Accessibility links

Белсенділер Кремльдің ісіне қарай әрекет етеді


«ВКонтакте» желісінің негізін қалаған Павел Дуров.

«ВКонтакте» желісінің негізін қалаған Павел Дуров.

Ресей осы аптада интернет пайдаланушылардың еркіндігін шектейтін шаралар қабылдады. Ал белсенділер «бұл ойында биліктен бір қадам алда жүруіміз керек» дейді.

Ресейдегі танымал әлеуметтік желінің қызметінен кеткен басшысы идеясын жүзеге асырып, жаңа кәсіп жасау үшін қайда барады? Әрине, бәсекелестікке ұмтылады.

«Біз жаңа мекен таңдап, жобамызды жүзеге асыруға болатын, өміріміз бен еркіндігімізге шектеу қоймайтын елге барамыз» деп жазды Павел Дуров Facebook-тегі парақшасында. Дуров бұл парақшасын 2006 жылы ашқанымен оны көп пайдаланбаған.

ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ ЖАЙЛЫ

29 жастағы Дуров сәуірдің 22-сінде «ВКонтакте» желісіндегі үлесін сатуға мәжбүрлеген соң Ресейден кеткенін айтты. Қазір желіні Кремльге жақын олигархтар Алишер Усманов пен Игорь Сечин иемденіп отыр. Дуровтың «желіні Павел Дуровтың "ВКонтакте" желісіндегі үлесін сатқаны жайлы мәлімдемесі.

Павел Дуровтың "ВКонтакте" желісіндегі үлесін сатқаны жайлы мәлімдемесі.

пайдаланушылардың жеке дерегін беруден бас тарттым» деген сөзі ресейлік белсенділерді тіксіндірді.

«Интернет болмаса жаңа темір шымылдықтың шырмауында отыратын едік» дейді Волгодонск қаласындағы теракт құрбандарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйым жетекшісі Ирина Халай.

Ол сайты мен әлеуметтік желілер арқылы Ресейдегі терактіден зардап шеккендерге жәрдемдеседі.

1991 жылы Волгодонск жарылысында (кейбір бақылаушылар оны «Ресей Шешенстанға екінші мәрте шабуыл жасау үшін қолдан ұйымдастырды» дейді) жараланған Халай ақпараттың бәрін интернет арқылы тарататынын айтады.

«Билік біздің сөзімізге мән беріп отырады, әлеуметтік желіде белсенділік танытсақ, қатты алаңдайды» дейді ол.

«ДУРОВТЫҢ АЙЛАСЫ»

Батыл әрі бірбеткей вундеркинд ретінде танылған Павел Дуровты Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукербергпен салыстыратындар көп. Бірақ түрі балаң, мойны бар қара жейдесін тастамайтын Дуровты кумиріне – Apple компаниясының құрылтайшысы болған Стив Джобске ұқсатуға да болады. Дуров ет жемейді, ішімдік пен шылымға да жоламайды. Жеке дәулеті 300 миллион АҚШ долларын Павел Дуровтың "ВКонтакте" желісіндегі парағы. 2011 жылдың желтоқсаны.

Павел Дуровтың "ВКонтакте" желісіндегі парағы. 2011 жылдың желтоқсаны.

құрайтын Павел Дуров оқыс әрекеттер жасап, елді таңырқатуға да құмар. Ол бірде бес мыңдық рубльден ұшақ жасап, Санкт-Петербургтегі «ВКонтакте» штаб-пәтерінің терезесінен ұшырған еді.

Пираттық жолмен көшірілген фильмдер, музыка мен ойындардың мол қоры бар «ВКонтакте» желісі пайдалануға ыңғайлы болғандықтан да жұрттың көңілінен шықты. LiveJournal сияқты сайт блогымен бірге «ВКонтакте» жергілікті белсенділердің мүмкіндігін арттырып, қайырымдылық топтары мен қоғамға қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын жүргізуге жағдай жасады.

Ең бастысы, «ВКонтакте» саяси оппозицияның өз алдына онлайн база құруына ықпал етті. Солардың екеуі (Кремльге қарсы оппозиционер Алексей Навальныйдың және Еуромайдан шерушілерінің блогы) Дуровтың Ресей билігімен келіспей қалуына себеп болды.
Жеке адам еркіндігінен қоғам еркіндігін жоғары қоятын Дуровтың қысымға шыдамай қалған кездері де бар.


Жеке адам еркіндігінен қоғам еркіндігін жоғары қоятын Дуровтың қысымға шыдамай қалған кездері де бар. «ВКонтакте» желісі 2010 жылы Беларусь президент болудан үміткер тәуелсіз кандидаты Андрей Санниковты қорғау тобын өшіріп тастаған еді. АҚШ тыңшысы Эдуард Сноуден Ресейден саяси баспана сұрап келгенде Дуров Кремльдің ыңғайына жығылып, оған жұмыс ұсынған.

Павел Дуровтың Ресейден кетуін айлаға құрылған маркетинг стратегиясы санайтындар да бар. Ол ағасы Николаймен бірлесіп жасаған, смартфондар арасында тегін мәтін алмасуға мүмкіндік беретін Telegram қосымшасын дамыту мақсатында шетелге шығуы мүмкін. Қосымшаға 8 айдың ішінде 40 миллион адам тіркелді. Оның telegram.org сайтының маңдайшасында «Жеке өмірдегі құқыңызды қайтарып алыңыз» деген сөйлем тұр.

Америкалық блогер, Ресей мен АҚШ-тағы құпиялылық туралы жазатын Кэтрин Фицпатрик Дуровты «таза оппозициялық тұлға» ретінде қарастыруға болмайтынын ескертеді. Оның пікірінше, Дуров Ресейден кеткен соң «ВКонтакте» желісі құрдымға кетуге тиіс еді, бірақ қазір елдегі оны пайдаланушылар саны 250 миллион адамға жетіп, орыстілді ортадағы ең маңызды желі болып қала берді.

«Егер «ВКонтакте» жойылса, постсоветтік аумақтағы қарапайым адамдар қиналып қалады. Оны пайдаланушылар, қарапайым тұрғындар - оппозиция көңіл бөлетін қауым. Осы базадан айрылса, оппозиция да зор зиян шегеді» дейді блогер.

«ЖАБАЙЫЛЫҚ»

Енді «ВКонтакте» желісін пайдаланушылардың көбі Дуровтан үлгі алып, Facebook желісіне кіре бастауы мүмкін. Әлемде 1 миллиардтан астам адам тіркелген Facebook ресейліктердің шетелдік достарымен хабарласуына мүмкіндік береді. Facebook немесе Google сияқты шетелдік фирмаларды Кремль бақылауға тырысуы да ықтимал. Мемлекеттік дума сәуірдің 22-сі күні әлеуметтік желілерге қатаң шектеу қоятын заң жобасын қабылдады.

«Журналистерді қорғау комитеті» сияқты сөз еркіндігін жоқтаушы ұйымдар «Мәскеу енді Кремльді сынаушылардың үнін өшірмек» дейді.

Ал белсенді Ирина Халай өзінің Gmail-ге әзер кіретінін айтады, бір кездері танымал болған «Одноклассники» де Украинаға қарсы спамнан көз ашпай, Кремльге тәуелді болып қалды.

«Біз 1937 жылға оралған сияқтымыз. Қазіргі заманда осындай нәрселерге тыйым саламын деудің өзі – жабайылық» дейді белсенді.

Басқа белсенділер үміт үзбеуге тырысады. Мәскеулік эколог, Химки орманын Белсенді Евгения Чирикова. 29 қазан 2013 жыл.

Белсенді Евгения Чирикова. 29 қазан 2013 жыл.

қорғау ұйымының жетекшісі Евгения Чирикова интернетті «оппозицияның күшті құралы» деп біледі.

Билік «балаларын тартып аламыз» деп қорқытқан кезде YouTube-те мәлімдеме жариялаған Чирикова «оппозиция биліктен бір қадам алда жүруге тиіс» дейді.

Навальныйдың блогы мен оппозициялық grani.ru сайтын жапқан кезде олар балама сайттар ашу, кедергіні бұзып өту сияқты жаңашыл амалдар қолданған еді.

Ал Чирикова мен жақтастарының Activatica жеке әлеуметтік желісіндегі белсенділігі шектелуі мүмкін. Олар осы желі арқылы Ресейде экологиялық кампаниялар ұйымдастыруға шақырған, сочилік эколог Евгений Витишконы түрмеден босатуға үндеген.

«Қазір мен тек Activatica мен Twitter (@4irikova) желілерін ғана пайдаланамын. LiveJournal-ды қолданбаймын, себебі олар цензура жасайды. Навальныйдың блогын жапқаннан бері одан көңілім қалды. «ВКонтакте» желісін де пайдалануды доғардым. Павел Дуров елде жоқ, сондықтан ол әлеуметтік желіге сенбеймін» дейді Евгения Чирикова.

Оның пікірінше, «әркім өз бағдарын анықтап алсын да, шектеулер туралы ойламай, ойға алған ісімен айналыса берсін».

Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG