Accessibility links

Тунистегі сайлауда исламшыл партия жеңіске жеткенін айтады


«Ән-Нахда» исламшыл партиясының басшысы Рашид Ганучи. Тунис, 23 қазан 2011 жыл.

«Ән-Нахда» исламшыл партиясының басшысы Рашид Ганучи. Тунис, 23 қазан 2011 жыл.

Тунисте жексенбі күні өткен сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жарияланады. Бұл – араб елдерінде биыл басталған толқулардан бері алғаш өтіп отырған демократиялық сайлау.


Тунистің осыған дейін тыйым салынған «Ән-Нахда» партиясы бірінші рет көп партиялық тұрғыда өткен сайлауда жеңіске жеткендерін мәлімдеп те үлгерді.

«ӘН-НАХДАНЫҢ» ҚУАНЫШЫ

– Алғашқы нақтыланған дауыстар көрсеткендей, «Ән-Нахда» ұлттық және сайлау орталықтарында бірінші орында келеді, – деді партияның өкілі Абд Әл-хамид Жлози дүйсенбі күні.

Расында да қазіргі есеп бойынша «Ән-Нахда» партиясы көп дауыспен алда келеді.

Бірақ бұл исламшыл партия 217 орындық ассамблеяда басымдық алардай жеңіске жетпеген сияқты. Бұл ассамблея құрылған соң, конституцияны дайындап, уақытша жаңа президентті тағайындап, 2012-2013 жылдарға "Ән-Нахда" партиясының жақтастары. Бен Арус, Тунис, 21 қазан 2011 жыл.

"Ән-Нахда" партиясының жақтастары. Бен Арус, Тунис, 21 қазан 2011 жыл.

дейін жұмыс істейтін үкіметті құрады.

Ал «Ән-Нахда» партиясының қолдаушылары Тунис көшелеріне шығып, «біз жеңдік» деп тойлап жатыр.

«ДЕМОКРАТИЯҒА ҚАДАМ»

Тунистегі сайлаушылардың 90 пайызы дауыс берген бұл сайлауды бақылаған Перудің бұрынғы президенті Алехандро Толедоның айтуынша, сайлау әділ әрі еркін өткен.

– Дауыс беру үрдісі өте күшті құлшыныспен өтті. Халықтың көңіл-күйі дұрыс болды. Менің пікірімше, нәтижесі қандай болса да, ақырғы қорытынды бойынша жалғыз жеңімпаз бар – жалпы демократия жеңді, – дейді Алехандро Толедо.

Толедоның пікірінше, бұл сайлаудың нәтижесі тек Туниске қана емес, халық толқулары болған, алда сайлау өткізуді жоспарлаған Ливия, Мысыр, Сирия және Йемен сияқты басқа елдерге де әсер етеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд та Тунистегі сайлауды араб әлемінің демократияға қадамы ретінде оң қабылдады.

– Бұл – Тунис пен оның халқы үшін демократияға бастаған айтарлықтай қадам. Олар өз жолын өктемшіл диктаторлықтан ажыратып, азаматтардың тілегін сыйлайтын үкімет құруға кірісті, – дейді шетелдік бақылаушы.

Бұл тұста тунистік сайлау мекемесінің сыртына наразылық танытқан 50 шақты адам жиналып, «Ән-Нахда» партиясының біраз бұрмалаушылықтар жасағанын мәлімдеді. Ал сайлау комиссиясының өкілдері «дауыс беру кезінде ондай үлкен заңсыздықтар болмады» деп отыр.

«ИСЛАМШЫЛ ПАРТИЯ ЖЕҢСЕ...»

Саяси сарапшылар Тунистің дауыс беру жүйесі бақылау мен теңдік сақтау мақсатында құрылғандықтан, ондай бұрмалаушылықтарға жол берілуі мүмкін емес деп отыр. Сарапшылардың айтуынша, исламшыл «Ән-Нахда» Кандидаттардың үгіт парақшалары ілінген көшеден өтіп бара жатқан ерлі-зайыптылар. Тунис, 20 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Кандидаттардың үгіт парақшалары ілінген көшеден өтіп бара жатқан ерлі-зайыптылар. Тунис, 20 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

өзіне одақтас ретінде зайырлы партияларды тартуы керек.

«Ән-Нахда» да зайырлы екі партия – «Республика конгресі» және «Әт-Такатол» топтарымен бірігуге дайын екенін айтты.

«Ән-Нахда» партиясына Рашид Ганучи жетекшілік етеді. Ганучи бұрынғы режимді сынағаны үшін 22 жыл Ұлыбританияда бас сауғалап жүрген.

Өзі гастуксыз жейде, костюм киетін, әйелі мен қызы хиджап киетін Ганучи Тунис қоғамына шариғат заңын енгізбейтінін, Тунис жағажайларына демалуға келетін батыстық туристерді қандай да бір тәртіпке көндіруге тырыспайтынын айтады.

Ганнучидің айтуынша, исламшыл «Ән-Нахда» партиясы Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы сияқты қалыпты исламды ұстанбақ.

Ал «Ән-Нахда» партиясының бәсекелесі «Прогрессивті демократия» партиясы сайлаушыларды бүгінгі заманға сай, еркін ойлы құндылықтар үшін дауыс беруге шақырып, «егер исламшыл партия жеңіске жетсе, оның бәрі құрдымға кетеді» деп ескертіп жатты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG