Accessibility links

Ресей президентінің әйелдер жайлы айтқандары


Ресей президенті Владимир Путин Краснодардағы тасқыннан соң жүкті әйелдермен кездесуде отыр. Геленджик, 25 шілде 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Краснодардағы тасқыннан соң жүкті әйелдермен кездесуде отыр. Геленджик, 25 шілде 2012 жыл.

Владимир Путин француз телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды мүсіркей сөйледі. Бұл – Ресей басшысының әйелдер жайлы оқыс пікірлерінің бірі ғана.

Кремль басшысы Владимир Путин маусымның 4-і күні француз телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы әрі 2016 жылы болатын сайлаудағы президенттіктен үміткер Хиллари Клинтонды «әлсіз әйел» деп сипаттап, талайды таңдандырды.

«Әйелдермен таласпаған жөн» деді ол.

Наурыз айында Клинтон Ресейдің Қырымды аннексиялауын 1930-жылдардағы Адольф Гитлердің «неміс қауымын қорғаймын» деп Польша, Чехословакия және Еуропаның басқа да елдеріне басып кіруімен салыстырған еді. Путиннің бұл сөзі – осы салыстыруды «елемеймін» дегенді меңзейді.

«Адамдардың әдептің шегінен асып кетіп жататыны олардың мықтылығын емес, керісінше - әлсіздігін көрсетеді. Бірақ әлсіздік әйел адам үшін жаман қасиет емес те шығар» деді Ресей президенті.

Бұл – Путиннің әйелдер жайындағы алғашқы даулы пікірі емес. Төменде Кремль басшысының әр уақытта айтқан «таңдамалы» сөздері берілген.

Әйелін кемсіте айтқаны

Кремльдің төріне шықпас бұрын, 1990-жылдардың ортасында Путин бұрынғы әйеліне қатысты: «Людмиламен кемінде 2 апта бірге тұра алған кез келген адамға ескерткіш қоюға болады» деген еді.

Бұл – Олег Блоцкийдің 2002 жылы шыққан «Владимир Путин: билік жолы» атты кітабынан алынған.

Бұрынғы әйеліне деген қамқорлық па?

2013 жылы маусым айында ерлі-зайыпты Путиндер «мәдениетті түрде Ресей президенті Владимир Путин мен оның бұрынғы әйелі Людмила. Мәскеу, 7 мамыр 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен оның бұрынғы әйелі Людмила. Мәскеу, 7 мамыр 2012 жыл.

ажырасатындарын» жұртқа жариялаған еді. Ажырасу процесі биыл ғана аяқталды. Сәуір айында өткен Ресей халқымен жыл сайынғы тікелей эфирде әңгімесінде Путин «екінші рет үйленбеймін демейтінін» айтқан еді.

«Мен әуелі бұрынғы әйелім Людмила Александровнаны күйеуге беруім керек, тек сосын ғана өзім жайлы ойлануға болады» деді ол.

Зорлық жайлы оқыс пікір

2006 жылы болған бұл оқиға Батыста да, Ресейде де кең танымал. Бірнеше әйелге зорлық көрсетті деп айыпталған Израильдің бұрынғы президенті Моше Кацав туралы Путин «Ер екен!» деген пікір білдірген. Қазір Кацав түрмеде отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары Кацав туралы Путиннің «Не деген батыр десеңші! 10 әйелді зорлапты. Біз бәріміз оған қызығамыз» дегенін жариялаған еді.

Кейінірек Кремль «орыс тілінің өте күрделі екенін, аудармада әзілдің мәні өзгеріп кетуі мүмкін» екенін айтып түсініктеме берген.

Мадақ па әлде кемсіту ме?

2008 жылы бұрынғы гимнастшы қыз Алина Кабаевамен қарым-қатынасы жайлы Ресей президенті Владимир Путин спортшыларды марапаттау рәсімінде гимнастшы Алина Кабаеваға гүл тапсырып тұр. Мәскеу, 8 маусым 2001 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин спортшыларды марапаттау рәсімінде гимнастшы Алина Кабаеваға гүл тапсырып тұр. Мәскеу, 8 маусым 2001 жыл.

қойылған сұраққа Путин «Мен Ресейдің барлық әйелдерін жақсы көремін» деп жауап берген.

«Егер ең талантты және ең сұлу әйелдер – ресейлік әйелдер десем, ешкімді ренжітпеспін деп ойлаймын» деді Путин. Ол Кабаевамен байланысы бары туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Pussy Riot туралы

2012 жылы Путин Pussy Riot панк-рок тобының барлық мүшелері ересек болғанына қарамастан, феминистік ұжым жайлы «талантты қыздар» деген.

Телеарнадан берген сұхбат кезінде Путин жүргізушіден «бұл топ атауының мағынасын білесіз бе?» деген сұрақ қойды. Оны білетіндігін айтқан жүргізуші «бірақ эфирден айтпаймын» деп жауап берді.

«Міне көрдіңіз бе, сіз айта алмай отырған сөзді қыздар бүкіл әлемге айтқызып қойды, демек олар шынымен де талантты ғой» деді Путин.

Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG