«Ашулы белорус» марштары
Минскі мен Беларусьтің басқа да ірі қалаларында «арамтамақтарға» салық салуға қарсы марштар өтті. Жұрт «Әлеуметтік масылдықтың алдын алу туралы» № 3 декретке наразы. Беларусь билігі жұмыссыздарды «жалқау», «арамтамақ» деп айыптап, сол әрекеттері үшін салық төлеуді талап етіп отыр. Бірақ басшылық оларға жұмыс ұсынбаған. Азаттықтың Белорус қызметі елдің түрлі аймақтарынан 100 секундтық видео құрастырды.