Accessibility links

Путиннің ажырасқаны Twitter-де қалжыңға ұласты


Ресей президенті Владимир Путин мен оның зайыбы Людмила Путина. Мәскеу, 24 сәуір 2011 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен оның зайыбы Людмила Путина. Мәскеу, 24 сәуір 2011 жыл.

Бейсенбі, 6 маусым күні Ресей президенті Владимир Путин мен оның зайыбы Людмила Путина ажырасқандарын жариялады.

Осы оқиға жайлы әзіл-қалжыңдар бірнеше сағаттың ішінде Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі басты тақырыпқа айналды. Төменде сондай танымал твиттердің бірнешеуін оқи аласыздар.

1) "Заң бойынша, ажырасқаннан кейін Людмила Путинаға Ресейдің жартысы бұйыруы керек" дейді Кремль басшысы ел байлығын иеленіп алды деген танымал қауесетке жүгінген бір оқырман.

2) "Путин әйелінің отставкасын қабылдап, жаңа әйел таңдағанша оны әйел міндетін атқарушы етіп тағайындады #ажырасу дейді екінші твиттің авторы.

Ресейлік комментаторлардың айтуынша, Путин отставкаға кеткен соң "мэрдің міндетін атқарушы" етіп тағайындаған Собянин мерзімінен бұрын өтетін сайлауда жеңуіне қадам жасаған, енді оның қарсыластарының дайындалуға уақыттары тапшы.


3) "Людмиланы Медведев алады, бірақ төрт жылдан кейін ол да ажырасып, қайтадан Путин үйленеді. #ажырасу" дейді енді бір оқырман.

Путин екінші мерзімнен кейін президенттікті Дмитрия Медведевке беріп, төрт жылдан соң Кремльге қайта оралған еді. Ресей конституциясы қатарынан екі мерзімге президент болуға рұқсат етпейді.


4) "Людмила Путина үшінші мерзімнен соң кетті-ау! Конституцияны сыйлайды! #ажырасу" деген жазба авторы да Путиннің үшінші мәрте президент болғанын кекейді.


5) "Енді Путин жаңа фамилия алып, тағы 16 жылға сайлану мүмкіндігіне ие болады #ажырасу" деген твит те Путиннің президенттік тақта ұзақ отырған әжуалайды.


6) "Путиннің Берлусконимен достығының ақыры осы болды!! #путинажырасу" деген жазбаның авторы Италияның бұрынғы премьер-министрі, әйелқұмар деген аты шыққан, жуықта жұбайы Вероника Лариомен айрылысқан Сильвио Берлускони мен Путиннің достығын еске салады.


7) "Путинсіз Людмила" - "Путинсіз Ресей" ("Россия Без Путина") деген оппозициялық ұранға еліктеп жазылған граффити.

8) "#путин балалары #ресейде тұратынын айтты. Өз балаларын айтты ма, әлде Людочка екеуінің балаларын айтты ма? #ажырасу" деген жазба авторы Путиннің некеден тыс туған балалары да бар деген қауесетті меңзейді.


9) "Ал Людмила жаңа Хилари бола ма?? #ажырасу #путин #путинажырасу" деген твит авторы АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы, кейін сенатор, мемлекеттік хатшы болған, 2016 жылғы президент сайлауына түсуі ықтимал кандидат Хиллари Клинтонды еске салып отыр.


10) "Путиннен құтылған жалғыз ресейлік Людмила Путина болды #ажырасу #путин" деген комментарий де - танымал әзілдердің бірі.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG