейдің Қырымға әскер кіргізгені интернеттегі келемеж-кекесінді көбейтті. Азаттық тілшісі әлеуметтік желідегі әзіл-әжуаларға шолу жасады.

Владимир Путинді ертегі кейіпкері Пиноккио (ағаш қуыршақ – ред.), аш қасқыр, олимпиада жүзігі немесе Украинаға аттанған танкі ретінде бейнелеген суреттер көбейді.

КЕКЕСІН СУРЕТТЕР

Ресейдің Қырымды басып алғаны және президенттің дағдарыс туралы мәлімдемесі сықақшыларға тәуір азық болды. Әлеуметтік желілерде түрлі әжуа суреттер, коллаждар мен жазбалар қаптап кетті.

Британдық «Private Eye» журналы Ресейдің Қырымға шабуылы наурыздың 7-сі басталған 16-Паралимпиадалық ойындармен сай келгенін атап өтіпті. Журналдың суретінде Путин дүрбімен «әскерилендірілген қысқы олимпиадаға» қарап отырып, «менің ойымша, Ресей атыстан жеңеді» дейді.
Олимпиада тақырыбына арналған тағы бір сурет:
Кейбір мультипликациялық суреттердің авторлары Ресейдің «Қырымдағы әскер біздікі емес» деп мойындамай отырғанын әжуалайды.
Ресейдің Киевтегі саяси төңкеріс пен Қырымға қатысты көптеген өтіріктері әшкереленіп жатыр. Келесі суретте Путинді өтірік айтқан сайын мұрны өсетін ағаш қуыршақ – Пиноккиоға теңейді.
Бұл әзілдер Қырымдағы ресейшіл күштердің Кремльмен бірлесіп әрекет еткенін де астарлайды. Қырым парламенті наурыздың 6-сы күні Ресейге қосылу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Келесі Twitter пайдаланушы «Cry Me A River» деген каламбур жасапты.
Ал тағы біреу «Путин бұрын Ресей империясының иелігінде болған аймақтарға көз тігетін шығар» деп жорамалдайды. Мына суретте Ресей басшысы: «Біздің Алясканың қалы қалай?» деп сұрап тұр.
Келесі екі картина Путинді аш қасқыр әрі танкі ретінде бейнелеген.
(Кэтлин Мурдың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG