Accessibility links

Парламент судьяны иммунитетінен айырды


Тәжікстанның жоғарғы соты. Душанбе, 29 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжікстанның жоғарғы соты. Душанбе, 29 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
«Тәжікстан парламенті жоғарғы сот судьясы Нур Нуровты иммунитетінен айырды» деп хабарлайды Азаттық радиосының Тәжік қызметі.

Бұл туралы жұмы күні парламент баспасөз хатшысы Шавкат Саидов мәлімдеді. Оның айтуынша, бас прокурор Шерхон Салимзоданың өтініші бойынша осындай шешім шығарылған.

Бас прокуратура 30 жылдық тәжірибесі бар судья Нур Нуровты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

«ИСФАРА ІСІ» ЖӘНЕ БЕС МИЛЛИОН СОМОНИ

Нур Нуров 2008 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың маусымы аралығында Исфара қаласындағы химиялық кәсіпорынның бұрынғы директоры әрі депутат болған Низомхон Жураевтың ісі бойынша айыпталған 33 азаматтың ісін қараған.

33 тұрғынға қатысты сот үкімі жарияланған соң елдің бұрынғы бас прокуроры Бободжон Бобохонов сот шешімін «әділетсіз» деп атаған. Ол іс туралы кезінде жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қамтылған.

Нур Нуров және басқа екі судья бірқатар басылымдарды сотқа беріп, «бұрмаланған хабар таратты» деп айыптаған. Нуров моральдық өтемақы ретінде ақпарат құралдарының бес миллион сомони төлеуін талап еткен.

Айыпталушы Низомхон Жураев Мәскеуден оралған соң «исфаралықтар ісі»
Айыпталушы Низомхон Жураев. Тәжікстан, 24 мамыр 2012 жыл.
Айыпталушы Низомхон Жураев. Тәжікстан, 24 мамыр 2012 жыл.
бойынша жаңа деректер пайда болып, тергеу қайта басталды. Осы тергеу ісі аясында екі судья мен прокуратураның бұрынғы қызметкері қамауға алынды.

Душанбе қаласы Фирдауси ауданының прокуроры Эмом Ғоибов пен Соғд облысы прокурорының көмекшісі Очил Одилоавтың отставкаға кетуі де осы іспен байланысты делінеді.

– Нур Нуров иммунитетінен айырылды. Енді бұл істі қайтадан мұқият қарап шығуға мүмкіндік бар, – дейді жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Фаттох Саидов.
XS
SM
MD
LG