Accessibility links

Ресейді «Еуромайданның» елесі кезіп жүр


Сот ғимараты алдында "Майдан" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған адам. Мәскеу, 24 ақпан 2014 жыл.

Сот ғимараты алдында "Майдан" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған адам. Мәскеу, 24 ақпан 2014 жыл.

Киев түшкірсе, Мәскеуге тұмау тие ме? Янукович режимінің құлауы Ресей оппозициясын желпіндіріп тастаса, Кремльдің зәресін ұшырғаны анық.

Жиналған жұрт «Майдан! Майдан!» деп аттандап жатқан. Сол сәтте полицейлер келіп, шерушілердің біразын тұтқындап әкетті.

Жанып жатқан резеңке дөңгелектерді қорған қылған үш адам Украина туын желбіретіп, темір қалқандарды таяқпен тоқпақтап жатыр.

Бұл Киев көшелеріндегі көрініс деп ойлайсыз ба? Жоқ, екеуі де Ресейде болған жағдай.

Бұлардың алғашқысы – ақпанның 24-індегі Мәскеудегі сот ғимаратының алдында болған наразылық шарасы. 2012 жылдың мамырында Мәскеудің Болотный алаңында Кремльге қарсы басталған шерудің соңы қақтығысқа ұласып, біраз кісі тұтқындалған. Жүздеген шеруші осы «Болотный ісі» бойынша сотталып жатқандарға араша сұрап, үкіметті сынап көшеге шыққан.

Мәскеуде жиналғандар украин тілінде «Банду геть!» деп айқайлап, шерулерді тыныштандырмақ болған полицияға украинша «Беркут» деп ат қойды. Украинада Янукович билігіне қарсы шыққандар осы ұранды айтқаны, ал Полиция оппозиционер Алексей Навальныйды сот ғимараты алдында тұтқындап жатыр. Мәскеу, 24 ақпан 2014 жыл.

Полиция оппозиционер Алексей Навальныйды сот ғимараты алдында тұтқындап жатыр. Мәскеу, 24 ақпан 2014 жыл.

«Беркут» жасағы халқына қару қолданып, абыройдан айырылғаны белгілі.

Ресейде полицейлер ұстап әкеткендердің арасында оппозиция басшысы, белгілі блогшы Алексей Навальный, Pussy Riot тобының әншілері Надежда Толоконникова мен Мария Алехина бар.

Екіншісі – бұдан бір күн бұрын, ақпанның 23-інде, Санкт-Петербургтың ортасында болған оқиға. Билікке қарсы ерекше флеш-мобтар ұйымдастырумен аты шыққан суретші Петр Павленский Украинадағы көтерілісшілерге осылайша қолдау білдірген.

«ОРЫС МАЙДАНЫН» КҮТУ

Ресейді Украинадағы «Еуромайданның» елесі кезіп жүр.

Владимир Путиннің клептократиялық және автократиялық режимін көшіруге тырысқан дарынсыз басшы Виктор Януковичтің бұлайша абыройсыз жағдайда биліктен кетуі Ресей оппозициясын бір серпілтіп тастады.

Танымал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Майданды қолдаған «Бұл үрей шынайы емес» деп аталған видеоның халық арасына кең таралуына ықпал етті.


Ақпанның 22-сі Facebook-тегі парақшасында «Майданның сабақтары» деген тақырыпта пікір жазған оппозициялық саясаткер Борис Немцов Януковичтің «құлауына себеп болған шарттардың бәрі Ресейде де бар» деді.

«Айырмашылығы – Путиннің ақшасы көбірек және Ресей халқы төзімдірек. Бірақ олардың төзімі таусылатын кез де болады» деп жазды Немцов.

«Кремль Майданнан сабақ ала ма? Олар енді өтірікті аз айтып, аз ұрлауға көше ме? Халыққа бостандығын қайтарып бере ме? Бұған күмәнім бар. Олар бұрынғыдан көп өтірік айтуға көшеді. Олар билікке бұрынғыдан бетер өршелене жабысып алмақ. Репрессиялардың басталатынына шүбәм жоқ. Мұның ақыры орыс Майданына ұласары анық» дейді Немцов.

«Орыс Майданына» себеп бар ма, жоқ па, ол жағы беймәлім – бірақ таяу арада қудалау, қорқытып-үркіту мен қуғындаудың басталатыны айқын.

«ТӘРТІПСІЗ» КИІМ

Ақпанның 24-і күні Ресей полициясы «Болотный ісі» бойынша айыпталып жатқандарды қорғау мақсатында Мәскеудің Замосковорецкий сотының алдына жиналған адамдарды да, Кремль түбіндегі Манеж алаңына өтуге талпынған 300-дей Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп отыр. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп отыр. Мәскеу, 17 желтоқсан 2013 жыл.

адамды да қамады. «Болотный ісі» бойынша айыпталған жеті адам 30 айдан төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Мәскеуде тіпті билікке ұнамайтын киім киіп жүргендердің де қуғынға ұшырайтын кездері болады.

«Дождь» телеарнасының журналисі Егор Максимов украиндардың сары және көк түсті туы бейнеленген қалпақ киген адамды полицияның ұстап әкеткенін өз көзімен көргенін Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Неткен ақымақтық! Үстіне «Нью-Йорк» деп жазылған, көк-сары түсті бас киім киген кісіні ұстап әкетті» дейді ол. Оның айтуынша, полиция қалпақ киген жігітке: «Киевті қолдап жүрсің бе? Онда бізбен бірге жүр!» деген.

«ЖАҢА ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ»

Украинадағы «Еуромайданды» қолдап пікір айтқан әлеуметтік желілердегі жазбалар да Ресей билігі назарын ерекше аудартып отыр.

Мәскеудегі жоғары экономика мектебінің студенті Юлия Архипова осындай пікір жазамын деп біраз жапа шеккен. Ресейлік телерадиожурналист Владимир Соловьев тұтастай бір хабарын Юлияның және басқа да студенттердің «Майданды» қолдап жазған пікірлерін сынап-мінеуге арнаған.

Global Voices сайтында Кэвин Ротрок жазғандай, журналистер Ресей азаматы Архипованы «гомосексуализмді қолдайтын Украина азаматы» деп сырттай кемсіткен.

«Мәскеу түшкірсе, Киев тұмауратады» деген сөз бар. Енді бұл керісінше болар-болмасын көреміз. Ресей оппозициясы «Майданның» рухына жігерленіп, ал Кремль «революция вирусы» солтүстікке тарап кетпес үшін жанталаса қымтанып жатқан сыңайлы.

Алдыңғы блогтарымның бірінде Украина мен Ресейде жаңа саяси тұлғалардың билікке келуін қалайтын жаңа постсоветтік буынның өсіп келе жатқанын жазғанмын.

Украинаның бір айырмашылығы – мұнда қауіпсіздік күштері саясатқа көп шырмалмаған, елде плюралистік жүйе қалыптасқан, ал азаматтық қоғам белсендірек. Содан да болар, қаруланған қауіпсіздік күштері аяусыз күш қолданғанда да халық алаңнан кетпей тұрып алды. Билік қаншалық күш көрсетсе, шерушілер соншалық қайраттанып, жігерлене берді. Украинаның режимін құлатқан – Украинаның көшелері.

Ресейдің көшелері әлі мұндай қайсарлық мен табандылық көрсеткен жоқ. Әзірге көрсете қойған жоқ.

(Бұл блог Брайан Райтмордың жеке көзқарасын білдіреді).

Материалды ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG