Accessibility links

Түркімен билігі Бегдесіновке жаңа талап қойды


Бисенғұл Бегдесінов бейнеленген киім. Алматы. 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бисенғұл Бегдесінов бейнеленген киім. Алматы. 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов бес күннің ішінде өкіметке 40 мың АҚШ долларын төлемесе, қайта қамауға алынуы мүмкін.


Бисенғұл Бегдесінов «мұндай ақшаны бес күн емес, бес жылда да таба алмайтындығын», өзіне түркімен билігі кезекті «қысым» жасап жатқандығын айтады.

5 КҮНДЕ 40 МЫҢ ДОЛЛАР

– Қыркүйектің 15-і күні маған сот орындаушысы келді. Қол қойдыртып, құжат алып келіпті. Онда «бес күннің ішінде барлық айыппұлды өз еркіңізбен төлеуіңіз керек» деп жазылған. Айыппұл көлемі – 8 үйдің бағасы, шамамамен 40 мың доллар, – деді Бисенғұл Бегдесінов Азаттыққа қыркүйектің 16-сы күні берген сұхбатында.

«Осы сомаға жететіндей мүлігім де жоқ. Ең қызығы, өткенде үйге келіп, тексеріс жасаған құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық жолмен тапқан мүлкімнің жоқ екенін анықтап, хаттама толтырып кеткен» дейді сұхбаттасымыз.

Бегдесінов қыркүйектің 20-сына дейін 40 мың доллар таппаса, қайта қамалуы мүмкін екенін айтады.

ШАҚЫРТУДЫҢ «ЖЫРЫ»

Бисенғұл Бегдесінов 2011 жылы сәуірдің 11-і күні қамауға алынып, мамырдың 13-інде сот залынан шартты түрде жазаға кесіліп босап шыққан еді. Оған шетелге шығатын азаматтарға (негізінен жергілікті қазақтарға) шақырту құжат рәсімдеу барысында «алаяқтық жасады» және «пара беруге болысты» деген айып тағылған.

Алматыда мамырдың 16-сы күні өткен баспасөз маслихатында Бисенғұл Бегдесіновтің ұлдары Әмір мен Әлібек әкелеріне қатысты шығарылған сот
Әлібек Бегдесінов баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр 2011 жыл.

шешімінің «қитұрқы тұстары» бар екендігін айтқан.

– Әкемізге 5 жыл шартты жаза мерзімін тағайындады. Бірақ оның талаптары бар. Сот шешімі бойынша әкеміз Түркіменстанда пәтерлерін жекешелендіруге көмектескен қазақтардың пәтер құнын мемлекетке қайтаруы керек. Әзірше ол – 8 үй. Жақында тағы да 18 түркімен қазағының пәтерлеріне қатысты жекешелендіру процесі аяқталуы тиіс. Осыған байланысты Түркіменстан үкіметі әкемізге жаңа айып тақса, айыппұл көлемі өсуі мүмкін, – деген еді Әлібек Бегдесінов.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы сәуірдің 26-сында арнайы мәлімдеме таратып, Бисенғұл Бегдесіновті саяси себептерге байланысты соңғы уақытта қамауға алынған түркіменстандық белсенді азаматтардың бірі ретінде атап өтті.

Бисенғұл Бегдесіновтің сұқбаты
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG