Accessibility links

Тәжік билігі интернеттің «базарға айналғанына» наразы


Интернет-клубта отырған тәжік жастары. Душанбе, 30 наурыз 2010 жыл.

Интернет-клубта отырған тәжік жастары. Душанбе, 30 наурыз 2010 жыл.

Тәжікстанда наурыздың 2-cінен бері Facebook.com, Zvezda.ru, Tjknews.com, Maxala.org. сайттарына кіру мүмкін болмай қалды. Азаттықтың тәжік қызметі хабарлауынша, «Тәжіктелеком» компаниясы биліктен бұйрық түскенін айтады. Ал үкімет өкілі «сайттарға кіруді шектеу техникалық кедергілерден болды» дейді.


Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің жетекшісі Бег Зухуров «елде бірнеше сайтқа кіру мүмкіндігі техникалық мәселелерге қатысты шектелді» деп мәлімдеді. Бірақ ол Facebook сияқты танымал сайттарға кіруге нақты қандай техникалық кедергілер болғанын ашып айтпады.

«ХАЛЫҚ ИНТЕРНЕТТЕН БАС ТАРТЫП ЖАТЫР»

Бег Зухуров «сайттарды бұғаулау туралы бұйрық жоғарыдан болды» деген сөзді жоққа шығарады. «Біздің тарапымыздан провайдерлерге ауызша да, жазбаша да ескерту берілген жоқ» деген.Бег Зухуров интернет қолданушыларының тілін сынады:
Халық бізге «неге мұндай өтірік жазады» деп шағымданады. Интернетке сенімді азайтады.

– Соңғы кезде интернетті базарға айналдырып жіберді. Кейбіреулер оған кіріп, ұятсыз сөз жазады, тіл тигізеді. Халық бізге «неге мұндай өтірік жазады» деп шағымданады. Интернетке сенімді азайтады. Тұрғындар интернеттен бас тартып жатыр. Біз интернет қызметін ұсынамыз, халық бас тартып отыр. Бұл бізді осындай шаралар қабылдауға мәжбүр етті, – дейді Бег Зухуров.

«ТӘЖІК МҮДДЕСІНЕ ҚАЙШЫ МАҚАЛА ЖАЗБАУ»

Тәжікстанда интернетке кіру мүмкіндігі шектелгені жайлы алғашқылардың бірі болып «Азия-Плюс» журналистері жазды. Олар интернет қызметін көрсететін бірнеше компаниядағы дерек көздеріне сілтеме жасай отырып, «үкімет жанындағы байланыс қызметі провайдерлерге бірқатар сайтқа кіруді шектеу туралы ауызша ескерту берген» деп хабарлаған.

Интернет қызметін көрсететін компанияларға берілген веб-сайттар тізімі де әртүрлі. Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің жетекшісі Бег Зухуров. Душанбе, 25 қаңтар 2011 жыл.

Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің жетекшісі Бег Зухуров. Душанбе, 25 қаңтар 2011 жыл.

Бірақ ол тізімдердің бәрінде Facebook.com, Zvezda.ru, Tjknews.com, Maxala.org. сияқты кеңінен танылған әрі қолданушысы көп үш сайт бар.

«Кейбір провайдерлер жоғарыдан түскен бұйрықты орындамай, ол компаниялардың клиенттері интернетке шектеусіз кіріп отыр» деп хабарлады Азаттықтың тәжік қызметі.

Тәжікстан аумағында бүгінгі күнге дейін Fergananews.com («Фергана.ру») және Centrasia.ru сайттарына да кіру шектелген. Бұған қатысты Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің жетекшісі Бек Зухуров ешқандай пікір білдірген жоқ. Ол тек журналистерді «тәжікстандықтардың мүддесіне қайшы мақалалар жазбауға» шақырды.

Соңғы үш күнде Азаттық радиосы тәжік қызметінің сайтына кірушілер де түрлі кедергілерге тап болған.

Тәжікстанда интернет қызметін көрсететін 10-нан аса провайдер бар. Ел үкіметі жанындағы байланыс қызметінің лицензиясын 130-дан аса компания алған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG