Accessibility links

«Қара жәшік» немесе арнайы қызметтің азаматтарды аңдуы


"Қарсылық жиынында" сыбырласып тұрғандар. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

"Қарсылық жиынында" сыбырласып тұрғандар. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Журналистік зерттеу жүргізген шведтік тілшілер «Швецияның Teliasonera компаниясы Орталық Азия елдеріне (ішінде Қазақстан бар) азаматтарды аңдитын техника жабдықтарын сатып жатыр» деп хабарлайды. Олар бұл жайында деректі фильм түсірді.


Қазақстанның барлық азаматтарының бірыңғай дерекқорын құруды қарастыратын «Дербес деректер туралы» Заң жобасы қазірдің өзінде күдік тудырып отыр.

БАҚЫЛАУДЫ ЗАҢДАСТЫРУ

Дерекқордағы азаматтардың мүлкі, отбасылық жағдайы және жеке басқа қатысты биометриялық көрсеткіштер туралы ақпарат азаматтардың өздеріне қарсы пайдаланылуы мүмкін деген қауіп бар.

Егер бұл заң қабылданса, азаматтар бармақ бедері мен көз қарашығының бейнесін тапсыруға міндеттеледі. Бұл ақпаратты барлық құзырлы органдардың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (мінбеде), парламент депутаттарымен гимн тыңдап тұр. Астана, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (мінбеде), парламент депутаттарымен гимн тыңдап тұр. Астана, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

пайдалануына жол ашылады деген болжам бар. Ал деректермен танысу үшін орган қызметкерлерінің тіркеуден өту тәртібі көрсетілмеген. Ақпаратты жария еткені үшін тек әкімшілік жаза қарастырылған.

Заң жобасын құрастырушылар «Деректер тек азаматтардың келісімі бойынша берілетін болады» дейді. Қазақстанның құқық қорғаушылары болса, бұл заң қабылданған жағдайда «жұрт жаппай қадағалауда болады» дейді.

ТЕЛЕФОНДАР ҚАЛАЙ ТЫҢДАЛАДЫ?

Швециялық үш журналист барлық коммуникацияның арнайы қызмет орындарының қолында екенін анықтады. Олар «Teliasonera компаниясы диктатуралық елдерге қара жәшік сатуда» деген деректі фильм түсірді.

Teliasonera компаниясының журналистерге ақпар беруші қызметкерлерінің бірі: «Араб көктемінен» кейін диктатуралар қырағылықты күшейтті... Олардың қолында кез келген ақпарат бар» деді.

«Қара жәшік» деп Teliasonera компаниясы өзінің операциялық орталықтарына полиция мен қауіпсіздік қызмет органдарының орнатуына рұқсат берген құрал-жабдықты айтады. Бұрынғы Совет одағы елдерінде бұл жүйе СОРМ – «Жедел іздестіру шараларының функцияларын қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдардың жүйесі» деген атаумен белгілі.
Көлігінде телефонмен сөйлесіп отырған адам. (Көрнекі сурет)

Көлігінде телефонмен сөйлесіп отырған адам. (Көрнекі сурет)


Ұялы байланыс операторлары арнайы қызметтің өз жүйелеріне тікелей қосылуына мүмкіндік беріп қойған. Билік бұл мүмкіндік арқылы ұялы байланыс абоненттерінің барлық коммуникацияларын қадағалай алады. Мысалы, абоненттің Интернет арқылы жіберген мәліметтерін қарап, телефон қоңырауларын тыңдап, хабарламаларын оқиды. Белгілі бір ақпаратты алуға ешкімнен ешқандай рұқсат сұрамайды.

Шведтік журналистер «Қазақстандағы қара жәшіктерді аймақтық коммутациялық орталықтар мен Kcell компаниясының Алматыдағы ғимаратының бірінші қабатындағы бөлмеден табуға болады» дейді. Компания қызметкерлерінің бірі журналистерге «Алда-жалда қара жәшікке бірдеңе бола қалса, арнайы қызмет агенттері ақау жөнделгенше бүкіл желінің жұмысын тоқтатуға бұйрық береді. Олар үшін байланыс желісі емес, қара жәшік маңыздырақ» депті.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУДИОКОМПРОМАТТАР

Youtube сайты телефон арқылы сөйлескен әңгіме жазбаларына толы. Қазақстанның жоғары дәрежелі шенеуніктерінің, оның ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дауысына ұқсайтын жазбалар да жүр. Әдетте мұндай жазбалар сұхбаттас адамдарды жағымсыз жағынан көрсетеді.

Осындай әшкере жазбалардың бір тобын Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің таратқаны мәлім. Әлиевтің қуғында жүрген кезде шығарған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

«Өкіл қайын ата» деген кітабы да осындай әшкерелеуші материалдардың бірімен басталады. Назарбаевтың жақын туысы болған кезде Әлиев мемлекеттік қызметте, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғары шенді қызмет атқарған.

Қазақстанның бас прокуратурасы Рахат Әлиев «Жалған жазбаларды таратты» деп мәлімдеді. Ал Әлиев болса, өзі жариялаған барлық телефон жазбаларын Қазақстанның жоғары шенді саясаткерлерінің шынайы моральдық келбетін ашқысы келген арнайы қызмет орындарының офицерлері жазып бергенін айтады.

TELIASONERA МЕН TURKCELL

Шведтің Teliasonera деген ірі компаниясы жалпы саны 460 миллионнан асатын халық тұратын 20 елде жұмыс істейді. Компания акционерлері – жеке азаматтар, банктер, зейнетақы қорлары. Teliasonera Turkcell компаниясы арқылы жұмыс істейді. Turkcell компаниясының Беларусь пен Орталық Азия елдеріндегі акцияларының бақылау пакеті Швецияға тиесілі. Әзербайжанның Azercell, қазақстандық Kcell, өзбектің Ucell, тәжіктің Tcell және грузиннің Geocell компаниялары Teliasonera компаниясының желісіне кіреді.
TeliaSonera компаниясының жалауы.

TeliaSonera компаниясының жалауы.


Өзбекстанның «қара жәшігі» Ucell компаниясының бұрынғы бас кеңсесінде қосулы тұр екен деген ақпарат бар. Білетіндердің айтуынша, арнайы қызмет агенттері «қара жәшіктің» жанынан күндіз-түні кетпейді. Әзербайжандағы «қара жәшікті» израилдық компания орнатқан. Azercell ғимаратында арнайы қызметтің жеке кабинеті бар деген де сөз бар.

Тексеруге қатысқан журналистердің бірі - Teliasonera компаниясының акционері. Ол акционерлер жиналысына жеке тұлға ретінде қатысыпты. Оның хабарлауынша, 2011 жылы компанияның кірісі бес миллиард доллардан асып жығылған. Бұл соманың ширек бөлігі бұрынғы советтік республикалардағы қызмет көрсетуден түскен.

АУЫЗДАН ШЫҚҚАН ӘРБІР СӨЗ ЖАЗЫЛАДЫ

Швед журналистерінің деректі фильмі мемлекеттің өз азаматтарын қалай қадағалайтыны туралы түсірілген «Матрица» фильміне ұқсайды. Алайда фильм нақты деректерге құрылып, өмірдегі адамдар мен халықты қадағалауда технологияны пайдаланып жатқан мемлекеттер жайлы болып отыр.

Беларусь журналисі, 2010 жылы президент сайлауына түскен Андрей Санниковтың жұбайы Ирина Халип:
Беларусь президенті Александр Лукашенко. (Көрнекі сурет)

Беларусь президенті Александр Лукашенко. (Көрнекі сурет)


- Өзімізді, құдды реалити-шоуға қатысып жатқандай сезінеміз. Аузымыздан шыққан әрбір сөз Беларусь теледидарынан көрсетілуі мүмкін, - дейді .

Ирина Халип журналистерге өзінің телефоны қалай тыңдалғанын, телефон арқылы сөйлескен әңгімелерінің жазбалары сотта өзіне қарсы қалай пайдаланылғаны жайлы айтып берді.

Телефон тыңдау, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің жазбаларын адамдардың өзіне қарсы пайдалану, олардың жүрген-тұрған орнын анықтау, тіпті «Евровидение» конкурсындағы дауыс беруді қадағалау сияқты әдістерді бұрынғы советтік республикалардың мемлекеттік қауіпсіздік қызметтерінің бәрі пайдаланады. Фильм бұған дәлел болатын нақты мысалдар келтірген.

ӘЗЕРБАЙЖАН

Азаттық радиосының Әзербайжан редакциясының журналисі Агиль Халил 2008 жылдан бері Парижде тұрады. Ол швед журналистеріне Әзербайжанда ағаштарды кесу жөнінде репортаж дайындамақ болып саябаққа барғаны туралы айтады. Бір-екі фотосурет түсіріп болғаны сол екен - жанына екі ер адам келіпті. Олар саябақ аумағы қауіпсіздік қызметіндегі шенді біреудің меншігі екенін айтып, Агиль Халилді соққыға жығады.

Агиль оталған ағаштар мен өзін соққыға жыққан адамдардың фотосуреттерін бірге жариялайды. Артынан белгілі болғандай, Агильді соққыға жыққан ұзын бойлы жігіттердің бірі қауіпсіздік қызметінде істейтін болып шығады. Агильге қысым жасалып, қоқан-лоққы көрсетіле бастайды. Ал 2008 жылдың наурызының 13-інде оған пышақ жұмсалады. Агиль бұл жайында билік орындарына шағым түсірген. Ал билік болса Azercell-дің көмегіне жүгінеді.
Әзербайжан журналисі Агиль Халил (ортада) Бакуде наразылық шарасын өткізіп тұр. 21маусым 2011 жыл.

Әзербайжан журналисі Агиль Халил (ортада) Бакуде наразылық шарасын өткізіп тұр. 21маусым 2011 жыл.


Фильмде қауіпсіздік комитетіне Azercell компаниясы берген құжаттар көрсетіледі. Олардың ішінде Агильдің телефон арқылы сөйлескен сөздерінің жазбалары, хабарламалары, жүрген-тұрған орны көрсетілген ақпарат бар. Кейін бұл мәліметтер Агильді сотта айыптау үшін жалған дәлелдерге қосылады. Қауіпсіздік қызметіне ешқандай айып тағылмастан іс жабылған. Өзін алда не күтіп тұрғанын түсінген Агиль француз елшілігінің көмегімен елден кетуге мәжбүр болады.

Журналист Azercell компаниясы қауіпсіздік қызметімен заңға қайшы ынтымақтастық орнатқан деп есептейді. Ол Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағым түсірді.

«Евровидение» конкурсының фанаты Ровшан Насырли 2009 жылы Azercell байланыс операторы арқылы хабарлама жіберіп, армян тобының «Джан Джан» әні үшін дауыс береді.

- Мені арнайы қызмет органдары шақырып, «Армения үшін неге дауыс бересің?» деп тергеуге алды. Олар мені қорқытып-үркітіп, «Опасыз, мына сен сияқтылардың кесірінен Таулы Қарабақтан айрылдық» деп жерден алып, жерге салды, - дейді Ровшан.

ҮНДЕМЕЙ ҚҰТЫЛУ

Швед журналисі хабарлағандай, Teliasonera компаниясының шведтік акционерлерінің көбі өздерінің компаниялары Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь сияқты елдерде жұмыс істеп, ол елдердің демократиялық жолға түсуіне ықпал жасап жатыр дегенге сенеді.
TeliaSonera вице-президенті Сесилия Эдстром.

TeliaSonera вице-президенті Сесилия Эдстром.


Сұхбат бергендердің бірі швед технологиялары «Араб көктемінің» мақсатқа жетуіне көмектесті деді. Ал «Арнайы қызмет технология мүмкіндіктерін оппозициялық күштерге қарсы пайдалана ма?» деген сауалға «Олай деп ойламаймын… өз басым мұны ерсі әрекет деп есептеймін. Мұндай әрекет мен өмір сүретін ортада жоқ. Және басқа ортада да жоқ болар деп үміттенемін» деп жауап берді.

Бұл көрініс Teliasonera компаниясы мен өз азаматтарын аңдитын елдердің арасындағы байланыс туралы деректі фильмге енгізілді. Фильм Швецияның телеарнасынан көрсетіліп, Teliasonera акционерлерінің наразылығын туғызды. Компания болса өзінің ол елдердің заңдары аясында қызмет ететінін айтып ақталды. Алайда фильм жарыққа шыққан соң, Швецияның қаржы нарығы жөніндегі министрі Петер Норман мен Teliasonera компаниясының директорлар кеңесінің басшысы «Teliasonera демократия әлі орнамаған елдердегі азаматтардың жеке өмірі мен сөз еркіндігін қорғау жөніндегі бағдарламаны» іске қосты деп мәлімдеді.

Беларусь оппозиционерлерінің бірі фильмде айтқанындай, әзірше біздің таңдау еркіміз бар «үй сыртында кісі барын» біле тұра, оларға бәрін өзіміз «айтып беруге» тиіспіз немесе үндемей құтыламыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG