Accessibility links

Ашғабатта Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші қайта орнатылды


Ашғабат қаласында Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовқа қойылған ескерткіш.

Ашғабат қаласында Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовқа қойылған ескерткіш.

Ашғабатта Түркіменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязов өлген соң тұғырдан алынып тасталған Түркіменбашының ескерткіші қайта пайда болды.

Түркіменстан астанасында елдің бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші жаңа жерге орнатылды. Түркіменбашының алтынмен апталған мүсіні енді Бейтараптық құрметіне қойылған 95 метрлік ескерткіштің үстінен бір-ақ шықты.

ЖАҢА ОРЫНҒА ТҰРҒАН ЕСКІ ЕСКЕРТКІШ

Бет-жүзімен күннің соңынан ерген бұл мүсін – шетелдік туристер үшін тоталитаризмді мәңгі еске түсірмек өзінше бір экзотика. Ал жергілікті Сапармұрат "Түркіменбашының" ескерткіші бұрын орталық алаңда тұрған еді.

Сапармұрат "Түркіменбашының" ескерткіші бұрын орталық алаңда тұрған еді.

тұрғындардың кейбірі бұл ескерткішті масқара көреді.

Түркіменстан тұрғындарының көбі осы күндері Түркіменбашының алтын жалатылған ескерткішін көріп, таң қалды. Құшағын кең жая күнге қараған ескерткіш Ашғабатта қайта орнықты.

Ниязовтың мүсіні ертеректе Бейтараптық аркасының төбесінен қарап тұрған болатын, ал арка – 1998 жылы, Түркіменбашының өзі билік құрған тұста-ақ, астана орталығында тұрғызылған құрылыс. Бейтараптық аркасы мен оның төбесіндегі мүсін 2010 жылы алынып тасталды.

Ал енді міне ескерткіш бұрынғыдан да жоғары тұғырға, бірақ ақ мәрмәрдән көтерілген Түркіменстан астанасының атырабына қайта оралды. Қазір бұл мүсін Бейтараптық даңғылының төмен жағында орнатылған 95 метрлік мемориалдық кешеннің төбесінен төніп тұр.

ДЕЖАВЮ

Жергілікті тұрғындар енді Сапармұрат Ниязов ескерткіші жаңа құрылымнан орын таба қоймас деп үміттенген еді. Ал бұлары өз алдына – көптеген түркіменстандықтарды қуантатын жайт. Осылайша олардың бойларында елдің саяси бағыты авторитаризмнен демократиялық және либералдық бағытқа қарай ауысып барады деген үміт оты жанғандай болған.

Сапармұрат Ниязов президент болған шақта қалыптасқан оның жеке басына табыну ғұрпы оның өлімінен соң анағұрлым саябырлап, енді міне Түркімен әйелі балабақшаға келген ел президенті Гурбангулы Бердіұхаммедовтың қолын сүйіп жатыр. Мары облысы, Түркіменстан, 26 қаңтар 2011 жыл.

Түркімен әйелі балабақшаға келген ел президенті Гурбангулы Бердіұхаммедовтың қолын сүйіп жатыр. Мары облысы, Түркіменстан, 26 қаңтар 2011 жыл.

халық оның орнына келген Бердімұхаммедовтың жеке басына табынуға көше бастады.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Ашғабат тұрғыны Расул Сеидов алтын жалатылған Ниязов мүсінінің қайта оралуын елдегі ахуалмен тікелей байланыстырып отыр.

– Ашғабат орталығынан Ниязовтың құрметіне қойылған ескерткішті алып тастағанда, көпшілік онымен бірге оның саяси тәртібі де тарих қойнауына кетеді деген үмітке бөленді. Бірақ соңғы кезде елде пайда болған саяси ахуал барша арман-үмітті су сепкендей басты деуге болады. Сол себептен де Ниязов құрметіне қойылған ескерткіштің қайта оралуының астарлы мәні бар. Бұл елдегі саяси бағытты білдіреді, – дейді ол.

Фарид Тухбатуллин – Венада тіркелген «Адам құқықтары жөніндегі түркімендік бастама» үкіметтік ұйымының басшысы, оның ойынша да, Гурбангулы Бердімұхаммедов басқарған жылдар бойы Ниязовтың диктаторлық тәртібі мән-мазмұнын толығымен сақтап қалды.

– Соңғы бес жылда Ниязов құрған жүйенің еш жері өзгерген жоқ. Әзір Түркіменстанда Ниязовтың атын көп атап жатпаса да, ел президенті Түркіменбашы саясатын қуаттап отыр, – деді Фарид Тухбатуллин.

Төбесінде алтынмен апталған Ниязов мүсіні бар Бейтараптық аркасын Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және сол кездегі үкімет жетекшісінің орынбасары Гурбанғұлы Бердімұхаммедов.

Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов (сол жақта) және сол кездегі үкімет жетекшісінің орынбасары Гурбанғұлы Бердімұхаммедов.

шетелдік туристері қызық көріп тамашалайтын. Ескерткіштің фотосуретін Ашхабадтың бойтұмары ретінде туристерге арналған көптеген бүктемелерден көруге болады.

Жергілікті тұрғындар бұл құрылысты «түркімен ұлтының масқарасы көреді» деп баяндады Ашғабаттағы туристік агенттіктің 34 жасар қызметкері Аман Каклиев Азаттық радиосына айтқан әңгімесінде.

– Бірақ шеттен келген туристер үшін алтын жалатылған, бұрма механизмнің арқасында күнге ілесіп айналып отыратын қолын кең жайған диктатордың ескерткіші өзінше бір экзотика. Олар үшін бұл – тоталитаризм, есерлік пен тізгінсіз есерсоқтықтың құрметіне қойылған ескерткіш, – дейді Аман Каклиев.

БАШИЗМ

Ниязовтың ескерткішін қайтарып беру жайты көршілес елдерде де түрлі сөзге ілікті.

Мәселен, қырғыз парламентінің депутаты Өмірбек Әбдірахмановтың ойынша, Түркіменстан лидері көсемдердің жеке басына табынуды үгіттеп жатыр, осылайша ол өзі кеткеннен соң да режимнің арқасында жұрт оны мадақтаудан танбайды деп дәмеленеді.

Қырғыз депутатының пікіріне қарағанда, диктатордың құрметіне айналып тұратын ескерткіш қою сияқты мұндай ақымақтықтар халықтың таусылар-таусылмас төзіміне сынақ болып отыр. Бұл өз алдына Орталық Азиядағы «араб көктеміне» әкеп тіремек.

Түркіменстанда «Рухнама» заманалық еңбегі – елде қасиетті кітап болып Түркіменстан тәуелсіздігі күні өткен мерекелік шараға шыққандар президент Гурбангұлы Бердімұхаммедовтың суретін ұстап келе жатыр. 27 қазан 2009 ж.

Түркіменстан тәуелсіздігі күні өткен мерекелік шараға шыққандар президент Гурбангұлы Бердімұхаммедовтың суретін ұстап келе жатыр. 27 қазан 2009 ж.

жарияланған Сапармұрат Ниязовтың философиялық мұрасы қазіргі кезде жеткіншектердің меңгеруіне ұсынылған. Дегенмен жаңа президент түркімен халқы үшін рухани басшылық болуға тиісті өзінің әдеби-философиялық еңбегін жазуға кіріспек деген мәліметтер түсті.

Іле-шала Түркіменстан президенті жаңа кітаптар шығарып, адам қызығатындай шығармашылық белсенділік таныта бастады.

Жуырда ғана Түркіменстанда ежелгі түркімендік кілем тоқу өнері жайлы «Тірі аңыз» («Живая легенда») атты көрнекі кітап шықты. Түркіменстан лидерінің қаламына тиесілі кітап бірден үш тілде: түркімен, орыс және ағылшын тілдерінде шықты.

Ал осы аптада оның емдік шөптер жөніндегі екі томдық еңбегі Қытайда қытай тілінде жарияланып үлгерді.

Осы тұста Бейтараптық аркасының салтанатты ашылуы 12 желтоқсанға, яғни Түркіменстанда республика бейтараптығы тойланатын күнге жоспарланған деп хабарланды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG