Accessibility links

Назарбаевтың Түркиядағы түскі асы 34 мың доллар тұрды ма?


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отыз адамды ертіп барып, оның ішіндегі бес адаммен бір столдың басында Түркияның бір мейрамханасынан түскі ас ішті.

Түрік басылымдары «Түскі астың бағасы 34 мың долларға айналыпты» деп жазып жатыр.

«34 МЫҢ ДОЛЛАР ТӨЛЕДІ»

Түріктің Utanmaz Medya басылымы «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мейрамханаға 34 мың доллар төледі» деген ақпарат таратты.

Қазақстан президенті Түркиядағы демалысы кезінде Бодрумдағы ең танымал орынның бірі - «Мачакизи» мейрамханасына бас сұғыпты. Өзімен бір столға бес адам отырған, ал президентпен еріп келгендердің жалпы саны - отыз қаралы адам.
Назарбаевтың қасында үш жеке аспазы болды, оларға мейрамханада түскі ас дайындауға рұқсат бермеді.

HT Gazete түрік басылымының тілшісі Решат Балджиоглы таратқан ақпарат бойынша, алдын ала үш полиция қызметкері мекемені итпен тексеріп шыққан.

Түрік басылымы «Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында үш жеке аспазы болды, алайда оларға мейрамханада түскі ас дайындауға рұқсат бермеді» деп жазды.

«ОСЫҒАН ДЕЙІН МҰНДАЙ АҚШАҒА ЕШКІМ ТАМАҚТАНБАҒАН»

«Мачакизи» қожайындары мейрамхананың ас мәзіріндегі тағамдарды ғана Назарбаевтың алдына тосқан. Түріктің Haber Turk газеті «Назарбаев пен оның қасындағы қонақтар түрлі тағамдардан дәм татқан, бірақ мейрамханадағы ең таңдаулы тағам - лахмаджуннан бас тартқан». Оның бағасы 50 түрік лирі (30 доллар шамасында)» деп жазды.

Ал Utanmaz Medya (Түркия) басылымы «Назарбаев пен оның қонақтарына 34 мың доллардың есебін алып келгенде, олар қатты таңғалған. Бірақ қолма-қол есеп айырысқан» деп жазды.
34 мың доллардың есебін алып келгенде, олар қатты таңғалған. Бірақ қолма-қол есеп айырысқан.

Мейрамхана иелерінің айтуынша, «Осы уақытқа дейін мұндай ақшаға ешкім тамақтанбаған». «Мачакизи» мейрамханасының менеджері Сазир Ерозан 34 мың доллар туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Ондай ақшаға есеп шыққан жоқ. Олар тек бізге қонаққа келді. Біздің тағамдарымыздан дәм татып, ризашылықтарын білдіріп, қайтып кетті. Сіз айтып отырған жағдайлар болмады. Олар келгенге дейін де ешкім мейрамхананы итпен тексерген жоқ», - деді ол HT Gazete журналисіне.
  • 16x9 Image

    Гүлбану ӘБЕНОВА

    Гүлбану Әбенова - 2008 жылдың тамызына бері Азаттық радиосы сайтының авторларының бірі. Мәскеу гуманитарлық университетінің тарих факультетін тәмамдаған, Ұлттық өнер академиясында театр сыншысы оқуын бітірген, Евразия ұлттық университетінің магистратурасын «Әлеуметтану» мамандығы бойынша аяқтаған. «Экспресс К» газетімен, басқа да қазақстандық басылымдармен әріптес болған. 1999 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG