Accessibility links

Дума санкция шығынын өтейтін заң жобасын мақұлдады


Ресей мемлекеттік думасының сессиясы. (Көрнекі сурет).
Ресей мемлекеттік думасының сессиясы. (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы Батыс елдерінің санкциясынан зардап шеккен ресейліктерге өтемақы төлеу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы санкциялар салдарынан шетелдердегі активтерінен айырылған азаматтарға мемлекеттік бюджеттен өтемақы төлеуді қарастырады. Құжат бұған қоса, сот орындарына шет мемлекеттердің мүліктерін тәркілеуге ордер беруге мүмкіндік жасайды.

Думадағы оппозициялық партия өкілдері заң жобасын қолдаған жоқ. Құжатқа 233 депутат қолдап, 202 депутат қарсы дауыс берген. Ресей экономика министрі Алексей Улюкаев бұл заң қабылданса, елден капиталдың сыртқа ағылуы қазіргіден де күшейеді деп ескертеді.

Заң жобасы алғаш сәуір айында ұсынылған еді. Бірақ үкімет оны халықаралық құқық пен Ресей конституциясына қайшы келеді деп сынаған. Бұдан соң құжат парламенттің күн тәртібінен алынып тасталған.

Қыркүйекте Италия билігі Ресей президенті Владимир Путиннің серігі, бизнесмен Аркадий Ротенбергтің құны 40 миллион АҚШ доллары болатын активтерін бұғаулаған еді. Ертеңінде бұл заң жобасы қайтадан мемлекеттік думаның қарауына ұсынылған.

XS
SM
MD
LG