Accessibility links

Түркменстанда баспасөз бостандығының алғашқы белгілері біліне бастады


Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Мәскеудегі сапарында. 24 наурыз. 2009

Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Мәскеудегі сапарында. 24 наурыз. 2009

Орта Азияның бұл елінде ақпараттық тәуелсіз ұйым жоқ, билік мерзімді басылымдарды қатаң бақылауында ұстайды. Енді президент Бердімұхмедовтің пәрменімен интернет-кафелер мен журналистік мектептер ашылуда. Бірақ мұндай өзгерістер үстірт жасалады, елде нағыз еркін баспасөзді қалыптастыруға әлі ұзақ уақыт қажет дейтіндер көп.

Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ақпарат ұйымын ұзақ уақыт басқарған екі бірдей басшыны орындарынан алып тастағаннан кейін елдегі баспасөзге шектеу азая ма деген үміт ұшқыны пайда болды.

Күнде таңертең жергілікті пошташы Арслан есімді мұғалімнің үйіне жаңа газеттерді жеткізіп тұрады екен. Ол басылымдарды қаласаң да, қаламасаң да күнде әкеліп тұрады, өйткені Арсланның жалақысынан мерзімді басылымдар үшін ақша ұсталған.

Алайда Арслан ол газеттерді оқығысы да келмейді екен.

"Мен тек оларды бір шолып шығам, бірақ әдетте оларды оқымаймын,-деген 39 жасар мұғалім Арслан,-Олардың бәрі бірдей президент туралы жазады. Біздің газеттерімізден құнды бірнәрсе тауып оқу өте қиын,-" деген ойын ортаға салады.

Түркменстандағы ұлттық газеттер, журналдарға дейін бәрі алғашқы беттерін президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің сөздері, сапарлары мен кездесулеріне арнайды. Газеттердің беттері президенттің түрлі-түсті суреттерімен әсемделеді.

Тіпті денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен әйелдерге арналған журналдардағы мақалалар Бердімұхмедовті мақтап-мадақтап жатады. Президент пен оның саясатын сынау дегенді Түркменстанда естімейсіз дейді түркмен мұғалімі.

Алайда таяуда президент Бердімұхамедов көпшілік “баспасөзге бақылауды күшейтіп отырғандар” деп білетін екі басшыны орнынан алып тастағанда, халықтың біразы ақпараттық ұйымдардың ахуалы енді жақсарар деп үміттеніп қалды.

Ол қызметінен алынғандардың бірі - Түркменстанның мемлекеттік “Алтын Асыр” телеарнасының басшысы Беглі Алиев- халыққа тарайтын хабарлар мен журналистердің билікке жағымды болуына жауапты болған адам.

Ал үкіметтікТүркменстан газетінің бас редакторы Аннамұрад Поладов өмірден өткен бұрынғы президент Сапармұрад Ниязовтың жекебасына табынушылықты ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылған еді.

Бердімұхамедовтің бұрыннан келе жатқан ақпараттық ұйымдардың басшыларын кетіруі – елдегі БАҚ-на үкіметтің
бақылауы азаяды деген үмітті оятып отыр.

Сонымен қатар Бердімұхамедов түркмен журналистерін шетелдік ақпарат өкілдерінен тәжірибе алып, үйренуге шақыруымен де оң құбылысты байқатты.

“Біздің елдің баспасөз өкілдерінің жауапкершілігі өте жоғары. Телеарна басшылары, негізгі басылымдардың редакторлары Оңтүстік Кореяда сапармен болғанда шетелде журналистер қалай шұғыл әрекет ететінін біліп қайтты. Мен кабинет министрі Майса Язмұхамедовадан ол жерде көріп-білген, үйренген маңызды тәжірибесін өзінің газет-журнал, телеарна және радиобағдарламаларында қолдануын, көрсетуін сұрадым,-”деп атап көрсетті түркмен президенті.

Бұрынғы президент Ниязов Ұлттық университеттердегі журналистика факультеттерін жауып тастаған болатын.

Енді Бердімұхамедов Ашхабадтағы халықаралық байланыстар университетінен жаңадан журналистика факультетін ашып отыр.

Бердімұхамедовтің елде интернет-кафелер ашу шешімін көп түркмен оң қабылдады, әсіресе жастар арасында интернетті пайдалану көбейе түсті.

Десе де, Түркменстанда еркін баспасөзді дамыту үшін ұзақ уақыт керек болып отыр. Елдегі реформалар баяу әрі үстіртін жүріп жатыр.

Бұл елде әлі тәуелсіз басылым атымен жоқ. Құрылтайшысы түркиялық “Заман Түркменстан” газетіндегі тақырыптардың өзі үкіметтің қатаң тексеруінен өтеді.

Шетелдегі ақпарат көздеріне қызмет ететін тәуелсіз журналистердің телефондары әрдайым өшіріліп тасталады. Полиция ондай тілшілер мен олардың туыстарын сұраққа алып жатады.

Шетелдік ақпарат ұйымына хабар беріп тұрған Аннақұрбан Амангылычов пен Сапардурды Хаджиев деген екі журналист қамауда отыр.

Түркмен парламентінің бұрынғы мүшесі Халмұрат Сойун Бердімұхамедов үкіметін түрмеге жабылған журналистерді босатып, баспасөз еркіндігі мен журналистер құқын сыйлауға шақырып отыр:

“Біз президент Бердімұхамедов пен оның үкіметін Конституция шеңберінде әрекет етіп, міндеттемелері мен уәделерін толығымен орындауға шақырамыз. Әрине, үкімет елдегі болып жатқан жағдайларды шынымен түсінуі керек,-”дейді ол.

Журналистер құқын қорғайтын комитеттің айтуынша, Түркменстанда интернет жүйесіне қосылу қызметін ұсынатын ұлттық компания оппозициялық және тәуелсіз вебсайттарға тосқауыл қойып, жеке электронды пошталарды тексеріп келеді.
XS
SM
MD
LG