Accessibility links

Путиннің «ұлттық рухты көтеру» агенттігі


Владимир Путин Баренц теңізіндегі Ресейдің ядролық кемесінде әскери киіммен жүр. 6 сәуір 2000 жыл. (Көрнекі сурет)

Владимир Путин Баренц теңізіндегі Ресейдің ядролық кемесінде әскери киіммен жүр. 6 сәуір 2000 жыл. (Көрнекі сурет)

Путин ресейліктердің ұлттық мақтанышын күшейтетін агенттік құруға бұйрық берді. Қолдаушылар «Ресей СССР-дан қалған идеологиялық вакуумды толтыратын бастамаға өте мұқтаж» десе, сынаушылар «Бұл - советтік стильдегі көне схема» дейді.

Кремль «патриотизмді күшейтетін жаңа агенттік құру арқылы Ресейдегі ұлттық рухты қалпына келтіреміз» деп үміттенеді.

Кремль веб-сайтындағы ақпараттарға қарағанда жаңа агенттік президент әкімшілігінің ішінен құрылады. Оған «Ресей қоғамының рухани фундаментін» күшейту және «патриоттық тәрбие беру саласында істейтін үкіметтік полицияны дамыту» міндеті жүктелген.

«ПУТИН ТЫНЫШТЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫН КҮШЕЙТКІСІ КЕЛЕДІ»

Президент Владимир Путин қазан айының 20-сы күні «Әлеуметтік жобалар директораты» деп аталатын жаңа департамент жасақтауға бұйрық берді.
Мәскеудегі «Карнеги» орталығының саяси сарапшысы Николай Петров:
Мәскеудегі «Карнеги» орталығының саяси сарапшысы Николай Петров.

Мәскеудегі «Карнеги» орталығының саяси сарапшысы Николай Петров.


- Кремль елдегі саяси қарсылықты әлсірету үшін ешқандай өзгерісті қаламайтын, ескіше ойлайтын адамдарды пайдаланып, тыныштық идеологиясын күшейткісі келеді. Агенттіктің идеологиялық мәселемен айналысуының себебі осында, - деп түсіндіреді.

Путин өткен айда Краснодарға барған сапарында Әлеуметтік жобалар директоратының түпкі идеясын бірінші рет таныстырды. Ол Краснодардағы президенттік кадет корпусына соғып, сол жерде мәдениет қайраткерлерімен және шенеуніктермен патриотизм тақырыбын талқылаған дөңгелек үстел өткізді.

Путин: «Тізе қосып бірігіп, жастарды тәрбиелеу үшін Ресей қолынан келгеннің бәрін жасап, күресті күшейтуі керек» деді. Оның сөзінен шетелден қаржыланатын үкіметтік емес ұйымдарға деген жеккөрініші білініп тұрды. Путин оларды «қарсылықты қоздырады» деп айыптады.

«Мәдени идентификация мен рухани құндылықтар шиеленіскен тартыстың өзегіне айналып отыр. Кей-кездері бұл талас-тартыс ашық ақпараттық соғыс пен шебер ұйымдастырылған пропогандалық шабуылдарға дейін ұласады» деді ол.

Агенттіктің құрылуы Кремльдің саяси қарсыластарымен айтыс-тартысқа білек сыбана кірісетінін көрсетіп тұр.

«БҰЛ РЕСЕЙДІҢ ДАМУЫН ТЕЖЕЙДІ»

Өткен айда АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (ХДА) «Ресейдің ішкі ісіне араласты» деген себеппен жабылып қалды. Ресей үкіметі ХДА-ны «Үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырды. Pussy Riot панк тобының Мәскеу кафедралды шіркеуінде Путинге қарсы үндеу тастап, ән салғаны үшін жауапты» деп айыптады.
Владимир Путин этнографиялық мұражайда жұмыс істеп жатыр. Карелия, 21 тамыз 2001 жыл.

Владимир Путин этнографиялық мұражайда жұмыс істеп жатыр. Карелия, 21 тамыз 2001 жыл.


Путиннің бастамасын сынайтындар жаңадан құрылған агенттікті СССР дәуіріндегі үгіт-насихат департаментімен салыстырып, «бұл бастама Ресейдің дамуын тежейді» деген пікір айтып жатыр.

Петров «Кремль халықты тыныштық сақтауға шақырғанымен, модернизация мен реформаға бастайтын жолды жауып отыр. Бұл әрекеттер Ресейдің дамуына кедергі келтіреді. Меніңше бұл жоба құрдымға кетеді» деп болжайды.

Бұл бастама Ресейдің заманында көрші елдерге жүргізген зор ықпалын сағынатын ресейліктердің мақтанышын оятуды көздеген сияқты.

Жобаның жақтаушылары «Жаңа жоба арқылы СССР-дан қалған идеологиялық вакуумды толтырып, СССР-дың екінші дүние жүзілік соғыстағы жеңісінен туындаған ұлттық патриотизмді қайта тірілте алар едік» деген уәж айтады.

Валерия Касамара есімді тәуелсіз саяси сарапшы «бұл бастама ресейліктерді біріктіруде маңызды роль ойнап, Батыстың зиянды ақпараттарынан құтылуға мүмкіндік беруі мүмкін» дейді.

Валерия Касамара - Мәскеу жоғарғы экономикалық мектебінің саяси зерттеулер кафедрасының меңгерушісі. Ол:

- Қазір елді біріктіретін идеялар аз. Патриотизм қоғамдағы алауыздықты тоқтата алады. Қазір алауыздық қоғамның барлық қабатына сіңіп, адамдар ұжымдық мейрамдардан да суып барады. Биліктегілер баяғыда жасауға тиісті шаруаны енді Мәскеу жоғарғы экономикалық мектебінің саяси зерттеулер кафедрасының меңгерушісі Валерия Касамара. Ресей, 5 маусым 2012 жыл.

Мәскеу жоғарғы экономикалық мектебінің саяси зерттеулер кафедрасының меңгерушісі Валерия Касамара. Ресей, 5 маусым 2012 жыл.

ана қолға алып жатыр. Бірақ біз халыққа дем беретін оңтайлы идея ойлап таппай, оның орнына қолайсыз үгіт жүргізсек, теріс нәтиже шығады. Сондықтан жобаны қандай жолмен іске асыру қажеттігін жан-жақты ойластыру керек, - дейді.

Әлеуметтік жобалар директораты бастаманы қандай тәсілдермен іске асыратыны әлі белгісіз.

Әзірше жаңадан құрылған агенттік орта мектептерге патриоттық тәрбие беретін бағдарламаларды ендіруді, балаларға арналған патриоттық кинолар мен мультфильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, агенттік Ресейдегі ұлттық мақтанышты күшейтуге көмектескен жеке тұлғалар мен жақсы жобаларға сыйлықтар мен гранттар береді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG