Accessibility links

Тәжікстан Еурокомиссия өкілін айыптады


Еуропа комиссиясының Брюссельдегі орталық кеңсесі. (Көрнекі сурет)
Еуропа комиссиясының Брюссельдегі орталық кеңсесі. (Көрнекі сурет)

Осы аптада Душанбеде француз азаматтарына байланысты жанжал шықты. Тәжікстан ішкі істер министрлігі франциялық дипломат Малика Малки мен оның жолдасы Джалал Казуды 4 маусым күні «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп айыптап отыр.

Душанбе ішкі істер басқармасының өкілі Караматулла Раджабовтың айтуынша, оқиға осы қаладағы опера және балет театры жанында болған.

– Еуропа комиссиясының дипломатиялық қызметкері Малика Малки мен оның күйеуі Джалал Казу ішіп алып, басқа азаматтардың демалысына кедергі жасады. Француздар полицияның тынышталу туралы өтінішін тыңдамай, өз тілдерінде сол жердегі адамдарды балағаттады, – деді Раджабов.

ЕКІ АЗАМАТ, ҮШ ПОЛИЦЕЙ

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің 6 маусым күні жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, «алкогольді көп ішкен 41 жастағы Малки мен 42 жастағы Казу бұзақылық әрекет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған және құқық қорғау органдарының үш қызметкеріне шабуыл жасаған».

«Соққыға жығылды» делінген полиция қызметкерлері – Гулмурод Фаизов, Далер
Тәжік полицейлері. Худжанд, 3 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжік полицейлері. Худжанд, 3 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Шододов және Рамазон Курбонов. Министрліктің мәліметінше, жасы 30-дар шамасындағы үш полицейдің бірі сол оқиға кезінде жараланып, медициналық көмекке жүгінген.

– Тексеру кезінде Малки мен Казудың төлқұжаттары болмаған. Ал бұл – заңға қайшы, – деп мәлімдейді тәжік министрлігі.

Тәжікстан билігінің айтуынша, Малкидің дипломатиялық иммунитеті болғандықтан оған қатысты мәселені Еуропа комиссиясының Душанбедегі кеңсесі шешуі тиіс.

«ОҚИҒАҒА ҚАТЫСЫ БАР»

Еуропа комиссиясының ресми өкілдері «полициямен арада болған оқиғаға Еуропа комиссиясының Душанбедегі атташесі Малика Малки мен оның жолдасы, француз азаматы Джалал Казудың қатысы бар» деп мойындады.

Еуропа комиссиясы бұл оқиғаға байланысты басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Азаттық радиосы тілшісі француз азаматтарымен хабарласа алмады.

Душанбе тұрғындары қаланың орталық ауданында болған, Франция азаматтарына қатысы бар оқиға туралы бір-біріне айтып, әлеуметтік желілерде де қызу талқылап жатыр.

Кейбіреулер француз дипломаты Малика Малкиді Францияның ұлттық батыры Жанна д'Аркпен салыстырса, басқалары полицейлердің әрекетін «джентельмендік іс» деп бағалайды.

Тәжікстан астанасындағы оқиға туралы түрлі қауесет айтылады, бірақ маусымның 4-і күні түнде нақты не болғаны әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG