Accessibility links

Ресей сот жүйесін өзгертпек


Ресей жоғарғы соты алдында тұрған Фемида мүсіні. Мәскеу, 10 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей жоғарғы соты алдында тұрған Фемида мүсіні. Мәскеу, 10 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейде екі ірі сотты біріктіріп, бір жоғарғы сот жасау жайлы конституциялық жоба парламент қарауына берілді. Мамандар «мұндай өзгеріске мұқтаждық жоқ, бұл саяси сақтыққа ұқсайды» дейді.

Ресейде Жоғарғы арбитраждық сот әділетті орган саналады. Енді ол да билікке тәуелді болатын күн туатын сияқты.

Бұрын экономикалық даулар мен басқа да істерді қарап келген орган енді жоғарғы сотпен біріктірілмек. Жаңадан құрылатын «супер сот» қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және экономикалық істерді қарайды. Құрамында 170 судья болмақ.

«СОТ ЖҮЙЕСІН БІР ІЗГЕ ТҮСІРУ»

Үкімет «бұл өзгерістен соң сот шешімдері бір жүйеге түседі» дейді. Ал жаңа жобаны сынайтындар «Путин билігін нығайта түсу үшін сот жүйесін бір орталыққа бағындырмақ» деген пікір айтады.

- Сот жүйесін орталықтандыру 15 жыл бұрын басталған. Бұл өзгерістер сот жүйесін бюрократияға бағындыру үшін керек. Үкіметтің бұл мақсатты көздеп Вадим Клювгант, адвокат. Мәскеу, 1 сәуір 2010 жыл.

Вадим Клювгант, адвокат. Мәскеу, 1 сәуір 2010 жыл.

отырғанына талай уақыт болды. Билік мұны ерте бастан ойластырған, - дейді мәскеулік адвокат Вадим Клювгант.

Бұл конституциялық өзгерістерден кейін Владимир Путин Ресейдің барлық аймағындағы прокурорларды тікелей өзі тағайындайтын болады. Оларды бұрын бас прокуратура тағайындайтын.

Енді бұл өзгерісті Ресей парламенті қарап жатыр. Депутаттардың үштен екісі, федерация кеңесінің төрттен үші қолдаса, ұсыныс іске асады деген сөз.

Парламенттің төменгі палатасын басқаратын Павел Крашенинников пен думаның бірінші спикері Александар Жуковтың айтуынша, депутаттар жаңа жобаны алдағы айда талқылайды.
Мұндай өзгеріс сот шешімдерін бір ізге түсіру үшін керек.

Ресей президенті Путин бұл ұсынысты 2013 жылы маусым айында Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда айтқан. Ол «мұндай өзгеріс сот шешімдерін бір ізге түсіру үшін керек» деп мәлімдеді.

Путин «Ел әуелі жалпы сотқа шағымданады. Ол соттың шешіміне наразы болса, арбитраждық сотқа арыз беріп, алдыңғы соттың шешімін бұздырады. Осылайша қарама-қайшылық көбейеді» деген еді.

«ПУТИННІҢ САЯСИ ОЙЫНЫ»

Премьер-министр Дмитрий Медведевтің курстасы Антон Иванов басқаратын Жоғарғы арбитраждық сотты заңгерлер «Ресейдегі әділ сот» деп санайтын. Енді олар бұл жүйені өзгертудің тиімділігін талқылап жатыр.

- Жаңа жобаның тиімді тұсын көрмей, соған қатты алаңдап отырмын. Осы реформаның елге пайдасы тиетініне күмәнім бар. Егер Жоғарғы соттың Жоғарғы арбитраждық сот басшысы Антон Иванов. Мәскеу, 2 желтоқсан 2009 жыл.

Жоғарғы арбитраждық сот басшысы Антон Иванов. Мәскеу, 2 желтоқсан 2009 жыл.

құрамында 170 мүше болса, олар қалай бірге жұмыс істейді? Осынша адам бір істі бірге отырып қалай талқылайды? Болашақта қалай қызмет атқармақ? - дейді адвокат Вадим Клювгант.

Ресей интеллектуалдық меншік сотының директоры Людмила Новоселова:

- Арбитраждық сот пен Жоғарғы сотты біріктіру - барып тұрған бассыздық. Бұл іске асса, сот жүйесі құлдырайды, - дейді.

Ресейдегі танымал адвокаттың бірі Гери Резник те екі сотты біріктірудің ешқандай қажеттігін байқамағанын айтады.

Сарапшылар да «бұл өзгерістің тасасында саяси пиғыл жатқанын» ескертеді. «Ведомости» басылымы «Өзгерістер Жоғарғы арбитраждық сотты басқарып отырған, Медведевтің досы және одақтасы Ивановтың ықпалын жою арқылы Медведевтің позициясын әлсірету үшін жасалуы мүмкін» деп болжайды.
Путин жаңа жоғарғы сот арқылы Медведевті биліктен ақырын ысырып тастаудың жолын қарастыруы мүмкін.

«Московский Комсомолец» газеті «Путин жаңа жоғарғы сот арқылы Медведевті биліктен ақырын ысырып тастаудың жолын қарастыруы мүмкін. Кремльдің премьер-министрді шеттетудің басқа жолын таба алмағын өкінішті-ақ» деп жазды. Мәскеуде тұратын саяси сарапшы Владимир Прибиловский:

- Бұл реформаның заң жүйесін реттеуге пайдасы тиюі неғайбіл. Мұндай өзгеріс жасауға ешқандай мұқтаждық көріп тұрған жоқпын. Не болса да мұның артында саяси ойын тұр, - дейді.

Азаттық тілшісі Том Бэлмфорттың мақаласын ағылшын тілінен аударған - Сағынай Кәрім.
XS
SM
MD
LG