Accessibility links

Тәжік парламентінен ұмыт қалған "коммунизм көсемдерінің" мүсіндері табылды


Тәжікстан коммунистік партиясының төрағасы, парламент депутаты Шоди Шабдолов. Душанбе, 7 маусым 2011 жыл

Тәжікстан коммунистік партиясының төрағасы, парламент депутаты Шоди Шабдолов. Душанбе, 7 маусым 2011 жыл

Тәжікстан коммунистік партиясының жетекшісі парламент ғимаратын жөндеу кезінде кездейсоқ табылған мүсіндерді "құтқарып қалғанына" разы.


Тәжікстан парламенті ғимаратын жөндеу барысында құрылысшылар республиканың өткен тарихын еске түсіретін Маркстің, Энгельстің, Ленин және Сталиннің мүсіндерін тауып алды.

Сталиннің мүсіні, Никита Хрущев КПСС-тің 20-съезінде Сталиннің жеке басына табыну үрдісін «әшкерелегеннен» кейін тасалау жерге қойылып, кейін сыртынан қабырға қаланып кеткен екен.

Тәжікстан коммунистік партиясының төрағасы, республика парламентінің депутаты Шоди Шабдоловтың айтуынша, бұл тарихи экспонаттар парламенттiк ғимаратты жөндеу кезінде баспалдақ алаңынан табылған.
Тәжікстан парламенті ғимаратынан табылған Сталиннің мүсіні. Душанбе, 7 маусым 2011 жыл

«Құрылысшылар ескі қабырға сылақтарын түсіріп жатқанда Маркстің, Энгельстің, Ленин және Сталиннің мүсіндері қойылған бөлме шыға келген» дейді ол.

Тәжiкстан коммунистiк партиясының төрағасының айтуы бойынша, Сталиннің мүсіні Хрущев кезеңінде, ал басқа жетекшiлердiң мүсiндерi 1991-1992 жылдары елде коммунистік режимге қарсы көңiл-күй басым болғанда және азаматтық соғыс кезеңі басталғанда осылайша көзден таса жерге қойылған.

Шабдолов мәжіліс төрағасы Шукурджон Зухуровпен келісіп «коммунизм көсемдерінің» мүсіндерін өз кабинетіне көшіріп алды. Кейін бұларды коммунистік партияның кеңсесіне қоймақшы. Бірақ, 400 килограммнан асатын Сталиннің алып мүсінін көшіру қиынға соғып тұр. Шабдолов бұл мүсінге де орын табылатынына сенімді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG