Accessibility links

Ресейлік БАҚ Украинадағы оқиғаны бұрмалайды


Ресей парламентінің президент Владимир Путиннің Украина территориясында әскер пайдалану туралы ұсынысын талқылауын көріп отырған азаматтар. Ресей, 1 наурыз 2014.

Ресей парламентінің президент Владимир Путиннің Украина территориясында әскер пайдалану туралы ұсынысын талқылауын көріп отырған азаматтар. Ресей, 1 наурыз 2014.

«Киевті фашистер басып алды. Украинадан Ресейге босқындар ағылды. Еврейлерге шабуыл жасалды. Православ шіркеулері зардап шекті». Ресейлік БАҚ Украинадағы жағдайдың өңін айналдырып, осылай сипаттайды.

Украинадағы жағдай туралы нақты дерек алу оңай емес. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мұны одан әрі күрделендіріп жіберді. Ресей армиясы Қырымда тұр, Мәскеу Украинадағы әскери әрекетін ары қарай жалғастырмақ.

«ФАШИСТЕР МЕН АНТИСЕМИТТЕР»

Ресейлік БАҚ пен танымал саясаткерлер Киевтегі «фашистер» мен «антисемиттік әрекеттер», «этникалық орыстарға жасалған шабуыл», «Украинадан ағылған босқындар» туралы хабарлап жатыр. Бұл ақпараттардың жалған екені анық. Бірақ осы жалған деректер ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесінде де, Батыс баспасөзінде де кездесіп қалады.

Бұл оқиға 1997 жылы АҚШ-та түсірілген Wag the Dog ("Итке құйрығы қожа") фильмін еске түсіреді. Ол фильмде саяси технологтар басталмаған, болмаған соғысты жеделдету үшін БАҚ-ты пайдаланатын.

Жазушы әрі аудармашы Кэтрин Фитцпатрик Interpretermag.com сайтында Украинадағы оқиғалар жайлы блог жүргізді. Ол: «Соғыстың қалай басталатынын осы жерден байқауға болады. «Соғыста ең алдымен шындық құрбандыққа шалынады» деген пікірдің қаншалықты рас екенін Ресей дәлелдеп отыр. Олар өз міндетіне мүлдем жауапсыз қарап, адамдар арасында жеккөрініш пен үрей Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 3 наурыз 2014 жыл.

тудырып жатыр. Харьков сияқты қалада адамдар ресейлік телеарналарды көреді. Олар жергілікті арналарды да қарауы мүмкін, бірақ ресейлік пікірге тәуелді және оның шын-өтірігін тексермейді» деп жазады.

Фитцпатриктің айтуынша, Мәскеудің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин осы апта тек өтірік деректерге сүйеніп сөйлеген. «Чуркиннің «Федерациялық кеңестің күш қолдануға рұқсат етуінің себебі бар. Этникалық орыстар мен орыстілді тұрғындарды қатерден қорғау үшін осындай әрекетке бардық» дегені өтірік. Олар жалған мәліметтерді себеп ретінде көрсетіп отыр» деп жазды Фитцпатрик.

БҰҰ-да сөйлеген Чуркин ресейлік БАҚ таратқан «Киев-Печера лавры монастыріне шабуыл жасалды» деген ақпаратты да айтқан. Бірақ монастырге шабуыл жасалмағаны анықталды. Фитцпатрик «Чуркин жалған дерекке сілтеме жасағанда есеңгіреп қалдым» дейді.

ӨТІРІКТІ ӘШКЕРЕЛЕУ

Ресейлік БАҚ «жыл басынан бері Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасынан Ресейге қарай 650 мың украин өтті» деген ақпарат таратты. Бірақ босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары шекарадан ондай ауқымды миграцияны байқамағандарын айтты.

Украиналық блогерлер Ресей баспасөзінің Украина мен Польша шекарасындағы Шегини асуынан өткен адамдардың суретін жариялағанын, бірақ суреттің нақты қай күні түсірілгенін көрсетпегенін анықтады.

Ресейлік БАҚ болған оқиғалардың өзін өзгертіп, бұрмалап хабарлайды. Мысалы, ақпанның 27-28-і күндері белгісіз вандалдар Симферопольдегі синагоганы Симферопольдегі синагога есігіне белгісіз біреулер жазған жазулар. Украина, 28 ақпан 2014 жыл.

Симферопольдегі синагога есігіне белгісіз біреулер жазған жазулар. Украина, 28 ақпан 2014 жыл.

бүлдіріп кеткен. Ресейлік басылымдар «мұны әсіреұлтшыл «Оңшыл сектор» жасады» деп сипаттады.

«Оңшыл сектор» ұйымы бұл ақпаратты теріске шығарды, ал жергілікті еврейлер жетекшісі Александр Хендин «оны «Оңшыл сектор» емес, Қырымдағы жағдайды ушықтырғысы келгендер жасаған шығар» деп мәлімдеді. Украинаның бас раввині Яков Дов Блайх наурыз 4-і күні «украиналық еврейлерге негізгі қауіп ресейлік арандатушылардан келетінін» айтып, «Австрияға барған фашистер де осылай әрекет еткен» деді.

TheDailyBeast.com сайтына Ресейдің «насихат машинасы» туралы жазған украиналық журналист Олег Шинкаренко «бұндай кампанияның екі мақсатты көздейтінін» айтты. Ол «Мақсат - украиндарға деген жеккөрініш тудырып, соғыс бастауға итермелеу және Чуркин БҰҰ-да айтқандай «агрессияны ақтап алу» дейді.

Шинкаренко ресейлік тележурналист, «Россия сегодня» ақпараттық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевті «Ресейдің ең өтірікші журналисі» деп атады. Украинаның журналистік этика бойынша комиссиясы Мәскеуге оның үстінен шағым түсірген.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС

Харьковта тұратын 25 жастағы журналист Сергей Балбеко жалған ақпараттан мезі болғандықтан, Fake Сontrol сайтын ашты: «Достарыммен бірігіп, осындай жобаны қолға алдық. Себебі біз баспасөз бен әлеуметтік желілерден, жаңалықтардан естіген жалған ақпараттарды байқадық» дейді ол.

Fake Сontrol – «украиналық босқындар» туралы қауесеттің, «Киев ресейлік төлқұжаты бар адамдарды түрмеге қамамақ» деген деректің жалған екенін әшкерелеген сайт. Сайт «АҚШ-тың соғыс кемесі Қырымдағы шабуылдан соң Қара теңізге аттаныпты» деген ақпараттың да өтірік екенін анықтады.
Украинадағы жағдайды мүлдем басқаша сипатта көрсету науқаны жүріп жатқанын сеземін.

Fake Сontrol сайты жалған деректі әшкерелеу үшін суреттерді анықтап қарап, іздеу жүйесін қолданады, қажет жерлерге қоңырау шалады. Олар кәсібилігі төмен журналистер көрмейтін мәселелерді қырағылықпен байқайды. «Украинадағы жағдайды мүлдем басқаша сипатта көрсету науқаны жүріп жатқанын сеземін» дейді Балбеко.

Блогер Фицтпатрик ресейлік БАҚ-тың Fake Сontrol мен StopFake.org сияқты сайттар тарапынан тегеурінді қарсылыққа ұшырағанын айтады. «Олар ойдан құрастырылған сыбыс таратады, бірақ азаматтық журналистер ондай сыбыстарды бірден көреді. Ресейлік БАҚ түсірген фильмдерде ресейлік автобустар, әскерлер жүреді. Мүмкін, олар шектен тыс көп жұмыс істеп, осындай қателіктер жіберетін шығар. Ал азаматтық журналистер оны байқап қояды» дейді блогер.

МИНИСТР МЕН СОЛДАТТЫҢ ЕКІ ТҮРЛІ СӨЗІ

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу наурыздың 5-і күні «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Қырымдағы ресейлік нөмірі бар әскери техниканың суретін «арандатушылық, өтірік» деп мәлімдеді. Ол Ресейдің ресми ұстанымын қайталап, «Мәскеу Қырымға қарулы әскердің қайдан келгенін білмейді» деді.

Ал украиналық журналистер Ресей армиясына қызмет ететінін мойындаған солдаттың видео-сұхбатын жариялап, ол пікірді теріске шығарды:

Журналист: Неге айырым белгісін тақпағансыз? Қай жақтан келдіңіз?
Солдат: Біз осындай арнайы белгісі жоқ униформа киеміз.
Журналист: Сіз орыссыз ба, әлде украинсіз бе?
Солдат: Мен - Ресей солдатымын.
Журналист: Ресей солдатысыз ба?
Солдат: Иә.
Екінші журналист: Ресей солдаттары Украин аумағында не істеп жүр?
Солдат: Себебі... теледидар көрмейсіздер ме?


Кейбір украиналықтар Ресейдің насихатына мысқылдай қарайды. Мысалы, орысша сөйлейтін әлдебір әйелдің кем дегенде бес ресейлік БАҚ-қа шығып, әрқайсында әртүрлі қаланың тұрғыны рөлін ойнағаны кекесінге арқау болды.

Азаматтық журналистер Ресейдің "Украинадағы этникалық орыстарды қорғау" жайлы, "бандерашылардың қысымы" туралы риторикасын әжуалап, "Одессаны басып алған бандерашылар" жайлы юморлық видео түсірді.

НАСИХАТТЫҢ МАҚСАТЫ

«Kyiv Post» наурыздың 5-і күні «Ресейдің Қырымға шабуылын ақтап алу үшін Кремль құрастырған ең озық 10 аңыз бен өтірік» деген тізім жариялады. «Бірақ ресейлік БАҚ-тың мәлімдемесіне қарсы тұру үшін бұндай әрекеттер жеткіліксіз» дейді Фицпатрик.

CNN тілшілері Вульф Блитцер мен Кристиан Аманпур оған қосылады. Аманпур эфирде «Украинадағы тәртіпсіздікке фашистер мен антисемиттер айыпты» деген Чуркиннің сөзінен мысал келтірген Блитцерді жазғырған.

Ал ресейлік әлеуметтанушы, тәуелсіз «Левада» орталығының директоры Лев Гудков ресейлік насихаттың мақсатын былай түсіндірді:

«Насихат жасаған кезде оқиғаның басқа балама нұсқасын мүлдем ысырып тастайды. Сол кезде ресми ақпаратқа сенбейтін немесе күмәнданатын адамдардың өзі басқа көзқарасты қабылдай алмайды. Насихаттың негізі осында жатыр».

(Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG