Accessibility links

Неге танымал адамдар Путиннің партиясын төңіректейді?


Анастасия Волочкова, балерина. Сочи, 26 наурыз 2009 жыл

Анастасия Волочкова, балерина. Сочи, 26 наурыз 2009 жыл

Қыркүйектің 25-і өткен билеуші «Единая Россия» партиясының сайлауалды конгресі желтоқсанның 4-інде өтетін Ресей Мемлекеттік Думасына сайлауға дайындық кампаниясының «тұсауын кескен» сияқты.


Конгреске елдің алдында жүрген бюрократтар, саяси тұлғалармен бірге мәдениет саласының адамдары да жиналды. Басқа саяси партиялар сияқты «Единая Россия» да өзінің танымалдығын әйгілеп, ажарын кіргізу үшін актерлерлерге, музыканттар мен бишілерге және өзге де көрнекті мәдени тұлғаларға қамқорлық танытып отырады.

ӨНЕР АДАМЫНА ПАРТИЯНЫҢ «ПАЙДАСЫ» БАР МА?

Осы жылдың басында бұрынғы прима-балерина Анастасия Волочкова партиядан жария түрде шығып, «Юкос» компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийді айыптаған үндеуге өзінің сыртынан қол қойып жібергенін мәлімдеді. Ақпан айында өз блогында балерина «Единая Россия» партиясына 2003 жылы Үлкен театрдан босағаннан соң ұзамай кіргенін жазады. «2003 жылы өз өмірімді сақтап қалуым қажет болды» дейді ол блогында.

Азаттық радиосының Орыс редакциясына сұхбат берген өзге әртістер «Единая Россия» партиясына кіруге түрткі болған түрлі себептерді айтып кетті. Ұзақ жылдар бойы АҚШ-та тұрған және Борис Ельцин мен Билл
Саксофоншы Игорь Бутман.

Клинтонның алдында өнер көрсетіп жүрген джаз саксофоншысы Игорь Бутман партияға 2008 жылы қосылыпты.

- Мен бұл туралы Кремльмен байланысы бар әрі өнерге қолдау көрсетіп жүрген Михаил Куснирович, президент әкімшілігі басшысының орынбасары Владислав Сурковпен талқыладым. «Егер билеуші партия өнер адамына қажет болатын болса, онда партияға кіремін» деп ойладым, - дейді Игорь Бутман.

Советтік кезеңнің тумасы, әртіс Лариса Лужина билеуші партияға 1999 жылы «Отечество» қозғалысына кіру арқылы қабылданған. Сол кездегі Мәскеу мэрі Юрий Лужков, бұрынғы премьер-министр Евгений Примаков және Санкт-Петербургтің губернаторы Владимир Яковлев құрған ол партияны кейіннен «Единая Россия» «жұтып қойды».

«ЕДИНАЯ РОССИЯ» КРЕМЛЬДІҢ МАЛАЙЫНА АЙНАЛДЫ»

Лариса Лужина өзін «Отечество» қозғалысы жақсы құрметтегенін айтты. «Яковлев, Примаков пен Лужков бізді өздерінің алғашқы жиналыстарына шақырғаны есімде. Жиналыс
Егер билеуші партия өнер адамына қажет болатын болса, онда партияға кіремін деп ойладым.

Ғалымдар үйінде болды. Олар мені және актер Лев Дуровты шақырды. Біз үлкен конгреске бардық. Маған олардың жігерлендіріп сөйлеген сөздері ұнады Әсіресе, Евгений Примаковты ұнатып қалдым. Ол зиялы адам еді, әрі біршама ақылға қонымды нәрселер айтты» дейді ол.

Лариса Лужина партиямен үш жылдан бері «белсенді байланыс орнатып келе жатқанын» айтады. «Қазір партиямен қарым-қатынасым аздап саябырсыды. Бірақ бұл менің партиядан шығуымды, я басқа ниетте екенімді білдірмейді» дейді ол.

Осы жылдың басында ұзақ уақыт «Единая Россияның» жоғары шенді шенеунігі болған Юрий Лужков Мәскеу қаласының мэрі қызметінен алынып, партия қатарынан шығарылды. Таяуда ол «Нью-Йорк Таймс» газетіне берген сұхбатында «Единая Россия» партиясы Кремль мен биліктің «малайына» айналды. Ол бірде-бір заң жобасын өз бетінше дайындаған жоқ» деген. Яковлев саяси және қоғамдық өмірден алыстаса, Примаков академиялық салаға бет бұрды.

Советтік дәуірдің тағы бір тумасы актер Сергей Жигунов «Единая Россияға» 2003 жылы коммунистік партияға қарсы тұру үшін кіргенін айтады.

- Мен партияға кіргенім дұрыс деп білдім. Мен өз ойымдағыны жасадым. Ол кезде жағдай да өзгеше болатын. Коммунистер ол кездері өте күшті еді, - дейді Сергей Жигунов.

ПАРТИЯНЫ ЕМЕС, ПУТИНДІ ҚОЛДАЙТЫН ӘРТІСТЕР

Азаттық радиосына сұхбат берген өнер адамдарының көпшілігі Путиннің өзін жеке-дара ерекше қолдайтындарын білдірді. «Путиннен өзге «Единая Россияның» басшыларынан кімдерді танисыз?» деген сұраққа әнші және хореограф Борис Моисеев бірден: «Мен олардың ешқайсысын
Әнші Борис Моисеев.

танымаймын. Мен партия туралы ойламаймын. Бірақ Путин үшін алаңдаймын» деді.

Бірақ олар партияның неге арқа сүйейтінін дәл айта алмады. Жигунов «Единая Россияның» да, басқа партиялардың да идеологиялық негізі жоқ екенін айтты. «Еліміздегі бірде-бір партияның, тіпті коммунистерде де нақты түзілген идеологиясы жоқ. Өкінішке қарай, бізде идеология қалыптаспаған» дейді Сергей Жигунов.

Барлық партиялардың бір нәрсені қалайтынын айтқан актриса Лариса Лужина да осыған ұқсас пікір білдірді. «Мен олардың арасынан қандай да бір айырмашылықты байқамаймын. Олардың барлығы бірдей жақсы өмір сүруді қалайды. Менің түсінгенім бойынша, «Единая Россия» да адамдардың жақсы өмір сүргенін, әділеттілікті және өз құқықтарын пайдалана алғанын құп көреді» дейді Лариса Лужина.

Ол партияға кірген кезінде «ойын автоматтарына, ойынханаларға қарсы» жүргізілген науқанды есіне алды. «Маған ол науқан ұнайтын, себебі өзім
Мен партия туралы ойламаймын. Бірақ Путин үшін алаңдаймын.

де солардың құрбаны болғанмын» деді актриса. Ол партияның идеологиясын «адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарту» ретінде қарастырады екен.

Азаттық радиосына берген сұхбаттарында өнер адамдары «Единая Россияның» мәдени саладағы күші мен ықпалын тілге тиек еткенімен, партияға кірудің жеке бастарына сондайлық бір пайдасы тимегенін айтты. Лужина өзінің кіші ұлына үй алып беруде партиядағы таныстарының көмегін пайдаланғанын жеткізді. Актер Сергей Жигунов партия советтік дәуірдің әншісі, актер Владимир Высоцкийді қолдайды деп үміттеніпті.

- Мысалы, Высоцкийдің қайтыс болғанын атап өту турасында бір жоба болды. Мен оны шоу арқылы атап өтуге көп дайындалдым. Шынымен тамаша, эмоционалды және жан-жақты ойластырылған жоба болды. Бірақ кейбір себептермен оның бәрі жүзеге аспай қалды. Партиядағы бір адамдар мұны қажет емес деп шешкен болар деп ойладым, - дейді Сергей Жигунов.

Саксофоншы Игорь Бутман партияның «Аймақтардағы джаз» атты жобаны қаржыландыруын сұрағанын, бірақ партия тарапынан ешқандай қолдау болмағанын, бірақ ол партиямен «Музыка және Уақыт» атты дөңгелек үстелде бірге болғанын айтты. «Мен музыканттармен кездесіп, сөйлестім. Шеберлік дәрістерін өткіздім. «Единая Россия» аймақтарда мұндай нәрсені атқаруға қабілетті жалғыз ұйым болды» дейді ол.

«САЙЛАУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ПАРТИЯ»

«Единая Россиямен» байланысы бар өнер адамдарының барлығы бірдей партияның пайдасы туралы әңгімелеуге құлықты емес. 1979 жылы Оскар жүлдесін жеңіп алған «Москва слезам не верит» атты фильмді түсірген, 2003 жылы «Единая Россия» қатарына кірген актер және режиссер Владимир Меньшов я партия туралы, я қазіргі мүшелігі жайлы пікір айтудан бас тартты. «Партия мүшесі ретінде мұны талқылаудың қажеті жоқ. Бұл тұрғыда мен ешнәрсе айта алмаймын» деді ол Азаттық радиосына.

2008 жылы «Esquire» журналына берген сұхбатында Владимир Меньшов
Актер әрі режиссер Владимир Меньшов пен зайыбы Вера Алентова.

«Единая Россияны» «тек сайлауларға бола құрылған бюрократтардың партиясы» деген еді. Бұған дейін Меньшов Никита Михалковты Оскар жүлдесіне ұсынылатын фильмдерді анықтайтын комитетті бақылауына алып отыр деп сынаған болатын.

Актер және продюсер Алексей Гуськов 2009 жылы «Единая Россияның» мәдени және шығармашылық интеллигенциямен байланыс координаторы болып тағайындалды. Алайда, ол содан бері неге екені белгісіз қызметін тастап кеткен.

- Ол жайында әңгімелескім келмейді. Мен артиспін. Неге одан да өз басымның проблемалары жайлы айтпасқа? Мен қазір Еуропада жұмыс істеп жатырмын. Барлығы ойдағыдай. Жақында ғана неміс фильмінің премьерасын өткіздім. «Единая Россия» жайында қандай да бір тарап ретінде мүлдем ешнәрсе айтқым келмейді, ештеңесіне қатысқым келмейді. Олардың бәрін жоққа шығарамын, - деді продюсер Алексей Гуськов.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG