Accessibility links

Бір ай ішінде екі оқушының асылып қалуына не себеп болды?


Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектеп. 21 қазан 2010 жыл.
Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектеп. 21 қазан 2010 жыл.

Қазан айында Алматының іргесіндегі Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепте оқитын екі жасөспірім өздеріне қол жұмсап, бақилық болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Тұздыбастаудағы №31 орта мектепте оқушылар арасында бопсалау фактісі барын Қазақстан ішкі істер министрлігі де растаған. Мектеп мұғалімдері тергеу орындары қандай да бір ақпарат беруге тыйым салғанын алға тартты.

Қазанның 1-і күні қайтыс болған Сержан Тұрысбековтың әпкесі Қаракөз Мизамбекова інісінің көңілді, ақ жарқын, сабақ үлгерімі жақсы болғанын айтып берді. Сонымен қатар Сержан спортпен де шұғылданған. Әпкесінің айтуынша, Сержан өзіне қол салатын күні сабақтан келгенде көңіл-күйі болмаған. Қаракөз Мизамбекова інісінің өзіне қол жұмсауына мұғалімдері кінәлі деп санайды. Ол ата-анасының мектепте болған жайды ертесіне мектепке барған уақытта ғана білгенін айтады.

Қайғылы оқиғаға дейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып істеген Раушан Қабіржанова болған жайтты жүре айтып берді де, екі мыңнан астам оқушының барлығына жауап бере алмайтынын алға тартты.

Ақпарат құралдарына берген сұхбатында, Абайдың әкесі баласын белгісіз біреулер асып кеткен деген болжамын айтқан еді. Ал мектеп директоры баспасөз өкілдеріне берген сұқбатында «оқушылар арасында әлімжеттік жоқ» деп мәлімдеген.

Балалардың қазасына қатысты жасалған сараптама қортындысында жасөспірімдер «өздеріне қол салып көз жұмғаны» жазылған. Тергеу орындары Қылмыстық кодекстің 102-ші бабы («адамды өз-өзіне қол салуға итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG