Accessibility links

ҮЕҰ өкілдері зорлық-зомбылықпен күресті күшейтуге шақырды


Жібек Мусинова адвокаты Айман Омаровамен бірге басынан өткен оқиға туралы айтып тұр. Астана. 24 қараша 2016 жыл.
Жібек Мусинова адвокаты Айман Омаровамен бірге басынан өткен оқиға туралы айтып тұр. Астана. 24 қараша 2016 жыл.

Бүгін, 24 қарашада Астанада жыныстық зорлық-зомбылық проблемаларына арналған конференция өтті. Жиынға мәжіліс депутаттары, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жыныстық зорлау құрбанына айналған деп болжанған Жібек Мусинова да қатысады.

Шараны дағдарыс орталықтарының одағы, "Ұлағатты жанұя", «Үндемей қалма» («Не молчи») ұйымдарды өткізді. Конференция кезінде қатысушылар зорлық-зомбылықты алдын алу және онымен күресуге бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тегін медициналық және психологиялық көмек көрсетуді, мемлекеттік бюджет есебінен дағдарыс орталықтарының санын арттыруды ұсынды.

Қазақстанда жылына қанша адамның зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын туралы нақты дерек жоқ. Құқық қорғаушылардың айтуынша, елдегі әйелдер «өздері көрген зорлық-зомбылықты сыртқа ашып айтпайды». «Дағдарыс орталығы одағы» келтірген дерек бойынша, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымның 60 пайызы сотқа жетпей, орта жолда жабылып қалады.

XS
SM
MD
LG