Accessibility links

Қырым татарлары үрейленіп отыр


Қырымдағы Бақшасарай қаласының жергілікті тұрғындары ресейшіл бұзақылардың қауіп төндіріп жатқанын айтады.

Бақшасарай қаласында тұратын 48 жастағы қырым татары әйел Нұрия өткен аптада, наурыздың 4-інде үйінде отырған кезде қолына сойыл ұстаған орыс тілді ер адамдардың көшеден өткенін көрген. Нұрия бір жігіттің қолында негізінен қырым татарлары мен қазақтар Ақшұқрақ ауданындағы татарлардың аты-жөні жазылған тізім бар екенін де байқайды.

Нұрияның көршісі Ава ол кезде 7 жасар ұлын мектептен әкеле жатқан. Ава ер адамдардың тізімге қарап, татар отбасылар тұратын үйлердің қақпасына белгі салып жүргенін көреді. Олар сойылын бұлғап, жақындай бергенде Ава мен ұлы үйге кіріп тығылып қалады. Күкікті адамдар ешкімді қумайды, бірақ Ава мен Нұрияның үйінің қақпасына ақ бормен «Х» деген белгі салып кетеді.

Ескісарай ауылындағы соғысқа қарсы шеру. Симферополь маңы, 10 наурыз 2014 жыл.

Ескісарай ауылындағы соғысқа қарсы шеру. Симферополь маңы, 10 наурыз 2014 жыл.

«Оларды көрген көршім қатты қорқып, тығылып қалады. Маған қоңырау шалды, сосын көшеге шығып, есікті қарадық. Олар кетіп қалыпты. Есікті сызып тастапты. Белгіні жуып кетірмек болдық, бірақ сызат қалып қойды» дейді Нұрия.

Ава бұл оқиғаны жергілікті полицияға хабарлаған. Бірақ Нұрияның айтуынша, билік өкілдері қырым татарларының қаупін сейілту үшін еш әрекет жасап жатқан жоқ.

«СҮРГҮНЛІК» ЗАРДАБЫ

Ақпанның 28-і күні ресейлік әскерилер Қырымға кіргеннен бастап бұл өңірдің байырғы тұрғындары – татарлар үрейден арылмай келеді. Олардың қорқынышы негізсіз де емес, бастан өткерген тарихы оларға сабақ болған.

Ересектер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде татарларды депортация жасаған Бақшасарайдағы "Хан Чайыр" мешітіне жұма намазға бара жатқан адам. 7 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бақшасарайдағы "Хан Чайыр" мешітіне жұма намазға бара жатқан адам. 7 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеудің жәбірін ұмытқан жоқ. Оны татарлар «Сүргүнлік» (сүргіншілік, қуғын-сүргін) деп атайды.

Совет басшысы Иосиф Сталин мен советтік құпия полицияның жетекшісі Лаврентий Берияның бұйрығымен 200 мыңнан астам қырым татары 1944 жылы мал тиейтін пойызға мінгізіліп, жер аударылды. Олар Совет одағының басқа бөлігіне, көбі Өзбекстан мен Сібірге айдалған. Сол кезде советтік Қызыл армияның құрамында соғысып жүрген татарлар майданнан қайтарылып, Сібір мен Оралдағы еңбекпен түзету лагерлеріне жіберілді.

Бұл оқиға Нұрияның есінен шыққан жоқ. Оның ата-анасы – Өзбекстанның Ферғана алқабына айдалған адамдар. Нұрия сол жерде өмірге келді. Күштеп жер аудару кезінде ондаған мың қырым татары аштық пен шөлден қаза болды. Жер аудару кесірінен кезде мерт болғандардың жартысына жуығы – 100 мыңнан астам адам 1946 жылдың соңына дейін көз жұмған.

Қазір қырым татарлары белсенділері «Сүргүнлікті» бүкіл әлем геноцид ретінде мойындасын деген ұсыныс айтып жүр.

Нұрия мен басқа да татарлар 1980 жылдардың соңында ғана тарихи отанына оралуға рұқсат алды. Ол кезде Нұрияның ата-анасы Өзбекстанда дүние салған болатын. 1500 жылдары Қырым татарларының хандығы болған тарихи мекені Бақшасарайға оралған Нұрия 1944 жылы депортация кезінде босаған үйлеріне орыстардың қоныстанып алғанын көреді.

«РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУҒА ҚАРСЫМЫЗ»

1991 жылы Совет Одағы құлаған соң отанына оралған мыңдаған татар отбасын қоныстандыру үшін Бақшасарайда «Алтыншы аудан» салынды. Бұл ауданда тек қырым татарлары тұрады.

Орыс тілді бұзақылар татар үйлеріне белгі салып кеткен соң, 5 наурыз күні «Алтыншы ауданда» тұратын бір татар отбасына бетперде киген, қарулы екі ер Белгісіз біреулер Алушта маңындағы Туак ауылындағы қырым татарларының көліктерін өртеп кетті. 8 наурыз 2014 жыл.

Белгісіз біреулер Алушта маңындағы Туак ауылындағы қырым татарларының көліктерін өртеп кетті. 8 наурыз 2014 жыл.

адам шабуыл жасады. Үй иесі, 50 жастағы Сүйіннің Азаттыққа айтуынша, «таза орысша» сөйлеген қылмыскерлер үйін ойрандап, мүліктерін қиратқан, бірақ ештеңе ұрламаған. Олар кетер алдында Сүйін мен әйеліне қару кезеп қорқытқан.

Келесі күні Қырым парламенті Ресейге қосылу үшін дауыс беріп, референдум өткізу туралы шешім қабылдаған соң татарлардың қорқынышы күшейе түсті. Олар Шығыс Украиналық нөмір таққан автокөліктің үйлерін суретке түсіріп жүргенін байқады.

«Алтыншы ауданның» енді бір тұрғыны, ата-анасы 1944 жылы Бақшасарайдан Өзбекстанға жер аударылған Сәруар қырым татарларының ешқашан Ресейге қосылуға келіспейтінін, 16 наурызда өтетін референдум нәтижесін мойындамайтындарын айтады.

«Олар бізді бір рет депортациялады. Шешендерді де жер аударып жіберді. Бақшасарай тұрғыны Сәруар.

Бақшасарай тұрғыны Сәруар.

Оларға сенбейміз. Бізге Украина шамасы келгенше көмектесті» дейді Сәруар.

«Сүргүнліктен» аман қалғандардың тағы бір ұрпағы Жақып та Сәруардың пікіріне қосылады.

«Біз Ресейдің құрамына кіргіміз келмейді. Ол – полицей мемлекет. Жаңа Қырым үкіметі мен парламенті тек әскери күшке жүгінеді. Олар шешім қабылдағанда ешкіммен ақылдаспайды» дейді Жақып.

Татарлар әзірге Қырымнан жаппай кетіп жатқан жоқ. Тек жүздеген адам Батыс Украина мен визасыз өтуге болатын Түркияға аттанды. Ал Бақшасарайдағы татар қауымдастығы қарулы ресейшіл күштерді бақылау үшін күзет ұйымдастырды. Олардың пікірінше, орыс тілділер татарларды аймақты тастап қашуға мәжбүрлемек немесе шабуыл жасауға арандатып, ресейлік әскердің басқыншылығын ақтап алмақ.

Рон Синовиц, Дилевер Осман және Нейл Хиссамиевтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG