Accessibility links

Әлеуметтік желілер ЦРУ-ға уайым болды


Ресейдегі АҚШ елшілігінің қызметкері Райан Кристофер Фоглдың құжаты.

Ресейдегі АҚШ елшілігінің қызметкері Райан Кристофер Фоглдың құжаты.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) «орыс офицерін тыңшылық қызметке көндіруге әрекет етті» деген күдікпен Мәскеуде америкалық дипломатты ұстағаннан кейін «барлаушылар әлеуметтік желілерде қандай ақпарат жариялауы мүмкін» деген мәселе көтерілді.

Тыңшылар мен барлаушылар өздерінің әрекетін бүркемелеу үшін сан түрлі амал-айлаға барады. Әлеуметтік желілердің арқасында енді бұл амалдар интернет саласына да тарала бастады.

АҚШ-тың орталық барлау басқармасы (ЦРУ) әлеуметтік желілерді пайдалану жолдары туралы өз қызметкерлеріне арналған кеңестерді осыдан бірнеше жыл бұрын шығарғанын Wall Street Journal газетіне басқарма қызметкерлерінің бірі хабарлаған.

Онда ЦРУ агенттеріне Facebook пен Twitter желілерінде тым көп ақпарат жарияламауға кеңес берген. Ал ақпараттың тым аздығы да күдік тудыруы мүмкін.

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінің саяси бөлімінің 29 жастағы қызметкері, Ресей аумағынан мамырдың 19-ында шығарылған Райан Кристофер Фогл – жас жігіт, Райан Фогл және АҚШ елшілігі қызметкерлері ФСБ-да отыр.

Райан Фогл және АҚШ елшілігі қызметкерлері ФСБ-да отыр.

қазіргі кезде әлеуметтік желілерде көп отыратын жандардың қатарынан.

Газеттің жазуынша, Facebook желісінде Райан Фоглдың 243 досы ғана болған. Тек күдік тудыратын жері – ол өзі құралпы жастарға қарағанда белсенді қолданушы емес.

Фоглдың Facebook-тегі 243 досының бірі Wall Street Journal-ға оның парақшасының суретін көрсеткен. Парақшада Райан Фогл АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің қызметкері ретінде айтылғанмен, фотосы жоқ. «Досының» айтуынша, Райан Фогл «қырғи-қабақ соғыс» заманында Мәскеуде салынған бункерге, Сан-Мишель тауы мен Польшадағы Краков қаласына сапары кезінде түсірген суреттерін жариялаған. Басылымның хабарлауынша, Фогл АҚШ-қа қайтып келгені туралы жазып, ұшып келген күні мен уақытын да көрсеткен.

«ЦРУ-дың әлеуметтік желілерді пайдалану жөніндегі кеңестерін орындау Facebook пайда болған кезде студенттік шағын өткерген жас қызметкерлерге қиынға түседі. Бұлар – жеке ақпаратты шапшаң әрі ықыласпен бөлісетін жастар» деп жазады Wall Street Journal.

Алайда ЦРУ-дың бұрынғы қызметкерлерінің бірінің Wall Street Journal басылымына айтуынша, ол мекемеге де әлеуметтік желілердің қарқынды даму Ресейлік ФСБ "АҚШ дипломаты Кристофер Райан Фоглдан алынды" деп көрсеткен заттар. 14 мамыр 2013 жыл. (Russia Today телеарнасының сайтынан скриншот).

Ресейлік ФСБ "АҚШ дипломаты Кристофер Райан Фоглдан алынды" деп көрсеткен заттар. 14 мамыр 2013 жыл. (Russia Today телеарнасының сайтынан скриншот).

ағымына ілесуге тура келген. Бүркеншік атпен жұмыс істейтін қызметкерлер де енді әлеуметтік желіде өздерінің аккаунтын шын есімімен тіркей алады. Оларға жолсапар жазбалары мен түсірген фотосуреттерін жариялауға рұқсат етілген, бірақ өздері қатысатын жобалар мен сапарлардың қыр-сырын егжейлі-тегжейлі жариялауға тыйым салынады.

ЦРУ «бүркеншік есіммен жұмыс істейтін агенттерді әшкере етуі мүмкін» деген қауіппен қызметкерлеріне Facebook желісінде отыратын өз әріптестерімен «достаспауға» кеңес береді. Бұл кеңес пайда болған кезде «ЦРУ-дың қызметкерлері желідегі достарының ішінен бұрын тіркелген әріптестерін алып тастау керек пе, жоқ па?» деген сауал туған. Өйткені бұл да астыртын жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты секем тудырып, оларды әшкере етуі мүмкін еді.

«Технологиялар тыңшы мамандығын түбегейлі өзгертті. Енді адамдар жайлы ақпаратты онлайн арқылы оңай табуға болады» дейді ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері.

Райан Фоглдың 19 мамыр күні Ресейден кетіп бара жатқан сәтінде әуежайда түсірілген видеосюжет:
XS
SM
MD
LG