Accessibility links

Ізім-ғайым жоғалған түркімен саяси тұтқындар


Түркіменстанның сыртқы істер министрі Борис Шихмурадов (сол жақ шетте) Ауғанстандағы "Талибан" өкілімен кездесіп тұр. Исламабад, 26 қаңтар 1999 жыл.

Түркіменстанның сыртқы істер министрі Борис Шихмурадов (сол жақ шетте) Ауғанстандағы "Талибан" өкілімен кездесіп тұр. Исламабад, 26 қаңтар 1999 жыл.

«Президент Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болды» деген күдікпен ұсталған, арасында Түркіменстанның сыртқы істер министрі де бар оншақты адам хабар-ошарсыз кетті.

Осыдан 10 жыл бұрын Түркіменстанның ресми ақпарат құралдары «әлдекімдердің мемлекет басшысы Сапармұрат Ниязовқа қастандық жасамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталғанын» хабарлаған. 2002 жылғы қарашада болған сол оқиғаға қатысы бар деген күдікпен елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Шихмурадов пен оның жақтастары тұтқындалған. Түрмеге қамалғалы бері олар туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Халықаралық қауымдастықтың өтінішіне қарамастан, Ашғабаттағы ресми орындар тұтқындардың тағдыры туралы ешқандай ақпарат бермей келеді. Жақындары олардың тірі, я өлі екендіктерін білмейді.

Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын бірнеше ұйым түркімен басшылығынан қамаудағылардың тірі екендігін дәлелдейтін айғақтарды көрсетуді талап еткен науқанды бастады.

«Сотталғандар тірі болса, онда халықаралық қауымдастық өкілдері, заңгерлер мен туыстарының олармен кездесуіне мүмкіндік берілуі керек» дейді белсенділер.

ТҮРКІМЕН БИЛІГІНЕ ТАЛАП

Азаматтық қоғам платформасы, Crude Accountability және Freedom Files ұйымдары, Демократия мен адам құқықтарын дамыту орталығы, Норвегиялық Хельсинки комитеті бірлесіп қолға алған бұл шара өткен айда Варшава қаласында басталды.

– Біз Түркіменстан өкіметіне қарапайым ғана екі гуманитарлық талап қойып Журналист Аркадий Дубнов. 26 қыркүйек 2013 жыл.

Журналист Аркадий Дубнов. 26 қыркүйек 2013 жыл.

отырмыз: абақтыдағылардың халі нешік екенін айтсын және оларды көруге мүмкіндік берсін, – дейді науқанды ұйымдастырушылардың бірі, журналист Аркадий Дубнов.

Оның сөзінше, «Арада 10 жыл өтсе де әлем жұртшылығы оқиғаның жай-жапсарынан, тұтқындардың жай-күйінен бейхабар. Тіпті олардың өлі, я тірі екені беймәлім. Олардың денсаулығы туралы да еш ақпарат жоқ. Отбасы мүшелеріне, заңгерлерге, «Қызыл Крест» өкілдеріне не бақылаушыларға – ешқайсысына тұтқындармен кездесуге мүмкіндік берілген жоқ».

Ресейлік адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, 2002 жылы «президент Ниязовқа қастандық жасамақ болды» деген күдікпен 55 адам тұтқындалып, сотталған.

ШИХМУРАДОВТЫҢ «МОЙЫНДАУЫ»

Қамалғандардың арасында Түркіменстанның сыртқы істер министрі болған Борис Шихмурадов, оның бауыры Константин Шихмурадов, Түркіменстанның ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы елшісі Батыр Бердиев бар.

Ашғабаттағы оқиғалардан соң ЕҚЫҰ айыпкерлердің сот істері, олардың адвокаттармен кездесуі, түрмедегі ахуалы жайлы ақпаратты жинап отыру мақсатында «Мәскеу механизмі» деген шараны қолға алған.
Борис Шихмурадов. 26 маусым 1997 жыл.

Борис Шихмурадов. 26 маусым 1997 жыл.

Алайда түркімен басшылығы «Мәскеу механизмі» делегаттарының Түркіменстанда жұмыс істеуіне рұқсат бермеді. Халықаралық қауымдастықтың түрмедегілердің ахуалынан хабар беру туралы өтініштеріне құлақ асқан ешкім болған жоқ.

Борис Шихмурадов тұтқындалғаннан бірнеше күн өткен соң теледидардан сөз сөйлеп, «кінәсін мойындаған». Түрі әбіржіп, қатты қобалжыған ол "қылмысқа қатысы бар" екенін, өзінің "ішімдік пен есірткіге салынғанын" айтқан. Бұл оның жұрт алдына соңғы рет шығуы еді. Сот оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Кейбір сарапшылар «Шихмурадовты кінәсін мойындауға мәжбүрлеген» деген болжам айтты. Кезінде жоғары лауазымды дипломатиялық қызметтер атқарған Шихмурадов сол оқиғадан бір жыл бұрын ғана Ниязов билігіне қарсы оппозицияға өтетінін мәлімдеген.

ТҮРКІМЕНБАШЫНЫҢ ЖОЛЫ ӨЗГЕРМЕДІ

Басқа бір іс бойынша айыпты деп танылған бұрынғы саяси тұтқын Ақмұхаммет Байханов халықаралық қауымдастықтың жаңа бастамасына қолдау білдірді. Азаттық радиосының Түркімен қызметіне Түркияда отырып сұхбат берген ол «Түркіменстанда бұл іс туралы ешкім айтпайды» дейді.

Ақмұхаммет Байханов «Мәскеудегі түркімен оппозициясы өкілдеріне қолдау көрсетті» деп айыпталып, 2003-2007 жылдары түрмеде отырған. Ол бірнеше айын Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) пен қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстанның сол кездегі президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) пен қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Ашғабат қаласының түбіндегі әйгілі Овадан-Депе абақтысында өткізген. Кейбіреулердің айтуынша, Шихмурадов пен оның серіктері де осы түрмеде болуы мүмкін.

– Олар туралы еш ақпарат жоқ. Себебі Овадан-Депеге тұтқындарды жабық көлікпен алып келеді. Ішке кірген соң өз бетіңше аттай алмайсың, онда тұтқындар бағынуға тиіс ережелер бар. Қолың артқа қайырылып байлаулы болады, ал өзің әрдайым басыңды төмен салып жүруің керек. Олар тиісті жеріңе апарады, сен сол жерден ешқайда шықпайсың. Саяси тұтқын ретінде түрменің ішінде ешкіммен араласуға қақым болған жоқ. Тіпті [Шихмурадов пен оның жақтастары] болса да, олар туралы ештеңе білмеген болар едім, – дейді Ақмұхаммет Байханов.

2006 жылы "Түркіменбашы" Сапармұрад Ниязов қайтыс болған соң оның орнын басқан Гурбангулы Бердімұхаммедов Түркіменстанға реформа мен ашықтық саясатын әкеле ме деген үміт болған.

Алайда жаңа президент көп өзгеріс жасай қоймады. Түркіменстан әлі де әлемдегі ең жабық және репрессиялық елдердің санатында тұр.

Мұхаммад Тахир мен Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG