Accessibility links

Шешенстан ашаршылық кезінде украиндарға пана болды


Аштықтан босып бара жатқан адамдар. Украина, Харьков, 1933 жыл.

Аштықтан босып бара жатқан адамдар. Украина, Харьков, 1933 жыл.

1932-33 жылдары советтік Украинада ашаршылық (Голодомор) болып, миллиондаған адам қырылды. Аштықтан қашқандардың біразы Шешенстанға барып паналады.

Жергілікті шешен отбасылары жетім балаларды асырап алғанын ол елден тысқары жерде ешкім білмейді.

ШЕШЕНСТАНДЫ ПАНАЛАҒАН ЖЕТІМДЕР

1930 жылы Украина халқы ашаршылықтан босқан кезде Люба оң мен солын айырмаған бала еді. Иосиф Сталиннің бұйрығымен, ашаршылық өршіп тұрған кезінде, шекараны жабар алдында ол ата-анасымен бірге отанынан қашуға мәжбүр болды. Голодомордан бас сауғалағандардың көбі көрші Румыния мен Польшаға жетуге тырысып жатты, ал Любаның отбасы ашыққан украиндарға азық пен баспана беріп жатыр деп естіген соң Шешенстанға аттанды.

Алайда Любаның ата-анасы жолда аштықтан көз жұмды. Кішкентай қызды Шешенстандағы балалар үйіне жеткізді. Ол жергілікті жұрттың тілін, дәстүрін тез үйреніп алды. Люба қалған өмірін аштықтан жетім қалған немесе туысқандары әкеп тастаған басқа украин балалармен бірге осы елде өткізді.

Голодомор туралы деректерде бұл жайында ешқандай құжат жоқ. Люба әлдеқашан көз жұмған. Бірақ ашаршылықтан бері 80 жыл өтсе де, ауылдастары Голодомор құрбандарын еске алу. Киев, 23 қараша 2013 жыл.

Голодомор құрбандарын еске алу. Киев, 23 қараша 2013 жыл.

оны ұмытқан жоқ. Зейнетке шыққан мектеп мұғалімі Амина Любаның Белгатой ауылында тұрғанын еске алады.

Оның сипаттауынша, Люба шешен жігітке тұрмысқа шығып, онымен тату-тәтті өмір сүрген, екі баласы болады, бірақ олар сәби кезінде шетінеп кетеді. 1994 жылы Ресей шешен сепаратистеріне қарсы соғыс ашып, қала мен ауылдарды атқылап тастағанда тағы да басына қара бұлт үйіріледі.

– Орыс-шешен соғысында жары қаза тапқан соң Люба кедейлік тақсіретін тартты. Имамнан бастап біраз адамдар оған көмектесті, азық-түлік әкеліп беріп тұрды. Ата-анамның жағдайын білуге барғанда оны көріп, менімен бірге кетуін, біздің қалада тұруын өтіндім. Оны өз қолыма алайын деп ойладым. Бірақ ол келіспеді, күйеуімен бірге тұрған, балалары дүние салған жерді тастап кеткісі келмеді. Солардың моласын күзетіп отырайын деді. Дүниеден өткенше сол ауылды мекен етті, – дейді Амина.

«МҰРАҒАТТА ОЛ ТУРАЛЫ ЕШ ДЕРЕК ЖОҚ»

Мұрағатта дерек сақталмағанына қарамастан, Голодомор кезінде Шешенстанды паналаған украиндар көп. Зейнеткер Қожа Яхиев өз ауылына ашаршылық кезінде 100 шешен отбасы келгенін айтады. Сол кезде ауыл бастығы болған ағасы олардың сапарын жиі еске алады екен.

– Аштықтан бұралып келгендерге ауыл тұрғындары қонақжайлық танытты. Сол кезде Шешен ауылында 500 отбасы болса, әрбір бесінші отбасы бір украин жанұясын қарауына алды. 1938 жылға дейін қамқорлық көрсетті. Балалардың кейбірі ата-анасы аштықтан көз жұмған жетімдер еді, – дейді ол.

Қазір Шешен ауылында этникалық украиндар саусақпен санарлықтай ғана. Олардың көбі аштық аяқталған соң немесе Шешенстанда соғыс басталғанда отанына оралды.
Яхиевтің айтуынша, 1944 жылы Сталин шешендерді жер аударған кезде кейбір украин балалары өздерін асырап алған отбасымен бірге кеткен.

Яхиевтің айтуынша, 1944 жылы Сталин шешендерді жер аударған кезде кейбір украин балалары өзін асырап алған отбасымен бірге кеткен. Кейбірі оралды, қалғаны Орталық Азия мен Сібірге баратын ұзақ жолды көтере алмай опат болды. Елде қалғандар жер аударылып кеткен шешендердің үй-жайына бас-кө болған.

– Украиндар жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарды. Олар бос қалған үйлерге қарап, малдарын өсірді. Сол үйлерді сақтап, тонаудан қорғау үшін аянбады, – дейді ол.

Совет одағы құлағаннан бері ғалымдар мен тарихшылар Голодоморға куә болған мыңдаған адам туралы дерек жинады. Бірақ шешендердің украиндарды аштықтан құтқару үшін үлкен еңбек сіңіргенін білетіндер аз. Украинадағы ашаршылықты зерттеген тарихшы Василий Марочканың айтуынша, украиндар аштық кезінде Шешенстанды паналады деген дерек еш жерде кездеспейді.

Шешенстан тарихшысы Вакит Акаев отбасылық суреттер мен басқа да деректер шешендерді жер аударғанда және кейінгі екі соғыста жоғалып кеткен болар, жаңа трагедия ескіні ұмыттырып жіберген шығар деп болжайды.

Бірақ шешендер Голодомордан жапа шеккен балаларды ұмытқан жоқ. Шешенстан әншісі Имам Алимсултанов «Украина, рақмет» деген әнді соларға арнады. «1930 жылы сұм тағдыр бізді жолықтырды. Ашаршылықтан азап шеккен украиндарды Шешенстан бауырына басты» дейді ол ән.

Клэр Бигг пен Амина Умарованың мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG