Accessibility links

Ресей сарбаздары тамақтан құрт шыққанын айтты


Қызыл алаңдағы әскери парадқа дайындалып жүрген сарбаздар. Мәскеу, 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қызыл алаңдағы әскери парадқа дайындалып жүрген сарбаздар. Мәскеу, 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейлік тергеушілер Тынық мұхиты жағалауындағы аралда орналасқан солдаттардың шағымын тексеріп жатыр. Әскери борышын өтеушілер тамақтан жауынқұрт табылғанын мәлімдеген.

«Әскердегі әлімжеттікті тыйып, солдаттарға шұлғау орнына шұлық беру керек» деген шулы оқиғалардан соң Ресей жауынгерлері тағы да жаңалықтың кейіпкеріне айналды.

Ресейдің шығысындағы Сахалин облысындағы әскерлер бір ай бойы құрт пен дернәсіл (личинка) қосылған тамақ ішіп жүргенін мәлімдеді. Тынық мұхитының кішкентай аралы Кунаширдегі базада орналасқан офицерлер мен солдаттар тамақтағы жауынқұртты суретке түсіріп, жергілікті прокуратураға шағымданды.

«ҰЛЫМ 10 КИЛОГРАМҒА АРЫҚТАДЫ»

Ресми дерек бойынша, базада мыңға жуық жауынгер бар. Олардың сөзіне қарағанда, солдат отбасылары жергілікті баспасөзге шағымданған соң ғана шара қабылдана бастаған. «Менің ұлым базада жарты жылда қызмет еткенде 10 килограмға арықтады» дейді бір солдаттың анасы.

– Поштамен салған сәлемдеме Сахалинге екі айда жетеді, ал солдаттардың дүкеннен тамақ сатып алуға ақшасы бола бермейді. Сахалин облысында әскери борышын өтеп жүрген солдаттар мен офицерлердің денсаулығы мен өмірі жақсы емес, – дейді ата-аналар.

Жергілікті әскери прокуратура 6 ақпан күні тергеу ісіне кіріскенін мәлімдеді. Шығыс Шұлғау орауды үйреніп жатқан жастар. Мәскеу, 27 сәуір 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

Шұлғау орауды үйреніп жатқан жастар. Мәскеу, 27 сәуір 2007 жыл. (Көрнекі сурет)

әскери округы жауынқұрттың қарақұмық жармасынан шыққанын мойындап, «бірақ бұл рет қана болған жағдай» деді.

2011 жылдың мамырында Ресей ішкі істер министрлігінің бұрынғы офицері Қиыр Шығыстағы солдаттарға қаржы үнемдеу үшін итке арналған тамақ берілгенін мәлімдеген.

Майор Игорь Матвеев сол кездегі президент Дмитрий Медведевке бейне үндеу жариялап, итке арналған тағамның жапсырмасы «сапалы сиыр еті» деген жазумен алмастырылғанын айтқан еді.

YouTube-те жарияланған сол бейнебаяннан соң Матвеевті қызметтен шығарып жіберді. Ол «қызмет өкілетін асыра пайдаланды, екі әскери қызметкерді ұрып-соқты» деп айыпталып, әскери шенінен айырылып, төрт жылға түрмеге қамалды.

Бірақ тергеушілер Игорь Матвеевтің шағымы негізсіз болмағанын анықтады. Аға сержант иттің тамағын сарбаздарға бергенін мойындап, айып төлеп қана құтылды.

Сарбаздардың тамағынан құрт шыққан Кунашир (жапон тілінде айтылуы - Кунасири-то:) - Куриль аралдар тобының ең оңтүстік шетіндегі арал. Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлуі бойынша, Кунашир Сахалин облысының Оңтүстік Куриль қалалық округы құрамына кіреді. Ал Жапония бұл аралды өзінің Хоккайдо губерниясы Нэмуро округының құрамындағы жер деп біледі.

Картаны үлкейтіп көріңіз
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG