Accessibility links

Тәжік азаматы «әдейі СПИД жұқтырған болуы мүмкін» деп айыпталды


СПИД-ке қарсы күрес белгісі. (Көрнекі сурет)

СПИД-ке қарсы күрес белгісі. (Көрнекі сурет)

Тәжікстан тарихында алғаш рет «ВИЧ-ті әдейі жұқтырған болуы мүмкін» деген айып бойынша бір азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Хатлон облысының СПИД дертіне шалдыққан тұрғынына «биыл үйленген келіншегінің денсаулығына саналы түрде қауіп төндірді» деген айып тағылды.


Бұл елде ВИЧ-ке шалдыққан 4 мың 84 адам тіркелген, олардың 814-і Хатлон облысында тұрады. Хатлондағы әрбір үшінші науқас – әйел адам. Олар негізінен бұл вирусты күйеулерінен жұқтырған.

ЖАЗА – БЕС ЖЫЛДАН ОН ЕКІ ЖЫЛҒА ДЕЙІН

Тәжікстандағы СПИД дертінің алдын-алу орталығының директоры Махмадлатиф Шарипов Азаттық радиосының Тәжік қызметіне берген сұхбатында «қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша жауапқа тартылып отырған Куляб қаласы тұрғынының аты-жөні этикалық себептерге байланысты жарияланбайды» деп мәлімдеді.

– Бұл істі қазір прокуратура қарап жатыр. Тергеу ісі басталды. Бұдан өзге егжей-тегжейлі мәлімет берілмейді, – деді Махмадлатиф Шарипов.

СПИД-ке шалдыққан жігіт биыл үйленген келіншегіне вирус жұқтырған болуы әбден мүмкін. Бұл жігіттің әйелі СПИД-ке шалдықты ма, жоқ па – дәрігерлер СПИД-тен қайтыс болған адамдарды еске алу шарасы. Душанбе, 19 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

СПИД-тен қайтыс болған адамдарды еске алу шарасы. Душанбе, 19 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

әзірше бұл туралы нақты ешнәрсе айта алмайды себебі вирус адамның қанында инкубациялық кезеңінен өтуі тиіс.

– Алайда вирустың жыныстық қатынас арқылы жұғу мүмкіндігін ескере отырып, дәрігерлердің қауіптенуі дұрыс болып шығуы ықтимал, – дейді Махмадлатиф Шарипов.

Сарапшылар «Хатлон облысында СПИД-ке шалдыққан адамдардың тұрмыс құру оқиғасы бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Бірақ ұлттық сот жұмысы тарихында ВИЧ жұқтырған адам вирусты таратқаны үшін тұңғыш рет сот алдында жауап бермек» дейді.

Махмадлатиф Шариповтың айтуынша, орталықта тіркелген осы және басқа да науқастар қан құю не жыныстық қатынас арқылы вирусты жұқтырса, Тәжікстан заңдары бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

СПИД дертінің алдын-алу орталығының директоры Махмадлатиф Шариповтың мәліметінше, Тәжікстан заңдары бойынша ВИЧ-ті бір адамға әдейі жұқтырған азамат – бес жылға, екі адамға жұқтырған кісі – сегіз жылға, ал кемінде үш адамға, әсіресе балаларға жұқтырған азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«22 БАЛА ӨМІРГЕ ВИЧ ЖҰҚТЫРЫП КЕЛДІ»

Қорғантөбеде ВИЧ жұқтырған тағы бір адам Азаттық радиосы Тәжік қызметінің тілшісімен тілдескен кезде осыдан екі жыл бұрын бір қызды сүйіп, үйленгенін айтты.

– СПИД-тің алдын-алу орталығы қызметкерлері қарым-қатынасымызға кедергі жасамақ болды. Олар бізге «бұл дерттің салдары болуы мүмкін» деді, бірақ сүйген Қазақстандағы ВИЧ дертіне шалдыққан бала сурет салып отыр. Шымкент, 30 қараша, 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы ВИЧ дертіне шалдыққан бала сурет салып отыр. Шымкент, 30 қараша, 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

қызым берік болды. Ол сақтық шараларын біле тұрып, менімен тұрмыс құрып жатқанын айтқан соң ешкім бізге кедергі жасамады, – дейді атын атағысы келмеген азамат.

Ол әйелі мен отбасын қадірлейтінін, жұбайына СПИД жұқтырмауға тырысатынын айтты. Қорғантөбе тұрғыны өз дерті туралы алдын-ала ескертпей үйленген хатлондық жігіттің әрекетін айыптады.

СПИД-ке шалдыққандардың құқығын қорғаушы «Гули сурх» («Қызыл гүл») деп аталатын үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Севара Комилова «қоғамда төзімділік пен түсінушіліктің жоқтығы ВИЧ-пен ауыратын азаматтардың тұрмыс құру мәселесіне жиі әсер етеді» дейді.

– Заң бойынша СПИД-ке шалдыққан адамның отбасы құруына тыйым салынбаған. Дерттің алдын-алу шаралары мен адамға жұғу қауіпі туралы хабардар етілсе, олар кез келген адаммен некеге тұра алады. Мұндай оқиғалар аз емес. Тәжікстанда СПИД-ке шалдыққан адамдардан денсаулығы мықты сәбилер де туған, – дейді құқық қорғаушы Севара Комилова.

Оның мәліметінше, осы биылдың өзінде екі қыз СПИД-тің алдын-алу орталығына хабарласып, қауіпті вирусқа шалдыққан жігіттермен тұрмыс құруына кедергі жасамауларын өтінген.

Бірақ орталықтың қызметкері Фируза Сафарова жас қыздармен әңгіме барысында оларды «кейін өкінетін қауіпті іс жасамауға шақырып, әлгі науқастармен неке құрмауға көндіргендерін» айтты.

Хатлон облысында СПИД дертіне шалдыққан 30 ерлі-зайыпты тұрады. Олардан қанында ВИЧ вирусы бар 22 бала туған.
XS
SM
MD
LG