Accessibility links

Қазақ жанкүйерлері «бораттық Қазақстан образына» «интернет-соғыс» ашты


Қазақстандықтар әлемдік трендке айналдыруға тырысып отырған #kazakhstannumberone хэштегінің парағы. Twitter-ден алынған скрин-шот. 2 тамыз 2012 жыл.

Қазақстандықтар әлемдік трендке айналдыруға тырысып отырған #kazakhstannumberone хэштегінің парағы. Twitter-ден алынған скрин-шот. 2 тамыз 2012 жыл.

Қазақстандықтар Twitter-де олимпиададағы Қазақстан командасы туралы хэштегті әлемдік трендке айналдыруға тырысып жатыр. Бірақ кейбір блогшылар бұған күмән келтірді.

Олимпиада жанкүйерлері #KAZAKHSTANNUMBERONE хэштегінен (Хэштег — Twitter-дегі әр түрлі қолданушылардың бір тақырыпқа жазған хабарламаларын біріктіретін сөз-символ) әлемдік тренд жасау мақсатында Twitter желісінде «арнайы акция» бастады.

«БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН БОЛЫП...»

Акция шарты бойынша, кез-келген интернет қолданушы бұл хэштегті қолдану арқылы олимпиадаға қатысты жазбалар орнатуы тиіс. Бұл хэштег неғұрлым жиі қолданылған сайын соғұрлым оның алдыңғы қатардағы трендке айналу мүмкіндігі көбеймек.

Twitter-дегі хэштегтің пайда болғанына бірнеше күн болды. Оны адамдар бейсенбі күні ерекше көп қолданды. Twitter-дегі қазақстандық белсенділер осы хэштегпен Лондонда өтіп жатқан олимпиададағы қазақ спортшыларының жеңісі мен Лондондағы қазақ спортшыларына қатысты жаңалықтар жазып жатыр.
Бірнеше сағаттың ішінде We Want Jonas In Russia әлемдік трендке ілінді, ал біз бүкіл Қазақстан болып іліндіре алмай отырмыз.

Мысалы, Dina_Sheikh есімді қолданушы: «Бүгін Максим Раков өнер көрсетеді, жеңіске жетуін қалаймыз!!! #KAZAKHSTANNUMBERONE» деп жазған.
Бірақ бейсенбі күні түске қарай бұл хэштег Twitter-де ең көп жазылып жатқан тақырыптар қатарынан көріне алмады.

Мұны байқаған Азамат Исаев есімді қолданушы: «Бірнеше сағаттың ішінде We Want Jonas In Russia әлемдік трендке ілінді, ал біздің бүкіл Қазақстан болып #KAZAKHSTANNUMBERONE-ды іліндіре алмай отырғанымызға екі күн болды» деп жазады.

КҮДІК ПЕН БОЛЖАМ

Анар Мұстафина есімді блогшы «егер Илья Ильин мен боксшылар алтын алса, Twitter-де дүмпу болады» деп ойлайды.
#Kazakhstannumberone парағы. Twitter-ден алынған скрин-шот. 2 тамыз 2012 жыл. (Суретті үстінен бассаңыз үлкейеді)

#Kazakhstannumberone парағы. Twitter-ден алынған скрин-шот. 2 тамыз 2012 жыл. (Суретті үстінен бассаңыз үлкейеді)


Ол «Алдында ғана Александр Винокуров жеңгенде Қазақстан трендке шыққан еді. Және де Twitter-де Қазақстан жайлы, «ондай елдің барын да білмеппін, Бораттың елі» деп жазып жатқан шетелдіктер көп болды. Міне, соларға қасақана #KAZAKHSTANNUMBERONE хэштегін трендке шығарсақ тіптен керемет болар еді. Бәлкім, осы алдыңғы қатардағы орнымыз бірнеше күнге ғана созылар. Сонда да бүкіл ел арасында таңғалыс тудырар едік. Спортшыларымыздан жеңіс күтеміз және бәрі жақсы болса, #KAZAKHSTANNUMBERONE хэштегі трендте болары сөзсіз!» деп жазған.

Ал Нұржан Сәдірбекұлы есімді Twitter-қолданушысы Қазақстанда интернет-қолданушылар саны аз әрі аса белсенді болмағандықтан, бұл акция мақсатына жете алмайды дейді. Ол тамыздың 2-сі күні телефон арқылы:

- Менің ойымша, бұл Бораттың жағымсыз образын өшіру үшін жасалып жатқан Twitter-қолданушы Нұржан Сәдірбекұлы. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Twitter-қолданушы Нұржан Сәдірбекұлы. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

сияқты. Бұл қарапайым жанкүйерлер тарапынан емес, мемлекеттік саясатпен айналысып жүрген пиаршы топтың бастамасы болуы әбден ықтимал, - деді.

Қазақстандық хэштегтің Twitter-де танымал болатынына күмән келтірген тәуелсіз блогшы Дмитрий Щелоков бұл акцияны «ақпараттық ілігі жоқ, назар аударуға да тұрмайтын, жекелеген азаматтардың көңіл көтеру үшін жасаған бастамасы» деп бағалады.

Бұған дейін Қазақстан спортшылары олимпиадада үш алтын медаль ұтып, ел рейтингісі көтерілген кезде шетелдік интернет-қолданушылар Twitter-де «мұндай мемлекеттің бар екенін алғаш рет естіп отырғандарын» жазған еді. Мысалы америкалық Twitter қолданушылар «Мен Борат «Қазақстан» деген елді ойдан шығарған деп ойлаушы едім», «Қазақстан шынымен бар екен», «Қазақстан Еуропаға жата ма? Кейбір нәрселерге күдігім бар» деп жазды.

#ОККУПАЙАБАЙ

Блогшы Дмитрий Щелоков Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискі мен «Блогстан»( 2010 жылы azattyq.org веб-сайтында жарияланған үздік блог-жазбалар) жинағының тұсаукесер кешінде. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.

Блогшы Дмитрий Щелоков Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискі мен «Блогстан»( 2010 жылы azattyq.org веб-сайтында жарияланған үздік блог-жазбалар) жинағының тұсаукесер кешінде. Алматы, 5 желтоқсан 2010 жыл.

2012 жылы мамыр айында «қазақ ақыны Абай ресейлік оппозицияның символына» айналып, демонстранттар #ОккупайАбай сөзін кілт сөз ретінде Twitter-де қолданған кезде бұл хэштег Twitter-де бірінші орынға шыққан еді. Тәуелсіз блогшы Дмитрий Щелоков бұл жайында:

- «ОккупайАбай» флешмоб емес, жүздеген мың адам үшін өте қызықты, шынайы оқиға болғаны үшін бірінші орынға шықты. Және де ресейлік тақырыптардың әлемдік трендке шығуы да сирек құбылыс емес. Мәселе тек ең танымал саясаткер Навальный жайында ғана емес, сонымен бірге жасөспірімдер арасындағы ең танымал жұлдыз - Рома Желудь сияқты әншілерде де болып отыр. Ресейде жасөспірімдердің басым бөлігі Twitter қолданады. Ал Қазақстанда адамдарды Twitter-ге алып шығатын жұлдыздар жоқтың қасы, - деді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG