Accessibility links

Сирияда діни азшылыққа қауіп төніп тұр


Түркия шекарасына кетіп бара жатқан сириялықтар. 12 қараша 2012 жыл.

Түркия шекарасына кетіп бара жатқан сириялықтар. 12 қараша 2012 жыл.

IHT басылымы қарашаның 16-ы күні Сириядағы соғыс жайлы мақала басты. Мақала авторы Симон Адамс «сунниттік күштердің геноцид ұйымдастыруына жол бермей, соғыста қылмыс жасағандарды халықаралық сотқа тарту керек» дейді.

Вашингтондағы Холокост мемориал мұражайындағы Петер Галбрейт «Әлемдегі ендігі геноцидке Сириядағы Алауиттер ұшырайтын сияқты» деген қорқынышты болжам айтты. Галбрейт АҚШ-тың Югославиядағы елшісі боп тұрғанда этникалық «тазартуды» көзбен көрген куәгер деп жазады International Herald Tribune (IHT).

Бірнеше ай бұрын «Алауиттерді жаппай өлтірмек» деген әңгіме Сирия президенті Башар Асад үкіметінің әдейі таратқан жалған ақпараты сияқты көрінген. Қазір бұл әңгіме шындыққа айналып барады.

Мақала авторы Симон Адамстың пікірінше, Асад үкіметі Сирияда адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр. Өйткені үкімет әскері Алеппо мен Дамаскіде соғыс қимылдарын күшейткен сайын, алауиттер сектасы мен Сириядағы басқа да діни азшылықтарға оппозиция тарапынан геноцидке ұшырау қаупі артып келеді.

«ЕСКІ КЕК»

Автордың дерегі бойынша, қуғын-сүргінде жүрген шағын алауиттер сектасы президент Башар Асадтың әкесі Хафез Асад 1970 жылы билікке келген соң армия мен билікті қадағалайтын ықпалды топқа айналған. Хафез Асадтың кезінде Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың мүсініне аяқ киім тістетіп кеткен. 17 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың мүсініне аяқ киім тістетіп кеткен. 17 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

диктаторлық күшейіп, елдегі аз ұлттар мен әр түрлі діни топтардың саяси белсенділігі артқан. Хафез Асадтың режимі 1982 жылы Хама қаласында сунниттердің қарсылығын аяусыз жаншып басқан.

Сол кезден қалған кек пен жек көрініш «Араб көктемі» басталғанда қайта қозды. Режимге қарсы қозғалыс басталғанда елдегі барлық қауым мен діни топтар билікке қарсы бірігіп кетті. Бірақ Асад үкіметі ол қарсылықты «Сунниттер ғана Асад отбасының билігін құлатып, алауиттер билігін жоймақшы» деп қабылдады.

IHT басылымы Сирия үкіметінің қатігез әрекеттері секталар арасындағы алауыздықты қатты өршітіп жіберді деп жазады. Елдегі бақылауды күшейту үшін үкімет әскері бұрынғыдай жекелеген тұлғаларды емес, тұтас елді мекендерді жаппай жазалауға көшті. Сунниттер бекінген елді мекендерді үкімет әскері ауыр артиллериямен және танкімен атқылады. Үкіметке бағынышты «шабиха» деп аталатын қарапайым халықтан құралған қарулы жасақ негізінен алауиттер сектасынан жасақталды. Олар әйелдер мен балаларды аяусыз қырып жойды. Құрбан болғандардың басым көпшілігі – сунниттер.

Мақала авторының зерттеуінше, азаматтық соғыс шиеленіскен сайын Асад үкіметі әртүрлі діни топтар қоныстанған аймақтардан қарулы жасақтар құрып жатыр. Олар бұл әрекеттерін «өзін өзі және басқа да діни топтарды қорғау үшін қаруландырдық» деген сылтаумен ақтайды. Бірақ мақала авторы шабиха да Асадтың қарсыластарын қырғанға дейін дәл осындай желеумен құрылғанын еске салады. Үкімет алауиттерден бөлек азаматтық соғысқа христиандарды, друстарды, шииттерді әскерге алу себептерін «Егер Асад билігі құлайтын болса, оппозиция сендерді жаппай қырады» деп түсіндіреді.

«ХОМСТА 400 ХРИСТИАН ҚАЛДЫ»

Алайда, автордың сипаттауынша, Сирияның азаттық армиясы «Біз бір елдің бір халқымыз!» деген ұран таратып жатыр. Бірақ Сирияның ішінде «Христиандар Бейрутқа кетсін, алауиттер қабірге кірсін!» деген басқаша ұрандар естіледі.

Басылымның жазуынша, құқық қорғаушы ұйымдар көтерілісшілер Сирия жауынгерлерін аяусыз жазалаған оқиғаларды тіркеген. Оппозиция алауиттерді Хомс маңындағы Хула қаласы тұрғындары үйлерін тастап кетіп барады. Сирия, 9 қараша 2012 жыл.

Хомс маңындағы Хула қаласы тұрғындары үйлерін тастап кетіп барады. Сирия, 9 қараша 2012 жыл.

үкіметтің одақтасы деп таниды.

Қазір көбейіп бара жатқан сунниттік экстремистер Асадтан ғана емес, барлық діни секталардан құтылғысы келеді. Қазір ең қауіпті жағдайда қалған – христиандар. Хомс қаласында бұрын 80 мың христиан тұратын болса, қазір олардың саны 400-ге де жетпейді.

Ресей мен Қытайдың БҰҰ-ға Сирияның ісіне араласуына тыйым салуы Сирия әскерінің ештемеден қауіптенбей қылмыс жасауына жол ашты.

Мақала авторы «Батыс алауиттер мен тағы басқа діни азшылықтарға қатысты болғалы тұрған жаппай қырып-жою әрекетінің алдын алуға жәрдем беруі керек. Батыс елдері Сириядағы жаңадан құрылған оппозицияны халықаралық заңдарды қатаң сақтауға міндеттеп, алауиттер мен басқа да діни азшылықтарға қарсы репрессия ұйымдастырып, әскери қылмыс жасаған топтарға жәрдем беруді тоқтату қажет» дейді.

Екіншіден жаппай кісі өлтіргендерді халықаралық сотқа тарту үшін, болашақта тергеу істеріне қажетті айғақ, дәлелдерді жинауға қаржылай жәрдем жасау қажет. Сирия өзінің тарихында талай сұмдықты бастан кешкен. Бірақ қазір Сириядағы тарихи жағдай басқаша. Бұл елде түрлі мәдениеттер, діндер мен өркениеттер тағдыры шешіліп жатыр деп жазады басылым.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG