Accessibility links

«ИМ-нің тәжік мүшесі» Чолов Сирияда қаза тапқан


Таяу Шығыстағы ИМ содырлары. (Көрнекі сурет)

Таяу Шығыстағы ИМ содырлары. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанның Куляб аймағы ішкі істер басқармасы басшылары «Давлат Чоловтың Сирияда үкімет әскерімен қақтығыс кезінде қаза тапқанын» мәлімдеді. Оның туыстары қазір қара жамылып отыр.

Тәжікстанның Куляб аймағының ішкі істер басқармасы басшысы орынбасары Абдукодир Мирзозода «Давлат Чоловтың Сирияда үкімет әскерімен қақтығыс кезінде қаза тапқанын» мәлімдеді. Оның туыстары қазір қара жамылып отыр.

Бір апта бұрын Мирзозода «құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Чолов «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым – ред.) экстремистік ұйымы сапына қосылғанын, оның Иракта екенін» хабарлаған еді.

Ал қаңтардың 18-і күні Мирзозода Азаттықтың Тәжік қызметіне «өткен сенбіде Душанбеде ішкі істер министрлігінің (ІІМ) алқа отырысына қатысқанын, ол жиында Давлат Чоловтың Сириядағы қарулы қақтығыс кезінде қаза болғаны хабарланғанын» айтты. Ол «Бұл ақпарат рас. Оны министрлік аппаратының жетекшісі де растай алады» дейді.

Ал Тәжікстан ІІМ-інің ресми өкілі Джалолиддин Садриддинов «алқа отырысында Давлат Чолов туралы айтылған жоқ» дейді. Ол «Чолов ісінің егжей-тегжейін ақпарат тексерілгеннен кейін хабарлайтынын» айтты.

Сирияға Тәжікстаннан барған содырдың суреті деп интернетке жарияланған фотография. (Көрнекі сурет)

Сирияға Тәжікстаннан барған содырдың суреті деп интернетке жарияланған фотография. (Көрнекі сурет)

Давлат Чоловтың туыстарының бірі Азаттықтың Тәжік қызметіне «оның қазасы туралы естігендерін» дейді. «Бізге оның қаза тапқанын естіртті. Қазір аза тұтып жатырмыз. Бірақ оның қайда, қашан өлгенін айтпады» дейді ол.

45 жастағы Давлат Чолов - Тәжікстандағы азамат соғысы (1992-97 жылдар аралығы – ред.) кезінде бұрынғы «Халық майданы» тобының танымал командирі болған Курбон Чоловтың туған ағасы. Кейінгі төрт айда оның қайда екені белгісіз болған еді. Чоловтың Сирияға кеткені туралы ғана еміс-еміс деректер тараған.

Бір жыл бұрын Давлат Чолов түрмеден айыппұл төлеп босаған еді. 2014 жылы ақпанда ол Душанбе әуежайында Түркияға ұшқалы тұрған жерінен ұсталған. Оған «жастарды ИМ сапына шақырды» деген айып тағылды. Алайда сол жылдың желтоқсан айында айыппұл төлеген соң оны босатқан еді. Билік «ол тек айыппұл төлегені үшін ғана босатылған жоқ», оны «шынайы өкінгені» және «тергеуге көмектескені үшін жібердік» деп мәлімдеді.

Желтоқсан айының ортасында Давлат Чоловтың ұлы Джоми Чолов Азаттықтың Тәжік қызметіне әкесінің 2015 жылы қыркүйектің 24-і күні үйден шығып кеткенін хабарлаған. Ол күні елде Құрбан айт мерекесі болып жатқан. Чолов сол кеткеннен оралмаған.

Куляб ішкі істер органдарының дерегінше, қыркүйектің 24-і күні Чолов Ресейге ұшып кеткен. Бірақ Ресейге барғанда ол бірде-бір танысымен хабарласпаған.

Давлат Чолов бұрын Тәжікстан қарулы күштер сапында тәжік-ауған шекарасындағы Шуроабад учаскесінде шекарашы болып қызмет еткен. 2003 жылы әскери бөлімше аумағынан қару-жарақ жоғалып, ол бірқанша уақыт қашып жүрген еді.

Чоловтар отбасы 1992 жылы Эмомали Рахмонның билікке келуіне көмектескені және 1990 жылдарда Тәжікстандағы азаматтық соғыс уақытында үлкен ықпалға ие болғаны айтылады.

Youtube сайтына "Сириядағы 150 қазақ жиһадшысы" деп жарияланған видеодан алынған скриншот.

Youtube сайтына "Сириядағы 150 қазақ жиһадшысы" деп жарияланған видеодан алынған скриншот.

Орталық Азия елдерінің арнайы қызметтері Сирия мен Иракта соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымынан өздерінің ішкі қауіпсіздігіне төнетін қатерді жиі айтып келеді. Қазақстанда азаматтардың ИМ содырларының үндеуіне еріп, радикалданып жатқаны айтылса да, Астана ИМ сапында соғысып жатқан қазақтар туралы мәлімдемеге сақтықпен қарап келеді. Бірақ Қазақстанда ИМ тобын насихаттайды деп танылған интернет ресурстар жабылды, олардың үгітін таратуға тыйым салынды. Қарашаның 3-і күні ИМ Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына жатқызылды.

Қазақстандықтардың Сирияға «жиһадқа» кете бастағаны туралы алғашқы ақпарат екі жыл бұрын қазан айында «150 қазақ жиһадшысы»атты видеомен шыққан еді. Одан кейін де Сирияға кеткен қазақстандықтар, олардың «​ж​иһадшы балалары»​ туралы бірнешевидеолар жарияланған. Былтыр Қазақстан билігі ИМ қатарында 300 қазақстандық бар, оның жартысы әйелдер деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG