Accessibility links

Ресей АҚШ-тағы "адам құқықтары мәселелерін" сынады


Ресей сыртқы істер министрлігі бүгін АҚШ-тағы адам құқықтарына қатысты баяндамасын жария етті.

Баяндаманы мемлекеттік думада министрліктің адам құқықтары жөніндегі өкілі Константин Долгов таныстырды. Ол АҚШ-тағы адам құқықтарына қатысты басты мәселелер - "әлеуметтік теңсіздік", "нәсілдік және этникалық кемсітушілік", "айып тақпастан ұзақ мерзімді қамауда ұстау" және "түрмелердің тұтқындарға толып кетуі" екенін айтты.

Долгов бұған қоса АҚШ-ты "цензураны қолданады", "сайлаушылар құқықтарын бұзады" және "интернетке шектеу қояды" деп сынады. Ол Виктор Буттың ісі "АҚШ-та қос стандарт саясаты қолданылатынын көрсетеді" дейді.
XS
SM
MD
LG