Accessibility links

Ресейден шығарылған ана баласының мәйітін алып келді


Ресейден бес айлық баласының мәйітін әкелген Зарина Юнусова (оң жақта). Тәжікстан, Душанбе, 16 қараша 2015 жыл.

Ресейден бес айлық баласының мәйітін әкелген Зарина Юнусова (оң жақта). Тәжікстан, Душанбе, 16 қараша 2015 жыл.

Қарашаның 16-сы күні Тәжікстан астанасы Душанбеге Санкт-Петербургтен келген ұшақ қонды. Оның бортында депортацияға ұшыраған Зарина Юнусова және оның шетінеген бес айлық баласы Умарали Назаровтың мәйіті болды.

Зарина Юнусова мен оның күйеуі Рустам Назаровты Душанбе әуежайында туыстары қарсы алды.

Бес айлық Умарали Назаровтың мәйіті салынған табыт. 16 қараша 2015 жыл.

Бес айлық Умарали Назаровтың мәйіті салынған табыт. 16 қараша 2015 жыл.

Олар немерелері Умаралидің мәйіті салынған табытты күтіп алды.

Азаттықтың Тәжік қызметі тілшісіне берген сұхбаттарында ерлі-зайыптылар мәйітті баланың атасының Файзабад ауданындағы үйіне апаратындарын, сол жерде жерлеулері мүмкін екенін айтты. Олар Роғун елдімекенінде тұрады.

Бес айлық Умарали Назаров қазан айында Санкт-Петербургте белгісіз жағдайда қайтыс болған. Оны содан бірер саған бұрын Ресей федералдық миграциялық қызметінің рейді кезінде анасының қолынан полиция қызметкерлері күшпен тартып алған. Баланы кәмелетке толмағандар ісін қарайтын инспекторға тапсырып, мұнан соң оны медициналық жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Умаралидің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама қорытындысында баланың кенет көз жұмуына «жедел асқынған цитомегаловирус себеп болған» деп жазылған.

Бала дүниеге келген кезде оның денсаулығының қалыпты екені туралы медициналық анықтама алған ата-анасы бұл болжамға сенбейді.

Мигранттар баласының өлімі ісі. "Настоящее Время" бағдарламасының орыс тіліндегі репортажы

Олар балаларының өліміне полиция қызметкерлерін айыптайды. Алайда полиция «балаға жақсы қарағандарын», «ата-анасының айыптауы негізсіз» екенін мәлімдеп, бақылау камерасынан видеожазба ұсынды. Видеода полиция қызметкерінің бала жылай бастағанда оны тамақтандырғаны түсірілген. Алайда бұл видеоның растығы әлі дәлелденген жоқ.

Зарина Юнусовамен көрісіп тұрған туысы. Душанбе әуежайы, 16 қараша 2015 жыл.

Зарина Юнусовамен көрісіп тұрған туысы. Душанбе әуежайы, 16 қараша 2015 жыл.

Бала өлімі Ресей мен Тәжікстан қоғамына қатты әсер етті. Жұрттың көбі баланы анасынан тартып алған полиция әрекетін салақтық әрі қылмыс деп санайтындарын білдіріп жатыр.

Тәжікстан билігі тергеу-тексеру жұмыстарын бақылап отырғандарын мәлімдеді. Қазанның 30-ы күні Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Душанбеге келген сапарында Тәжікстан президентіне бұл істі толық және жан-жақты тексертуге уәде берді.

Қарашаның 11-і күні Ресей президентінің жанындағы балалар құқығы бойынша уәкіл Павел Астахов істі қайта тексеруді талап етті.

Санкт-Петербург қалалық соты қарашаның 12-сі күні Зарина Юнусованы бес тәулік ішінде Ресейден шығару туралы шешім қабылдаған. Осылайша қалалық сот алғашқы сот үкімін күшінде қалдырған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG