Accessibility links

Тек «Иә!» жауабын қалайтын сауалнама


Сочи қаласындағы жаңа жолға қойылған белгіліер. Көрнекі сурет

Сочи қаласындағы жаңа жолға қойылған белгіліер. Көрнекі сурет

Сочи Олимпиадасының вебсайтында халықтың жарысты қаншалықты асыға күтіп жүргенін анықтайтын сауалнама бар. Бірақ сұрақтар жауап беруші ықыласпен «иә» деуі үшін ғана қойылған сияқты.

Сауалнама риторикалық сұрақ қоюға ниетті емес.

Аталмыш сайттың «Олимпиада ойындарын асыға күтіп жүрсіз бе?» деген сұрағына қатысты жазылған жауаптар сауалнама заңдылығына қайшы сияқты көрінеді.

Оқырманға былайша жауап беру ұсынылады:

  • «Иә, мен Гватемаладағы жеңістен бері асыға күтіп жүрмін. Олимпиадаға аз-ақ уақыт қалғанына сене алар емеспін».
  • «Мен шынымен жарысты асыға күтіп жүрмін. Олимпиада расында да керемет жарыс. Бұл біз үшін ғана емес, бүкіл әлем бойынша маңызды оқиға!»
  • «Асыға күту себебім, спортты өте жақсы көрем және барлық олимпиада ойындарын жібермей көремін».
  • «Асыға күту себебім, біздің спортшылар бұл жолы табысты нәтиже көрсетеді деп сенем».
  • «Басқа».
Сауалнаманы ұйымдастырушылардың оптимистік көңіл күйіне қарамастан Сочи олимпиадасына қатысты даулы мәселелер баршылық.

Екі аптаға созылатын осы жарыстың дайындығына 51 миллиард доллар ақша жұмсалды деп хабарланды. Бұрынғы олимпиада ойындарына бұдан он есе аз шығын кеткен.

Адам құқығын қорғаушы ұйымдар «Ресей қоршаған орта мен адам құқықтарын таптап жатыр» деп шағымданды.

Волгоград қаласындағы соңғы екі жарылыстан соң қауіпсіздік шаралары қатты күшейтілді.

Бұдан бөлек Ресей үкіметі гейлерге қарсы заң қабылдаған соң белсенділер Сочи олимпиадасына бойкот жариялауға шақырды.

Бірақ бұл айрықша жасалған сауалнама түрін Сочи ойындарын ұйымдастырушылар бірінші болып ойлап тапты деуге де келмейді.

Өйткені осындай сауалнаманы америкалық комик Стефан Кольберт бұрынырақта бір қолданып көрген. Ол студиядағы қонақтарынан: «АҚШ-тың бұрынғы президенті Джорж Буш мықты президент пе, әлде ұлы президент пе?» деп сұраған болатын.



(Глен Кейтстің мақаласын аударған - Сағынай Кәрім)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG