Accessibility links

Мэлс Тайжанов: «Қырым қазақтары оккупацияны қаламайды»


Қырымдағы «Бірлік» республикалық қазақтар қоғамының төрағасы Мэлс Тайжанов

Қырымдағы «Бірлік» республикалық қазақтар қоғамының төрағасы Мэлс Тайжанов

Қырымдағы «Бірлік» республикалық қазақтар қоғамының төрағасы Мэлс Тайжанов Азаттыққа берген сұхбатында көпұлтты аймақтың қазіргі жағдайын айтты.

Қырым өңірдің «Ресеймен бірігуін» мақсат ететін референдумға дайындалып жатыр. Украина билігі мен Батыс елдері бұл референдумды "Мәскеудің нұсқауымен жасалып отырған заңсыз акция" деп санайды. Қырымдағы жағдайды Азаттыққа жергілікті «Бірлік» республикалық қазақтар қоғамының төрағасы Мэлс Тайжанов баяндап берді.

«БӘРІН ҚАРУ ШЕШІП ЖАТЫР»

Азаттық: – Тайжанов мырза, Қырымдағы қазіргі ахуал қандай?

Мэлс Тайжанов: – Бізде бәрі қоршалған. Ұшақтар тек Мәскеуге ғана ұшады, Түркияға, Украинаға ұшу мүмкін емес. Киев жаққа пойыз жүрмейді. Бізде әскери бөлімдер онша үлкен емес, онда негізінен қызметшілер ғана бар. Жалғыз ірі әскери бөлім – жағалаудағы артиллерия мен теңіз әскері. Оларды ресейлік әскерлер бөгеп тастаған.

Путин ол әскер өзінікі екенін жоққа шығарып, «Қырымның өзін-өзі қорғау жасағы» дейді. 30 мыңнан астам әскер кіргізді. Арнайы айырым белгілері жоқ, Қырымдықтар әскери көліктер тұрған көшеде келе жатыр. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

Қырымдықтар әскери көліктер тұрған көшеде келе жатыр. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

ресейлік оқалары жоқ. Кейде байқалып қалады. Ресейдің оқасын таққан полковниктер жүреді. Бірақ көбінесе солдаттар тұрады. Күні-түні тұрады. Қарындары аш. Біздің парламент оккупацияланған. Бәрін автомат пен пулемет шешіп жатыр. Олар ішкі аулада. Құдайға тәуба, әзірше ешкім атып жатқан жоқ, бізге кедергі келтіріп жатқан жоқ. Үйге қонақ келгенде ештеңе істей алмай қалған адам сияқтымыз.

Алғашқы апта қиын болды. Жоғарғы кеңеске, министрлер кеңесіне апаратын көшелер түгел жабылып қалды. Қазір біздегілер «жат планеталықтар» деп атайтын жасыл адамдар (бәрі айырым белгісі жоқ жасыл киім киген) министрлер кеңесіне кіріп алған. Олар сонда отырады. Көше бос, көлік жүріп жатыр.

Украинаға баратын газ құбырымызға мина құрып тастаған. Окоп қазып, «Град» деген қаруды Украинаға қаратып орнатып қойды. Түбекте отырған біз материкпен Чонгар және Армян мойнағы арқылы хабарласып тұрамыз. Құрлыққа басқаша жету мүмкін емес, олар бәрін жауып тастаған.

Азаттық: – Оқиғаны жергілікті ақпарат құралдары қалай сипаттап жатыр?

Мэлс Тайжанов: – Ресей Украина телеарналарының бәрін көрсетпей қойды. Қырымда казак киімін киіп жүрген адам. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

Қырымда казак киімін киіп жүрген адам. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

Бір апта бұрын кез келген адам антенна арқылы көретін телеарналарды үзіп тастады. Екі күн бұрын Украинаның Т2 деген сандық телеарнасын үзді. Ол 32 арнаның хабарын тарататын. Украина телеарналарының сигналына тосқауыл қойып тастады. Ыңғайға көнетін жергілікті телеарна ғана қалды. Кабельдік арнаны үзген жоқ. Интернет бар. Сірә, оған да жететін шығар. Ешкім білмейді.

Цензураға қарсы шығып жатқан жалғыз ақпарат құралы – қырым татарларының ATR телеарнасы. Бұрын ол қырым татары тілінде хабар тарататын. Қазір Қырымда не болып жатқанын жұртқа жеткізу үшін орысша да көп хабар береді. Олар оқиғаны сол қалпында баяндайды. Ал Ресей телеарналары сыңаржақ сипаттайды.

РЕФЕРЕНДУМ ЖӘНЕ ҚЫРЫМ ТАҒДЫРЫ

Азаттық: – Наурыздың 16-сы күні өтеді деп жоспарланған референдумға қатысасыз ба?

Мэлс Тайжанов: – Жоқ, қатыспаймын. Қазір келіссөздер жүріп жатыр ғой, мүмкін, референдум болмайтын да шығар. Кім білсін. Севастопольді қосқанда Қырым халқын референдумға шақырған билборд іліп жатқан адам. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

Қырым халқын референдумға шақырған билборд іліп жатқан адам. Симферополь, 12 наурыз 2014 жыл.

дауыс беретіндер саны – 1 миллион 800 мың адам. Ал олар қазірдің өзінде 2 миллион 200 мың бюллетень дайындап қойыпты. Бірақ жұрттың көбі бойкот жариялап, референдумға бармайды. Меніңше, мұның пайдасы жоқ. Өйткені мөр басылған хаттамалар комиссияда дайын жатыр. «Путиндік хунтаның» ығына жығылған адамдар «Ресейге қосылуды жақтап дауыс бергендер 74 пайыз болады» деген уәде беріп те қойды.

Қазір үгіт қызып тұр. Кубаннан казактарды қаптатып жіберді. Халық толып жүр. Олардың кімдер екенін білмейміз.

Экономикалық тұрғыдан алғанда біз Украинаға тәуелдіміз. Газды да, егістік алқаптарын суаратын суды да Украинадан аламыз. Өзімізде бар ауыз судың өзі шектеулі. Электр жарығы, газ, кеме, отын жағынан да тәуелдіміз. Соляркасы, бензині жоқ шаруалар мына жағдайдан қалай шығатынын білмеймін. Егін егетін кез де келіп қалды, жаздық астықты себу керек. Курорт маусымы да бұзылды. Мұның бәрін қайдан алатынымызды білмеймін.
Ресей бес жыл сайын әлдебір «шара» өткізуді әдетке айналдырып алды.

Азаттық: – Украина мен Қырымға қатысты Ресейдің мұндай әрекеттерінен кейін жағдай қалай өрбиді деп ойлайсыз?

Мэлс Тайжанов: – Ресей бес жыл сайын әлдебір «шара» өткізуді әдетке айналдырып алды. Осыдан бес жыл бұрын Грузия мен Абхазияда осындай «шара» өткізіп еді. Енді, міне, Украина.

Егер олар Қырым парламентіне жоламаса, қарулы солдаттар жүрмесе, парламент мұндай шешімді ешқашан қабылдамас еді. Бәрін бейбіт жолмен шешер еді. Қырымның дотациялық аймақ екенін жақсы түсінеміз. Жалғыз курортпен ғана тіршілік ете алмаймыз ғой.

Мына жағдай реттеліп, Қырым Украинаның құрамында қалса екен дейміз. Бүгінге дейін болған жайттарға, Виктор Януковичтің (Украинаның биліктен шеттетілген экс-президенті - ред.) өз адамдарымен бірге істеген былықтарына төзу мүмкін емес еді. Бұл – менің жеке пікірім.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге көп рахмет.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG