Accessibility links

Чехия Параскевичті Ресейге бермеуі мүмкін


Татьяна Параскевич. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

Татьяна Параскевич. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

28 наурызда Плзень қаласының соты Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша ұсталған Татьяна Параскевичті экстрадициялау туралы Ресейдің өтінішін қарайды. Бұған дейін сот Украинаның мұндай өтінішін орындаудан бас тартқан.

Ресей банкирі Татьяна Параскевичті Ресей мен Украина билігі «Мұхтар Әблязовтың «қылмыстық тобымен» сыбайласып, «БТА банкінен» миллиондаған долларды жымқырған» деп айыптайды. 2002 жылы Қазақстаннан қоныс аударған 49 жастағы Ресей азаматы Параскевич Әблязовпен байланысты «Еуразия» инвестициялық-өнеркәсіптік топ» компаниясының қаржы-есеп басқармасын басқарған. Қазақстандағы авторитарлық режимнің негізгі сыншысы болғандықтан, Еуропа құқық қорғаушылары Әблязовке қатысты оқиғаларды жіті бақылап отыр.

Халықаралық Amnesty International ұйымы Татьяна Параскевич Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланса, одан ары қарай Қазақстанға тапсырылып, азапталуы және әділетсіз түрде сотталуы мүмкін деп мәлімдеген.

Наурыздың 27-сі күні қамаудан босауына байланысты Прагада өткізген баспасөз жиынында Татьяна Параскевич Азаттық тілшісіне: «Мен саясаткер емеспін. Уысына түссе, кімді болсын уатып жіберетін диірмен тасы жаншыған қарапайым адаммын» деп мәлімдеді.

ЕРКІНДІКТЕ

Плзень қаласындағы чех түрмесінде екі жылға жуық отырған Татьяна Параскевич наурыздың 20-сы күні бостандыққа шықты. Ол Чехия әділет министрінің Параскевичті Украина билігіне бермеу туралы шешімі негізінде қамаудан босатылды. Параскевичті 2012 жылдың мамыр айында осы елдің сұрауы бойынша Карловы Бостандыққа шыққаны туралы баспасөз мәслихатында Татьяна Параскевич көзіне жас алды. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

Бостандыққа шыққаны туралы баспасөз мәслихатында Татьяна Параскевич көзіне жас алды. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

Вары қаласында тұтқындаған болатын. Украина билігі оны "қаржылық қылмыстар жасады" деп айыптайды.

Өзін Мұхтар Әблязовке қарсы әшкерелейтін ақпарат беруге мәжбүрлеу үшін қуғындап отыр деп есептейтін Татьяна Параскевич тағылған айыптарды мойындамайды.

– Олар бізден өздеріне тиімді, әсіресе Әблязовтың ақшасының қайда екенін көрсететін ақпарат алғысы келеді, - деді Татьяна Параскевич Азаттық тілшісіне.

Чехия билігі биыл ақпан айында оған босқын мәртебесімен бірдей күші бар қосымша қорғау тағайындады. Параскевичтің қорғаушылары енді Чехияның сот орындары оны экстрадицияламау туралы шешім қабылдайды деп үміттенеді. Адвокат Марина Махиткова Плзень қаласының өлкелік соты Ресей билігіне беруден бас тартуы мүмкін деген болжам жасайды.

– Егер чех прокуроры апелляция бермесе, сот шешімі заңды күшіне енеді. Сосын Татьяна Параскевичтің адвокаты Марина Махиткова. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

Татьяна Параскевичтің адвокаты Марина Махиткова. Прага, 27 наурыз 2014 жыл.

Параскевичке қосымша қорғау берілгендіктен, іс Чехияның әділет министрлігіне жіберіледі, - дейді адвокат Марина Махиткова.

Адвокат Махиткова «ары қарай Қазақстан билігінің азаптауына тапсыруы мүмкін Ресейге Татьяна Параскевичті экстрадициялауға жол бермеу керек» деп мәлімдейді.

Параскевич қазір Карловы Вары қаласында пәтер жалдап тұрып жатыр. Мәскеуден күйеуі келген, енді анасы мен қызын күтіп отыр. Ол түрмеде өткізген 22 айдан кейін денсаулығын түзеткісі келеді.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ ТӨҢІРЕГІ

Чехия Татьяна Параскевичті қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әблязовпен жұмыс істеген немесе өзгеше байланыста болған адамдарды Астананың сұрауымен Еуропада қамай бастаған кезде тұтқындаған. Әблязовтың бұрынғы оққағары Александр Павлов соттың экстрадициялау туралы шешімін күтіп қазір Мадрид түрмесінде отыр. Польша билігі сол елде тұтқындалған оппозициялық саясаткер Мұратбек Кетебаевты көп ұзамай «негіз жоқ» деп босатып, саяси баспана берген.

Ал Мұхтар Әблязов Ресей мен Украинаның біріне экстрадициялау туралы шешімді күтіп, 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігіндегі түрмеде отыр.

Қазақстан билігі оны өзі құрып, мемлекет меншігіне өткен 2009 жылға дейін басқарған «БТА банктен» алты миллиард доллар жымқырды» деп айыптайды. Оппозициялық саясаткер бұл айыптарды мойындамайды әрі «туыстарым мен серіктерімді қудалау арқылы Астана мені қолына түсіруді көздейді» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG