Accessibility links

Әлемдік СПИД күні өрши түскен дағдарысқа назар аударуға тырысты.


Желтоқсаның 1-і Әлемдік СПИД күні. Биыл шамамен 3 миллион адамның өмірін әкеткен СПИД-ке назар аудару мақсатында Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның СПИД бөлімі басты бағдарлама ретінде кедей елдердің Вич вирусын жұқтырған адамдарына қажетті дәрі дәрмекті жеткісу ісіне ден қойып отыр. Сенбі күні СПИД-пен күреске арналған концертке Оңтүстік Африканың бұрынғы елбасы Нельсон Мандела да, қатысты.

Сенбі күні Кейптаунда желтоқсаның 1-і Әлемдік СПИД күніне арналған концерт болып өтті. БҰҰ-ның СПИД бөлімінің хабарлауынша, қазіргі таңда мөлшермен 40 миллион адам Вич вирусын жұқтырған. Шамамен 3 мииллион адам өткен жылы аурудан өліп, жаңадан ауру жұқтырғандардың саны өсіп отыр.

Кейптаундағы қайрымдылық концертіне Бионс Ноул, Питер Габриэл, Боно, Юсу Н Дур және Эиритмикс пен қоса бұрындары Кат Стеванс деген атпен танымал Ислам Юсуф қатысты.

Концерт "46664" деп аталды, бұл апартеидке қарсы күрескен Нельсон Манделаның абақтыда отырған кезіндегі жеке нөмірі.

Концертке келушілерге Нельсон Мандела былайша тоқталды.

"СПИД енді ауру ғана емес, ол адам құықтарының мәселесі!"

Әнші Питер Габриэлдың айтуынша, бұл Африка үшін ең өзекті мәселе болып отыр.

"Африкада миллиондаған балалардың ата-анасын СПИД жалмады. Африкада екі Дүние жүзілік соғыстардың құрбандарынан гөрі СПИД көбірек адам өмірін әкетіп жатыр."

Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның СПИД бөлімі бірлесе 2005-інші жылдың соңына шейін 3 миллион Вич жұқтырған адамға дәрі жеткізіп бермек. БҰҰ-ының Бас Хатшысы Кофи Аннан СПИД-пен күресті өзінің басты мақсаты ретінде алып отыр. Ол таяуда берген бір сұқпатында СПИД-пен соғыстың жеңіске әкелмеуінің себебі, ол әлемдік басшылар оған қажетті мөлшерде мән бермей отыруында,- деді.

Осы мәселемен АҚШ-тың Денсаулық сақтау бойынша мемілекеттік хатшысы Томми Томсон американдық СПИД-ке арналған жобамен Замбияға келді. Сондай-ақ онымен сапарда Рэндалл Тобиаста бар,ол 5 жылға бөлінген 15 миллиард доллардың қаржысының дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды. Бұл қыруар қаржыны АҚШ елбасы Джордж Буш СПИД-пен күреске бөлді.

БҰҰ-ның айтуынша, СПИД тек Африкамен шектеліп отырған жоқ. Ол Үндістанда, Қытайда, Индонезияда, Пауа-Жаңа Гвинееда, Ветнамда, Таиландта, Ресейде, Украинада, Эстония және Латвияда сондайа-ақ басқада елдерде таралып жатыр.
XS
SM
MD
LG