Accessibility links

Путин бұрынғы советтік кеңістікте Евразия Одағын құруға шақырды


Владимир Путин, Ресей президенті (ортада), ЕврАзЭС жиынында. Душанбе, 6 қазан 2007 жыл.

Владимир Путин, Ресей президенті (ортада), ЕврАзЭС жиынында. Душанбе, 6 қазан 2007 жыл.

Президенттікке қайтып оралуға бекінгелі бері жариялап тұрған алғашқы бастамасында Владимир Путин Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы экономикалық интеграцияны «Евразия Одағы» етіп кеңейткісі келетінін мәлім етті.


Қазанның 4-і «Известия» газетіне бастырған бас мақалада Путин Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіретін Еуразия Одағы құруға шақырды. Ол өз арасындағы сауда, капитал және жұмыс күшіне қатысты шектеулерді алып тастауды жоспарлап жатқан осы үш елден тұратын Кеден Одағын мақтай кетті. Бұл Одақтың 2009 жылы «Еуропа Одағы мен өзге де аймақтық интситуттардың тәжірибесіне сүйене отырып құрылғанын» жазады мақала авторы.

Путин енді одан да батылырақ қадам жасап, Еуразия Одағының аясында биігірек интеграциялық деңгейге ұмтылу қажеттігіне баса назар аударады.
Путин енді одан да батылырақ қадам жасап, Еуразия Одағының аясында биігірек интеграциялық деңгейге ұмтылу қажеттігіне баса назар аударады.

Сарапшылар Путиннің бұл әрекетін қазіргі Ресей қоғамына кең тараған Совет Одағын аңсау сезімін күшейтіп, сайлау алдында биліктің танымалдығын арттыру амалы деп есептейді.

Мәскеуде орналасқан Саяси бағалау орталығының сарапшысы Павел Савин:

- Путин электораттың басым көпшілігінде бар империалистік пиғылды дөп басып ойнағысы келіп отыр. Расында да мұндай аңсау бар. Дәл Совет Одағының түрінде болмас, өйткені тұтас Орталық Азия, Балтық елдері мен Оңтүстік Кавказ уысына қайтып түспейді. Бірақ, империалистік өткен шақты көксеу әлі де басылмаған. Путин қоғамның көкірегіндегі осы бір қылдарды шертіп ойнағысы келеді, - дейді.

СССР-дің құлауын «21 ғасырдағы ең ірі геосаяси апат» деп атаған Путин бұл жолғы мақаласында «менің идеям СССР-ді қайта құру емес. Бұлайша өткеннің көшірмесін жасау тым қарабайыр болар еді. Бірақ, саяси-экономикалық негіздегі күштірек интеграция мен құндылықтардың жаңа жүйесі – заман талабы» деп жазады.
Бірақ, империалистік өткен шақты көксеу әлі де басылмаған. Путин қоғамның көкірегіндегі осы бір қылдарды шертіп ойнағысы келеді.

Николай Петров Мәскеу Карнеги орталығының сарапшысының ойынша, бұл мақала Путиннің сыртқы саясаттағы жеңістеріне назар аударту, желтоқсанның 4-і өтетін Дума сайлауының алдында жасалған жарнама.

- Ресейлік сыртқы саясат туралы бұл көзқарастан жаңа ештеңе көрмей тұрмын. Путиннің сыртқы саясаты, әсіресе, көршілеріне қатысты қаншалықты әсерлі болғанына жасалған ишара. Мақала бағдарламаға да ұқсамайды, Путиннің жетістіктерін тізіп шыққан сипаттама ғана, - дейді Николай Петров.

Путин 2012 жылдың қаңтарында қызмет ете бастайтын Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы Кеден Одағын ерекше атап өтіп, өзінің ықпал ету орбитасындағы барлық пост-советтік елдер үшін тарихи оқиға деп көрсетеді.

Ол өзге де бұрынғы советтік елдерді Кеден Одағына кіруге шақырады. Ондай жағдайда Еуропа Одағына кіре алмай қаламыз деген Украинаның наразылығын тағы бір мәрте елемей өте шығады.
Путин өте қиын жағдайда қалып отыр. Өйткені биліктің рейтингі құлдырап барады. Оның жеке басының рейтингі де соған ұқсас. Сондықтан ол электоратты тірілтетін жаңа ойын бастамақ.

Еуропа Одағының үлгісінде һәм оған геоэкономикалық бәсекелес ретінде жобаланған 165 миллион тұтынушысы бар Біртұтас Экономикалық Кеңістік жалпы алғанда позитивті әсерге ие және Еуропа мен Азияны жалғайтын экономикалық дәліз рөлін атқармақ деп санайды Путин.

Павел Савиннің ойынша үшінші мерзімге президент болып сайланғысы келетін Путин билеуші топтың кері кетіп бара жатқан танымалдығын қалпына келтіруге барын салып жатыр.

- Путин өте қиын жағдайда қалып отыр. Өйткені биліктің рейтингі құлдырап барады. Оның жеке басының рейтингі де соған ұқсас. Сондықтан ол электоратты тірілтетін жаңа ойын бастамақ, - дейді Савин.

Путиннің рейтингін аз деп те айтуға келмейді, қазір 70 пайыз шамасында. Бірақ, 2008 жылғы Ресей халқының 85 пайызының қолдауына ие болған танымалдығы кеми түскен. Ал Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының рейтингі биылғы маусым айында 40 пайызға бір-ақ түскен еді.

Николай Петровтың пікірі Путин Кремльге оралғасын Ресейдің сыртқы саясаты қандай да бір өзгеріске ұшырай қоймайды дегенге саяды. Бірақ, батысшыл болып көрінуге тырысқан Медведевтің саясаты көмескілене түспек.

- Бұдан былай екеуіне «тандем» болып ойнап, екі бөлек аудиторияға бейімделе қалу мүмкін болмайды, - деп санайды сарапшы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG