Accessibility links

Сочидегі көлік пен билет


Ресей мен Германияның әйелдер хоккей командаларының ойынын тамашалауға келген көрермендер. Сочи, 9 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей мен Германияның әйелдер хоккей командаларының ойынын тамашалауға келген көрермендер. Сочи, 9 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сочиге аттанған Азаттық тілшісі олимпиада бағындағы өмірмен танысып, түнгі қаланы да аралап шықты.

Сочиде кез келген аялдама мен ғимарат алдында тұрған еріктілер кез келген сұрағыңызға жауап береді. Бірақ олардың кейбірі ағылшын тілін жетік білмейді. Бірнеше еріктіні ағылшынша әңгімеге тартқанымда тіл білетін басқа серіктерін шақыруға мәжбүр болды. Олардың бірі қала көшелерінде жүрген еріктілердің көбі орыстілді екенін, ағылшын тілін меңгергендері спорт жарысы өтетін кешендер мен олимпиада ауылында екенін айтты.

Ұйымдастыру комитеті олимпиада қарсаңында арнайы олимпиадалық автобустар маршруттарын ашқан. Қоғамдық көлік түнгі сағат бірге дейін жүреді. Қолыңызда жанкүйер құжаты болса, қаладағы автобус пен пойыздарда тегін жүресіз. Жанкүйер паспорты – жарысқа келген, қолында билеті бар кез келген жанкүйерге берілетін тегін құжат. Ойын өтетін жерге кірерде де билетпен бірге осы жанкүйер паспортын көрсету керек.

Сочиден спорт кешендерінің арасы алыс. Шаңғы жарыстары өтетін «Лаура» спорт кешеніне жету үшін үш сағаттай уақыт кетеді. Ал хоккей, коньки, мәнерлеп Олимпиада автобусы көпірден өтіп барады. Сочи.

Олимпиада автобусы көпірден өтіп барады. Сочи.

сырғанау, шорт трек жарыстары өтетін олимпиада бағына жету бір-бір жарым сағат қажет. Олимпиада бағы біраз аймақты алып жатыр. Бұл жерде олимпиадалық дүкендер, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бақта олимпиада алауы мен олимпиадаға қатысушы елдердің тулары ілінген. Олимпиадалық баққа кіру үшін қолыңызда жарыс билеті болу керек.

Іріктеу жарыстары өтіп жатқан жерлерде көрермендерге арналған бос орындар көп. Жанкүйерлер медальдар сарапқа салынатын жарыстарға билет алып жатыр. Кассадан түскі уақыттарда кезек қызады. Билет алу үшін екі сағаттай кезек күткен кездеріміз де болды.

Сочи қаласының ішінен шетелдік туристерді кездестіру қиын. Барлығы жарыс өтетін аймақта жүр. Шетелдіктердің көбі қала сыртындағы спорт кешендерінің маңынан орын алғанын айтады.

Қала көшелері қауіпсіз. Түнгі сағат бір кезінде де еркін жүре беруге болады. Түнгі 12-ге дейін қаладағы мейрамхана, кафелерде музыка ойнап тұрады. Көшедегі күзет қызметкерлері 24 сағат жұмыс істейтіндерін айтады.

ВИДЕО: Сочидегі олимпиада бағындағы көрініс
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG