Accessibility links

«Беркут» Украинаның батысында – жендет, шығысында – батыр


"Беркут" арнайы жасағы. Киев, 19 тамыз 2013 жыл.

"Беркут" арнайы жасағы. Киев, 19 тамыз 2013 жыл.

Киев пен Украинаның батысындағы жұрт «Еуромайдан» кезінде полициямен қақтығысқан шерушілер мен мерт болғандарды «қаһармандар, азап шегушілер» деп сипаттайды. Ал елдің шығысындағы орыс тілді жұртқа полицейлер – «батыр».

Азаттық Украинаның шығысында орналасқан өнеркәсіптік қала Донецкіде «Беркут» жасағының бірнеше ардагерінен сұхбат алды.

Юрий Сивоненко өзі 25 жыл қызмет еткен таңдаулы полиция жасағын мақтан тұтады. «Беркут» деген атпен танылған арнайы жасақ жаппай тәртіпсіздік пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы операциялар жүргізу үшін құрылған.

Алайда «Еуромайдан» шерулері кезінде олар президент Виктор Януковичтің қалқаны мен семсеріне айналды. Содан бері Батыс Украинада оларды "аяусыз жазалаушы", "жауыз" деп таниды. Ал орыс тілді оңтүстік және шығыс аймақтарда «Беркуттің» бейнесі мүлде басқа.

«ЖІГІТТЕР КИЕВТЕН ҚАРТАЙЫП ҚАЙТТЫ»

Сивоненко – бұрынғы «Беркут» капитаны, қолма-қол ұрыс жаттықтырушысы және ардагерлер ассоциациясының мүшесі. Ол – Янукович Киевтен кеткен соң жергілікті офицерлердің Донецк қаласына оралғанына куә болғандардың бірі.

«Олардың Киевтен оралғандағы кейпін көрдік. Үсті-басы кір, күйік шалған, жаралы. Ешбірі сау болған жоқ. Әбден шаршаған. Кетерде 23-25 жастағы Украиналық "Беркут" жасағы сарбаздарына Ресей паспортын беріп жатыр.

Украиналық "Беркут" жасағы сарбаздарына Ресей паспортын беріп жатыр.

жігіттер еді, ал қайтқанда әбден қалжыраған, 40-тан асқан адамдар кейпінде келді. Бірақ олардың рухы әлі жеңілген жоқ. Біз оларды батырлар деп қарсы алдық» дейді Сивоненко.

«Еуромайдандағы» қантөгістен соң «қаһармандар мен жауыздар шайқасы» туралы түрлі аңыздар шығып жатыр. Майданға шыққандар қаза тапқандарды «азаттық үшін жанын қиған батырлар» деп ұлықтайды, ал шығыстағы ресейшілдер елдің заңды түрде сайланған президентін қорғау үшін борышын өтеген офицерлерді мадақтайды.

​Шығыс Украинадағы Донецк қаласында жұрттың көбі Виктор Януковичтің биліктен қуылғанын «заңсыз» деп санайды. Бұрынғы «Беркут» офицерлері «Беркут! Беркут!» деп ұрандатқан ресейшіл шерушілерге арқа сүйейді.

Қазір бұл елдегі оқиғалардан жылдар бойы қатар өмір сүрген украиндар мен орыстар арасындағы алшақтықтың үлкейіп бара жатқанын байқауға болады.

«БЕРКУТ» ҚАТЫГЕЗДІГІ

«Беркут» офицерлерінің қатыгез әрекеттері Украина халқы мен күллі әлемнің жағасын ұстатты. Интернетте тараған бір видеода «Беркут» офицерлері Майдан шерушісін аязды күні тыржалаңаш шешіндіріп, мазақ етеді.

Алайда аты-жөнін толық айтпаған Александр есімді «Беркут» офицері "Беркут" жасағы. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

"Беркут" жасағы. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл.

мәселенің екі ұшы барын айтады. Донецк қаласында туған ол «Беркут» неге осы әрекеттерге барды деп ешкім сұрамайды» дейді.

«Беркут» ардагерлері мен оларды қолдаушылар «шоқпар, шынжыр ұстаған шерушілердің жанғыш сұйықтық құйылған құмыралар лақтырғанын, интернетте ондай видеолардың көп екенін» айтады. Олар «шеру кезінде «Беркут» офицерлерінің туған-туыстары қоқан-лоқы хаттар алғанын» да білетіндерін ескертті.

«Беркут» ардагерлері «кек алу әрекеттері бастала ма» деп қауіптенеді. Олар мұны Киевтегі жаңа билік шешетінін айтты.

Ішкі істер министрі Арсен Аваков ақпанның 25-і күні «Беркут» жасағын таратып жіберді. Себеп – «халықтың оларға сенімі жойылған». Александр «Беркут» сапында жүргенін мақтат тұтатын, енді ол өзін шерушілерге қарсы жұмсаған мемлекет сатып кеткендей көреді.

«Бұл – сатқындық. Басқа не деуге болады? 25 жыл бойы «Беркут» барлық бұйрықты орындады. Енді әлдебіреулер «Беркут» дұрыс әрекет етпеді деп, бұл "Беркут" жасағы. Киев, 18 ақпан 2014 жыл.

"Беркут" жасағы. Киев, 18 ақпан 2014 жыл.

таңдаулы жасақтан құтылғылары келеді екен. «Беркуттың» Киевтегі әрекеті дұрыс болмапты, ал дәл сондай жағдай Украинаның шығысында болса, онда дұрыс болып шыға ма?» дейді Александр.

Сивоненко мен Александр «Киев «Беркуттың» атын өзгертіп, Украина шығысындағы ресейшіл шерулерді басуға қайта пайдаланбақ» дейді.

Олардың пікірінше, бұрынғы «Беркут» толық тарамаған, олардан арнайы жасақ құрылған.

Донецкідегі офицерлерге «ресейшіл шерушілерге қарсы аяусыз әрекет етуге бұйрық берілген» деген лақап тарады. Олар өткен аптада жергілікті әкімшілік ғимаратын екі рет басып алып, Донбасс аймағына көбірек автономия беру жөнінде референдум өткізуді талап етті. «Арнайы жасақ ол бұйрықты орындамай отыр» дейді Сивоненко мен Александр.

«БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТІМІЗ ЖОҚ»

Сивоненконың кеңсесінде спорттағы жеңістері үшін алған марапат қағаздары көп. Шкафта 23 жасында қаза тапқан полиция офицерінің портреті тұр. Түнерген Сивоненко жараланған офицерлердің жағдайы туралы ұзын-сонар медициналық мәліметтерді оқып отыр.

Киевтегі қақтығыста «Беркут» жасағының жеті офицері опат болды. Донецкіде тоғызы жараланды, екеуі өкпесі мен басына оқ тиіп, аса ауыр жағдайда жатыр.

Киевте қызмет еткен офицерлер билік қызметке қайта шақырса, баруға ынталы емес. Олар «үш айлық тозақтан кейін ес жиюымыз керек» дейді.

Бәкене бойлы, бірақ төртпақ келген Сивоненко қоян-қолтық ұрыстағы жетістіктері үшін «Беркутке» жаттықтырушы ретінде 1980 жылдардың соңында шақырылған.

Сивоненконың досы, Донецкіде туған Игорь (аты-жөнін толық айтпады) Донбасс аймағының автономияға айналғанын қолдайды. Оның бұл сөзі Украинаның шығыс аймақтарындағы орыс тілді халықтың көңіл-күйін аңғартады.

«Біздің енді мемлекетіміз жоқ. Украина бұдан кейін шығыс аймақтарға дұрыс қарамай, мұндағы отандастарымызды жек көреді. Сонда олар батырлар да, біз мал болып шығамыз ба? Бізге енді бюджетке табыс кіргізетін қара күш деп қана қарайтын шығар» дейді Игорь.

(Том Бэлмфорттың мақаласын ағылшын тілінен аударған - Әзина Мақұлжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG