Accessibility links

Түркияда "ИМ-ге қатысы бар" елу күдікті ұсталған


Анкара көшесінде тұрған түркиялық полиция қызметкері. 11 қазан 2015 жыл.
Анкара көшесінде тұрған түркиялық полиция қызметкері. 11 қазан 2015 жыл.

Түркияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар деген күдікпен елу адам ұсталған. Түркиялық ақпарат құралдары күдіктілер Анкарадағы жарылыстарға байланысты бүгін Стамбулда полиция жүргізген шара барысында қолға түскен деп хабарлады.

«Анадолы» агенттігінің ақпараты бойынша, ұсталғандардың барлығы шетел азаматтары, олар Сирия мен Ирактағы соғыс қимылдары болып жатқан аймақтарға бару мақсатымен Түркияға тақауда келген. Ұсталғандардың нақты қай елдердің азаматтары екені айтылмайды.

Қазанның 10-ы күні Анкарада соғысқа қарсылық шеруі болып жатқан жерде жанкештілер жасаған жарылыстардан 102 адам қаза тапқан еді. Бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» экстермистік тобының Түркиядағы бөлімшесі ұйымдастырған болуы мүмкін деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG